Тақырыбы: Тыныс алу органдары орта жастағы адамдарда



бет1/4
Дата03.03.2023
өлшемі33.05 Kb.
#470319
  1   2   3   4
герентология лекция №4


Тақырыбы: Тыныс алу органдары орта жастағы адамдарда

Мазмұны:


КІРІСПЕ...................................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......................................................................................................................4

  • Тыныс алу жүйесіндегі анатомиялық морфологиялық өзгерістер...........................4

  • Өкпенің желдету функциясы.......................................................................................5

  • Орта жастағы және қарт адамдарда ең жиі кездесетін тыныс алу органдарының аурулары........................................................................................................................6

  • Егде жастағы адамдарда тыныс алу аурулары себептері...................................7

  • Егде жастағы адамдарда тыныс алу органдарының ауруларының белгілері..8

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................................................8 ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................9

Кіріспе:
ЕКЖ (егде және қарт жастағы) адамдар арасындағы, тыныс алу жүйесінің аурулары (ТАЖА) ерекше топты құрайды, және еңбек жарамсыздығы мен өлімге алып келетін себептердің арасында орны бөлек. Өкпе, трахеобронхиалды ағаш және өкпенің қантамырларының жасқа байланысты ерекшеліктері де басты рольдердің бірінде.
Өзгерістер, кеуде торының сүйек-бұлшықеті, ауа өткізгіш жолдар мен өкпе паренхимасына қатысты. Бронхөкпе жүйесінің жастық ерекшеліктері:
-жас ұлғая, қартая келе бронх-өкпелік жүйе әртүрлі морфологиялық және функционалды өзгерістерге ұшырайды, ол кеуде торы, ауа-мұрын жолы, өкпе паренхимасы, кіші қан айналым жүйесінің бұзылыстарымен көрінеді, "сенильді өкпе" түсінігі пайда болады;
-ЕКЖ адамдарда бронх-өкпелік жүйенің инволюциялық, морфофункционалдық, әлеуметтік, нерв-психикалық ерекшеліктері кездеседі;
-эластикалық талшықтардағы инволютивті үрдістер, кірпікшелі эпителийдің атрофиясы, шырыштың қоюлануы мен секрецияның төмендеуімен жүретін безді эпителий жасушаларының дистрофиясы, бұлшықет қабатының атрофиясы салдарынан бронх перистальтикасының нашарлауы, жөтелу рефлексінің төмендеуі бронхтардың физиологиялық дренаждануы мен өзіндік тазалануының төмендеуіне алып келеді;
-осының бәрі микроциркуляцияның өзгерістерімен қоса бронхөкпелік жүйенің созылмалы қабынулық ауруларына алып келеді;
- өкпенің вентиляциясы мен газ алмасуының төмендеуі, және вентиляционды-перфузионды дискоординация, яғни жоғары вентиляцияланатын бірақ перфузирленбейтін альвеолалардың көбеюі, тыныс жеткіліксіздігінің күшеюіне алып келеді;
- бронх перистальтикасының төмендеуі және дренажды функциясының бұзылуы;
- альвеола қабырғасы жұқарады, жыртылуы мүмкін, альвеолалардың өлшемі мен көлемі үлкейеді, сол тыныс алу бетінің төмендеуіне алып келеді;
-өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) төмендейді; қалдық көлем жоғарылайды;
-артериалды гипоксемия дамиды;
-тыныс регуляциясының әлсіздігі пайда болады; тыныс аритмиясының жоғарылауы байқалады;
-жөтелу рефлексі төмендейді.
Негізгі бөлім


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет