Тұлғааралық байланыстар- жақсы көру, достық, махаббат- жағымды жəне жеккөрушілік, жауласу - жағымсыз байланыстар түрінде болады.
Іскерлік байланыстардың өзі екі топқа бөлінеді: оң жəне теріс. Оң байланыстарға серіктестік пен ынтымақтастық, ал теріс байланыстарға- бəсекелестік пен бақталастық жатады. Тұлғааралық жəне іскерлік байланыстар шынайы өмірде бір-бірімен тығыз байланысты, мысалы бір-бірін жек көретін адамдар арасында жақсы іскерлік серіктестік байланыстардың орнығуы мүмкін емес. Сондықтан адамдың қасиеттерді сақтай отырып, педагогикалық қызмет үрдісін іскерлік байланыстармен толықтыру қажет, сонда ғана тұлғараалық байланыстар жақсы арнада дамитын болады.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |