Тақырыбы: Тұлға – саналы таңдау және өзін-өзі анықтау субъектісі ретінде. Жеке тұлға дамуы туралы теориялар


Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы



бет2/16
Дата05.12.2022
өлшемі58.82 Kb.
#466558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Тұлға саналы таңдау және өзінөзі анықтау субъектісі ретінде.

2. Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы
1.Сана құрылымы.
2.Сана функциялары.
3.Сана мен бейсаналының арақатынасы.
Адамзат қоғамы мен адамның арнаулы сипаттамасы, сапасы бар, олар өзінің меншікті заңы арқылы дамиды. Сана және еңбек адамзат қоғамының арнаулы сапасы, оның аң, жануар әлеміне мүлде ұқсамайтын ерекше сапасын анықтайды. Аңдарда да еңбек ету көріністері байқалады. Мәселен, олар өзіне ұя немесе балаларына тікелей қажет болғанда ғана жсайды. Адам болса, әртүрлі дүниелерді дене күшінің еркінен тыс, саналы түрде орындайды.
Сана  - адамды аңдардан ажырататын аса маңызды элемент. Адам жасаған ісінің басым көпшілігін саналы түрде істейді, яғни өзінің іс-әрекеті арқылы алдын – ала қойылған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады. Дегенмен де адамдар кейбір іс- әрекеттерді санаға сіңіріп жатпай –ақ инстинкті түрде іске асырады. Аңдардың іс - әрекеті барлық уақытта санасыз және инстинкті болады. Ең олақ шебердің өзі жануарларға қарағанда қолға алған ісін әлдеқайда жақсы атқарады. Сондықтан да адамның санасында өзі жасайтын заттың идеалдық бейнесі болады, яғни бұл өндіріс процесінің сол процесті таратудағы түпкілікті нәтижесі деп айтуымыз керек.
Дегенмен аңдардың іс - әрекетінде ешқандай сананың элементі болмайды деп айту да қате ұғым. Аңдарда да сананың есте сақтайтын элементі бар. Аңдардың барлық әрекеті биологиялық инстинкт арқылы іске асырылатындықтан олардың іс - әрекеті сана арқылы шарттандырылмаған.
Адамдық сана, мақсаттылық сипат еңбек құралын жасау процесінде көрінеді. Ойшылдар: « Адамдарды аңдардан санасына, дініне қарай ажыратуға болады. Олар өздерін аңдардан өмірге қажетті құралды жасай бастауымен –ақ ажыратылады», - деген болатын. Адам табиғатты өзгерте отырып, соған орай өзіңде өзгертеді. Оның ішінде еңбектің нәтижесінде, ең алдымен еңбек құралын жасау арқылы адам және қоғам қалыатасады, соның арқасында адам санасы қалыптасады.
Адам қоғамы мен аңдар қауымдастығының арасындағы айырмашылық сонымен қатар адам еңбегінің және өндіріс қатынасынын саналы көрінісі арқылы сипатталады. Бір нәрсені өндіру үшін адамдар белгілі бір байланысқа және қатынасқа енеді, тек сол қоғамдық қатынастың және байланыстың көлемінде ғана олардың табиғатқа қатынасы өмір сүреді, өндірістің орны болады.
Адамдар өндіріс процесінде толық қатынастар жүйесін құрып, жасайды, соны қалыптастырады. Аңдарда еңбек бөлінісінің тек қана белгілі элементі және әлеуметтік ұйымның қайсібір бастамасы ғана болады. Мысалыға ара мен құмырысқаның еңбек бөлінісін алуға болады. Оларда биліктің, тәртіптің қайсыбір элементтнрі - өзара қорғаныс, өз ұрпағына деген қамқорлық, т.б. кездеседі. Бірақ бұл элементтерді бәрі де инстинкпен шарттандырылған, олардың сипаты саналы түрде болмайды.
Адамзат қоғамы салыстырмалы түрде тез өзгереді, ал аңдар қауымдастығы болса ұзақ уақыт бойы белгілі өзгеріссіз ұзақ сақталады. Адам әрі биологиялық, әрі қоғамдық мән ретінде өзгереді. Адамзат қоғамында үздіксіз даму сақталады: аға ұрпақ қоғамдық жетістікті өз ұрпағына мұра етіп береді. Абай дүниенің даму заңдылығын мойындаған ұлы ойшыл, ол дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмайды, өзгеріп отырады деп тұжырымдады. Бұл жөнінде ол: «Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды». «Дүние - үлкен көл, заман соққан жел. Алдыңғы толқын – алғаш артқы толқын – інілер, кезекпен өлінер, баяғыдай көрінер» деген болатын. Бүгін пайда болған жетістік, материалдық немесе мәдени игіліктер адамзат қоғамында ертең жаңа ұрпақтың мұралануына етелі ал аңдарда бұл сияқты процесс болмайды. 
Адамзат қоғамы мен аңдар қауымдастығын ажырататын негізгі сипаттамалар қоғамдағы арнаулы құбылыстың - әлеуметтіктің пайда болып, өмір сүруіне мүмкіндік жасайды, ал ол аңдар қауымдастығында мүлде кездеспейді.
Алайда қоғам мен табиғаттың ерекшелігімен қатар, оның жалпы бір – бірін толықтыратын қасиеттері де бар. Олар биологиялық және инстинктивтік шарттылық. Осылардың нәтижесінде олардың арасында абсалюттік шекара деген болмайды.
Соған қарамастан аңдар қауымдастығы биологиялы құбылыс, адам қоғамы - әлеуметтік құбылыс, бұлар дамудың арнаулы заңға бағынады.
Аристотель адамды «саяси аң» деп ккөрсеткен екен. Сонымен қатар адамда екі бастау бар: олар – аңдық (биологиялық) және саяси (әлеуметтік).
Осы екі бастаудың қайсысы шешуші болып қалыптасқан, міне проблема дәл осында.
Сезім, тәртіп, әрекет секілді көріністердің өмір сүру, қалыптасуын адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік секілді ұғымдардың қайсысы анықтайды және жүзеге асырады дегенге келсек, әрбір адамды өмірде өзінше ерекше, қайталанбайтын құбылыс дегенді мойындай отырып, адамды әр түрлі белгілеріне сәйкес топтастыруға, оларды сипатына (айталық жынысы, жасы), биологиялығына қарай және екіншіден, әлеуметтік жағынан, ал қайсы біреулерін биологиялық пен әлеуметтіліктің өзара әсері арқылы анықтауға болады.
Аданың ең басты сапасы – оның санасы, ақылы, осы сапалар арқылы адам басқа тіршілік иелерінен түбегейлі түрде ажыратылатынын атап айтуымыз керек. Адам санасы өзгермей қалмайды, ол білім деңгейі және тәрбие арқылы өзгеріске ұшырайды. Егер оған жаман әдетті, дағдыны, идеяны немесе ойды таңса, онда ол ашушаң, жаман адам болады да, ал әділеттілікке тәрбиелесе ол жақсы, әділ адам болып шығады. Басқа сөзбен айтқанда қоғам арасында кең тараған немесе үстем идея қандай болса, адамдар да соған бейімделе жетіледі. Қазір егемен еліміздің қоғамындағы басты идея – достық, өзара татулық. Сондықтан да біздер ол идеяны жақтаймыз, мойындаймыз, бірлік, тұрақтылық үшін күресіп келеміз және соған жетуге ұмтыла береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет