Тақырыбы: Техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар


Байытылған нанның, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



бет2/2
Дата06.03.2023
өлшемі3.42 Mb.
#470472
түріНұсқаулар
1   2
Техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар

Байытылған нанның, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде адамдардың денсаулығына зиянды әсер етпейтін мөлшерде амин қышқылдарымен, витаминдермен, микроэлементтермен байытылған шикізатты қолдануға жол беріледі.
Байыту өнімдердің тұтынушылық қасиеттерін нашарлатпауға, олардың құрамында бар басқа тағамдық заттардың құрамы мен сіңімділігін азайтпауға және (немесе) олардың қауіпсіздігіне әсер етпеуге тиіс.
Нанға, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерге қосылатын витаминдер мен минералдық заттардың мөлшері өнімнің сақталу мерзімі ішінде байытылған өнімде сақталуға тиіс.
Қосылған витаминдер мен микроэлементтер көрсетіле отырып, байыту туралы ақпарат халықтың жекелеген топтары үшін қолдану жөніндегі ұсынымдар мен ескертпе жазулар бар өнімнің таңбасында көрсетілуге тиіс.
Шикізатты өндіру және дайындау процесіне қойылатын талаптар
Барлық келіп түсетін шикізаттар, қосалқы және ыдыстарды орау материалдары тамақ өнімдеріне, оларды орауға арналған техникалық регламенттердің және олармен үйлестірілген стандарттардың талаптарына жауап беруі және олардың қауіпсіздігін куәландыратын тиісті құжаттары (сәйкестік сертификаты, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы) болуы тиіс. Шикізатты, қосалқы және ыдыстарды орау материалдарды беруші олардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беруге тиіс.
Шикізаттың, қосалқы және ыдыстарды орау материалдарының, нан пісіру және кондитерлік өндірістің дайын өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды өндіруші осы Техникалық регламенттің, өнімдік нақты атауға арналған нормативтік және техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Шикізатты өндіруге дайындау жекелеген дайындау бөлімшесінде жүргізілуі тиіс.
Сақтау және тасымалдау кезінде нанның, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Дайын өнім арнайы үй-жайлар мен вагонеткалардағы қоймаларда, контейнерлерде немесе штабельдерде олардың арасында өтетін жолды сақтай отырып сақталуға тиіс. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерді сақтау тәсілдері мен шарттары оларға зиянды және ластаушы заттар мен бөтен нәрселердің еніп кетуіне жол бермеуге тиіс. Қоймаларда тағамдық емес тауарлар мен заттарды (желімді, ыдыстарды, әртүрлі химикаттарды) сақтауға тыйым салынады.
Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдерді және оларды өндіруге арналған шикізатты сақтауға арналған үй-жайлар:
1) таза, құрғақ, жақсы желдетілген, зиянкестермен залалданбаған, салыстырмалы ауа ылғалдылығы жетпіс бес пайыздан аспайтын атмосфералық жауын-шашыннан қорғалған;
2) оларға кеміргіштердің, құстар мен жәндіктердің енуінен қорғалған;
3) салмағын, температурасын, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы, уақытын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандырылған болуға тиіс. Мониторингтің деректерін шығарылған өнімнің жарамдылық/сақтау мерзімі ішінде сақтау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет