Тақырыбы: Тұлға – саналы таңдау және өзін-өзі анықтау субъектісі ретінде. Жеке тұлға дамуы туралы теориялар



бет6/16
Дата05.12.2022
өлшемі58.82 Kb.
#466558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Тұлға саналы таңдау және өзінөзі анықтау субъектісі ретінде.

Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделерімен, ұмтылыстарымен, бағдарларымен, сенімімен, дүниеге көзқарасымен, өзі туралы түсінігімен, қоғамға көзқарасымен анықталады. Белсенділіктің бұл түпкі негіздері құндылықтар деп аталады. Мұндай құндылықтар өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі орнықтыру, өзін көрсету, белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру, өмірлік мұраттар мен үлгілер болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, мотивация барлық іс-әрекетке негіз болатын, табысты болуды қамтамасыз ететін түрткі себептер жүйесі.
5. Қабілет. Іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік
Қабілет анықтамасы
Қабілет түрлері
Адамның қабілеті жалпы және арнайы, тәжірибелік және жоғары теориялық шығармашылық қабілеттер деп бөлінеді. Шығармашылық қабілет тілмен, сөйлеумен, теориялық және логикалық ойменен, теориялық және тәжірибелік инттеллектпен байланысты. Осы қасиеттерді зерттеу және дамыту жолдарын анықтау ғалымдарды ежелден қызықтыруда. Ежелгі грек философы Пифагор еңбектерінде адамның дарындылығы мен қабілетін анықтау формуласын жасаған. Ол адамның қабілеттілігін жан дүниесінің ерекше қасиеті деп біліп, қабілітті адам барлық іс-әрекет түрлерін тез үйреніп сапалы орындайтыны осы қасиеттің негізгі көрсеткіші деген. Қабілеттілікті ежелгі зерттеушілердің барлығы табиғи, ата текке байланысты тұқымқуалаушылық қасиеттерге жатқызған.
Қабілеттің тек тұқымқуалаушылық қасиет деп түсіндіруді ең бірінші болып сынағандар ағылшын ғалымы Дж.Локк және француз материалистері. Олардың айтуынша жеке тұлға ерекшеліктері тек қана қоршаған әлеуметтік ортаның жағдайларына байланысты, сондықтан баланы жастайынан оқытып, тәрбиелесе олардың барлық адамдық іс-әрекет түрлеріне ерекше қабілеттілік көрсетуге шамасы келеді, сондықтан тәлім-тәрбие баршаға бірдей болу керек деген.
Барлық психологиялық зерттеулерде қабілеттілікті адамның көптеген жеке даралық ерекшеліктерін анықтайтын қасиет деп көрсеткен. Сонымен қатар қабілеттілікке берілген анықтамалардың саны көп. Оларды жүйеге келтіріп талдау үшін келесі анықтамаларға тоқтап өту қажет:
1 – қабілеттілік – жеке адам психикалық процестері мен жағдайларының ерекшеліктерін көрсететін қасиет (жанының).
2 – қабілеттілік дегеніміз – арнайы және жалпы білімді өте жоғары деңгейде меңгеру нәтижесімен байланысты адамның көптеген іс әрекеттерге икем болып шеберліктің тез қалыптасуы. 
3 – қабілеттілік дегеніміз адамның іс-әрекетті тез меңгеріп оны сапалы орындауы.
Қазіргі кезде қабілетті зерттегенде ерекше көңіл аударылатын мәселе шығармашылық қабілет болып отыр және бұл мәселе психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан келе жатқан құпия қасиет деген пікір қалыптасқан. Құпияның сырын ашу кілтін табу философия, психология, педагогика ғылымдарының бір міндеті болып табылады. Ол қасиетті әр саладағы зерттеу жүргізетін ғалымдар түрліше түсіндіреді. Шығармашылық қабілет – адамның әлі ешкім білмейтін жаңа бір бейнені өз бетінше құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ендіру арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Ал, бүгінгі күрделі жануралар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш мектептің алар орны ерекше. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден– ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, әл-Фараби, Абай Құнанбаевты ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінде шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын.
Шығармашылықтың психологиясы табиғаты туралы зерттеулерді жүргізгіндер Р.Солсо, С.Л.Рубинштейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров бұл қасиеттің адамның жалпы және арнайы қабілеттерімен тікелей байланысты дамитынын дәлелдеген. Жалпы және арнайы қабілеттердің психофизиологиялық негіздерін зерттеген Б.М.Теплов өз еңбектерінде қабілеттің анықтамасын беріп оның жалпы және жеке даралық өзгешеліктерін көрсеткен. Қабілетті дамыту психологиясын зерттеушілер Н.С.Лейтес, Д.С.Брунер зерттеулерінде қабілеттілік тәрбиеленетін қасиет екенін дәлелдеп, оны дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізген.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Дж.Гильфорд, Ж.Пиаже еңбектерінде оқушылардың таным процесінде болатын күрделі өзгерістерге негіз болатын сыртқы және ішкі факторларды талдай отырып олардың шығармашылығының дамуы іс-әрекеттен туындайтынын көрсетті, мұның арқасында заттық әрекеттер адамның санасы мен ойлауында бейнеленетінін көрсеткен. Тиісті міндеттерді орындаған кезде бұйымды бөлу, бөлшектеу, ажырату жөніндегі заттық іс-әрекет «ойдағы жүйке моделіне» айналып, ол модель біртіндеп іс-әрекетпен алмастырылады. Заттық іс-әрекет интериоризация процесінде ойша талдау процесіне айналады. Сондықтан іс-әрекет тек сырттан анықталған міндеттер және объективті мәліметтермен ғана шектелмейді, сонымен бірге ішкі, жеке негіздермен, яғни әуестену мен бағдарлар формасындағы қажеттіліктермен де анықталады. Сонымен қатар ішкі бағдарлардың дұрыс құрылуы ойлауды дамытудың шарттарының бірі болып табылады. Осы «жүйке моделі» бұрынғы тәжірибеде болғанның елесімен байланысты, дегенмен тіптен жаңа формада болуы мүмкін. М.А.Холоднаяның айтуынша осындай көріністегі ойлау және іс-әрекет шығармашылық қабілеттің көрінісі болып табылады. Шығармашылықты зерттеген ғалымдар анықтамасын жасап, оның дамуына әсерін тигізетін факторларды анықтады.
Шығармашылық жаңа материалдық, немесе рухани құндылыктарды, айырықша қоғамдық құндылықтарды жасайтын адамдар ұжымының немесе жеке адамның іс-әрекеті. Э.Штерн білікті мамандарды немесе өз саласындағы шеберлерді зерттеу нәтижесінде олардың көпшілігі интеллектінің салыстырмалы орташа деңгейінің 120 шамасында болғаны туралы фактіні атап көрсетеді. Сондықтан ол IQ көрсеткіштерінің «шегі» туралы болжам жасады. Көптеген адамдарды зерттеу нәтижесінде интеллекті жоғары болғандардың жетістіктері өз табиғаты бойынша когнитивті емес басқа да факторлармен (табандылық, қызығушылық, ата-ананың қолдауы т.б.) байланысты екенін анықтады.
Шығармашылық даму факторларына қатысты аса маңызда жайттың бірі - интеллектілік табыстылыққа жетуде ерекше рөл атқаратын білімдер және тиісті салада мамандануға бағытталған ауқымында тәжірибе мен оқытудың нәтижесі болып табылады. Мысалы, шахматта, сәулет өнерінде, физика саласындағы ғылыми жұмыста т.б. салада жеке тұлғаның жеткілікті шамада саналы түрде мақсатқа бағытталған практикасы болып табылады. Сонымен қатар шығармашылық дамуға негіз болатын нәрселер, біріншіден, тұлғадан өзінің жеке мүмкіндіктерін жетілдірумен байланысты еріктік күш-жігерді, күш жұмсау мен уақыт шығынын талап етеді. Екіншіден, бұл зерттеулер интеллектілі дарындылықтың кейбір механизмдерін түсінуге мүмкіндік беретін ерекше түрде ұйымдасқан ұғымдық тәжірибенің жеткілікті мөлшерде жинақталуымен, тәжірибенің әр түрлі компоненттері қалыптасуымен байланысты.
Адамның қабілеті жалпы және арнайы, тәжірибелік және жоғары теориялық шығармашылық қабілеттер деп бөлінеді. Шығармашылық қабілет тілмен, сөйлеумен, теориялық және логикалық ойменен, теориялық және тәжірибелік инттеллектпен байланысты. Осы қасиеттерді зерттеу және дамыту жолдарын анықтау ғалымдарды ежелден қызықтыруда. Ежелгі грек философы Пифагор еңбектерінде адамның дарындылығы мен қабілетін анықтау формуласын жасаған. Қабілеттілікті жан-жақты зерттеген В.М.Теплов берген анықтама бойынша қабілеттілік дегеніміз жалпы және арнайы білім деңгейі. В.М.Теплов қабілеттілікті зерттеу негізінде жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері қойылған. Олар туа біте көрініс беретін тұрақты қасиеттерге жатады. Олар:
а) жүйке қызметінің күші – ұзақ уақыт қарқында жүретін, жиі қайталанатын жүктемені көтере алуы;
б) жүйке жүйесінің тежелуге қарсы тұруы (тітіркендіргіштің ұзақ уақыт ішінде жиі тигізетін әсерін көтере алатындығы).
В.М.Тепловтың айтуы бойынша қабілеттілік деген ұғым үш құрамды бөліктен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет