Тақырыбы: Топырақ ылғалдылығы. Топырақтың негізгі физикалық қасиеттері. Топырақ классификациясы, номенклатурасы мен диагностикасы



бет2/4
Дата09.12.2022
өлшемі90.61 Kb.
#466930
1   2   3   4
срс топырактану

Диагностика деп, барлық белтiлер қосындысы нетiзiнде айқындалған топырақтар танылуын айтады. Топырақ диагностикасы үшiн алдымен зерттегенде, немесе жәй талдау жасағанда, оңай байқалатын немесе анықталатын топырақ белгiлерi қолданылады. Бiрақ кейбiр топырақтарды тану үшiн бұл белгiлер жеткiлiксiз. Мұндай жағдайда күрделi талдаулар нәтижелерi (сiңiрiлген негiздер құрамы, гумус құрамы, топырақтың және оның тозаңды фракциясының жалпы химиялық құрамы ж. т. б.), ал кейде топырақтың су-жылулык құбылымдарын сипаттайтын материалдар да керек болады. Соңғысы жекетопырақ типтерi мен типшелер анықтағанда ерекше маңызды.
Егiншiлiктен озгерген топырақтарға диагностикалық сипаттама бергенде сыртқы-тектiк мәлiметтерден басқа агрохимиялық және агрофизикалық талдаулар нәтижелерi мен көпжылдық орта өнiм мәлiметтерiн де пайдаланады.
ТМД елдерiнiң топырақтарын жiктеу жұмыстарын мүнан әрi жетiлдiру олардың құрылымын кескiндi-тектiк жағынан тереңдету негiзiнде жүргiзiлiп келедi. Мұнда отандык, жiктеудiң принциптiк негiздерi сақталады, яғни топыраққұралу процесiнен генезис пайда болған қасиеттерiне байланысты жiктеледi. Топырақ кескiнiңiң құрылысы негiзiнде болу, оларды жеке обúект ретiнде жiктеуге мүмкiншiлiк бередi. Жасалып жатқан жаңа жiктеу жүйесiнде жоғарыда бекiтiлген және қаралған таксондык. бiрiншiлiктер жүйесi толық сақталып, кейбiр анықтамалық өзгерiстер енгiзiлген. Мысалы, негiзгi таксондық бiрiншiлiк ретiнде, топырақ типiн анықтағанда, топыраққұралу процесiне байланысты негiзгi тектiк жиектердi бiр жүйелi және қасиеттерi ортақ жалпы екендiгiне ерекше коңiл аударылады. Типшенi анықтағанда басқа көршi типке ауысуын сипаттайтын тектiк жиектер жүйесiнде сапалы айырмашылық бар екендiгiне ерекше коңiл бөлiнедi. Түрше туралы түсiнiк топырақ кескiнiңiң 2-3 жиек бойынша түйiрлiк құрамын сипаттауды талап етедi. Топырақ дамуының экологиялық жағдайын бағалау үшiн жаңа таксондық бiрiншiлiк категория енгiзiлген. Бұл топырақты су-жылулық құбылымы ерекшелiктерiне байланысты болуге мүмкiншiлiк бередi.
Топырақ классификациясы
Топырақтың пайда болуы, қасиеттерінің қалыптасуымен өзгеруі табиғи ортаның әсерімен тікелей байланысты болғандықтан жер бетінде алуан түрлі топырақтар кездеседі. Біздің Қазақстанның тек қана жазықтық өңірінің өзінде 700-ден аса топырақ түрі бар. Олардың морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері және құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан топырақтардың қасиеттерін, ерекшеліктерін жақсы біліп, түсініп және оларды тиімді пайдалану үшін классификациялау қолданылады.
Топырақтарды классификациялау дегеніміз оларды басты қасиеттеріне және құнарлылығына байланысты топтарға жіктеп бөлу.
Қазақстандағы қабылданған топырақ классификациясы В.В. Докучаевтың экологиялық-генетикалық (географиялық-генетикалық) бағытына негізделген К.Ш. Фаизов, 2001. Бұл классификация топырақтың табиғи және тарихи дене, сонымен бірге өндіріс құралы екенін, оның түзілуінің, құрылысының, құрамының, қасиеттері мен құнарлығының топырақ құраушы факторлардың өзара тығыз байланысының әсерінен қалыптасатынын ескереді. Топырақтың барлық табиғи қасиеттері – генетикалық қабаттары, биологиялық, физикалық-химиялық және басқа қасиеттері де ескерілген. Сондықтан осы классификация қағидалары Қазақстанда кездесетін көп түрлі топырақ жамылғысын жүйелеп топтауға қолайлы болып келеді.
Қазақстан топырақтарын классификациялау жұмыстарын белгілі ғылымдар К.Д. Глинка (1923), Е.В. Лобова (1948), Ө.О. Оспанов (1976), С.И. Соколов, М.А. Глазовская (1948, 1952), А.А. Соколов (1977, 1980, 1987), А. Мамытов (1982) т.б. жүргізді.
«Қазақ Республикасы топырақтары» атты 1960-1983 жылдары басылып шыққан 14 томдық монографияларда және 1981 жылы жарық көрген «Қазақстанның жазықтық жерінің топырақтарының тізімі және диагностикалық белгілері» атты кітапта топырақтанушы ғылымдарымыздың Қазақстан топырақтарының классификациясы және систематикасы саласындағы еңбектері қорытындыланды. Сөйтіп еліміздің топырақтарын классификациялаудың және топырақ номенклатурасының ғылыми негізі орнықты түрде қалыптасты. Елімізде топырақтардың аймақтық таралу заңдылықтары, топырақ жамылғысының ерекшеліктері анықталды.
Топырақтың түзілуімен қасиеттерінің қалыптасуы қоршаған географиялық-экологиялық ортамен тығыз байланысты болып келетіндіктен Қазақстан топырақтарын классификациялаудың негізі экологиялық-генетикалық бағытта құрылған.
Қазақстанның барлық топырақтары аймақтық және интрааймақтық топырақтар топтарына бөлінеді. Олар автоморфты, жартылай гидроморфты және гидроморфты қатарларға жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет