Тақырыбы: Туған өлке экологиясы


Экологиялық мәселерлерді шешудегі адам рөлі



бет4/5
Дата09.04.2024
өлшемі307.36 Kb.
#498064
1   2   3   4   5
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Экологиялық мәселерлерді шешудегі адам рөлі
Бұл өте күрделі мәселі екендігі анық.Менің ойымша ең алдымен ,адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп,дұрыстап,тәрбиелеу қажет.Ол үшін балалар бақшасынан бастап,мектептерде,жоғарғы оқу орындарында,адамдардың табиғатқа,қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп,қалыптастыру керек.Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет.Егер біз,жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен ұтылатынымыз хақ.Әрбір тәрбиеші,мұғалім,маман,басшы экология негіздерін жақсы білуі қажет.Сонда ғана,әрбір адамның миында,қанында,көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады.Адамдар сонда ғана туған жерін оның табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады.Газет-журналдарға мақала жазу,баяндама жасау,теледидардан мәліметтер беру,жазушылармен,ғалымдармен кездесулерді көптеп өткізудің нәтижелері боларына сенімім мол.Адамдардың көзқарасын адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.
Елбасының бірнеше рет атап көрсетіп жүргеніндей ,қоршаған орта көздің қарашығындай сақталуы қажет деп есептеймін.Жаңа өндірістер ашу кезінде бұл мәселе қатаң ескерілуі тиіс.Экономикалық жағынан тиімсіз,экологиялық жағынан залалды орындардың жабылуы немесе шектелуі қажет.Оларға қайта өзгерту жүргізуге,жалпы айтқанда,өндірісті қайта өңдеуге тура келеді.Елбасының «Қазақстан-2030» мемлекеттік даму бағдарламасында мұның бәрі айқын көрсетілген.Елімізде осыған орай үлкен жұмыстар жүргізіліп жатырғандығында жоққа шығара алмаймыз.
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
Жоба тақырыбына байланысты әдебиеттерді зерделеу барысында 2018 жылдың 15 мамыр күні аудандық «Өскен өңір» баспасына жарияланған Г.Әбдіханиқызының жазбасын көзім шалып қалды. «Еңбегі еленген эколог» атты шағын жазбада ауданымыздың экологиясының жақсаруына өз септігін тигізген жан жайлы айтылған екен.
«Жуырда елге еселі еңбегі сіңген, ұзақ жылдар бойы ауылшаруашылығы саласында аянбай еңбек еткен, Шиелі аудандық экология басқармасының басшысы болған, бүгінгі таңда бейнеттің зейнетін көріп отырған кейіпкеріміз Жамалхан Баетов аудандағы «Тарихи-өлкетану музейіне» Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік инспекторы киім үлгісімен біршама сурет, құжаттарын табыстады. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын ойға салып, қабырғасымен кеңесетін қария ауданның экологиясын сақтауда сүбелі үлес қосқан азаматтардың бірегейі. .
Ауданымызда уран өндірісі көп жылдан бері жүріп жатыр. Қоршаған ортаға тигізер ықтимал залалын, әлсіз радиактивті қалдықтар, жерден шыққан, бөлінген қосындылар (500 метр тереңдіктен) пайдаланылған құбырлар мен жер астынан бірге шыққан, сүзгіден қалған қалдықтар, аспаптар залалсыздандырылып, сақталып, тиісті орынға жинақталып болғаннан кейін ол арнайы бөлінген орынға көмілуге тиісті. Аталған жұмыстар ауданнан көп жылдардан бері арнайы контейнерлерге салынып, басқа жердегі орындарға пойызға тиеп алып кететін. .
Алайда, Жамалхан ағайдың айтуынша «2000 жылдары «КАЗАТОМПРОМ» басшылығы сол қалдықтарды аудан аумағында көмуге шешім қабылдаған болатын. Осы мақсатта жер дайындауға кіріскен еді. Оны «Сасқұмы» деп белгілеп, жобасын әзірлеп экологиялық комитетке алып келді. Дегенмен, мен оған түбегейлі қарсы шықтым. Себебі, ол елді мекендерге жақын. Сондықтан, қол қоймадым. Олар қайтадан екінші жобамен келді. Ол, Қаратаудың Дарбаза аймағы еді. Бұл жобаны да жөн деп санамадым. Себебі, бұл жерде де ауыл бар. Жайылым жер, демалатын жер бар. Ең соңында үшінші рет таудың ар жағында Майшыдан әрі Боздөңнің аумағындағы елсіз-сусыз шөл далаға апарып көмуге жоба жасатып алып келді. Сонда барып, бұл жобаға қол қойып, келісім бердік. Бұл жердің арнайы қоршауы, күзетшісі бар. Барлық талапқа сәйкес. Одан кейінгі жылдары, яғни 2004 жылдары «КАЗВЕРНАЛ» деген қиыршықтас өңдейтін мекеме басшылығы тас зауытын саламыз деп жоба әкелді. Ол Шиелінің ортасы, яғни қазіргі Ы.Жақаев паркінің шеті екен. Теміржол желісі бар. Сол жерді пайдаланбақшы. Айналасында үйлер, Шиелінің шаңқай беті. Қаратау беткейден жел соқса, шаң-тозаңды кент ішіне үйіреді. Біз бұған да қарсы шықтық. Содан олар тау беткейіне алып кетті. Мекеменің жұмыс істегені дұрыс дегенімен, жергілікті халықтың хал-жағдайын, денсаулығын да ойлау керекпіз ғой. Келбетті өлкенің экологиясына жанашырлық таныту әрбір азаматтың парызы деп білемін. Әрине, осының бәрі сол кездегі облыстық экология департаментінің басшысы Қуанышқали Шапшаңовпен келісіп, оның кеңесін алып отырып, бірге жұмыс жасағанмыздың арқасы деп білемін» – дейді өз ісінің маманы. .
Елім деген ердің ісін елге насихаттау біздің жұмыс. Еңбек адамының адамгершілік қасиеті мен бітімі бөлек болмысы көпке үлгі боларлық. Ұзақ жылдар ауылшаруашылығы басқармасында жұмыс жасап, колхоз басқарған Ж.Баетов жас ұрпаққа қоршаған ортаны қорғау керектігін түсіндіру қажет дейді. Сол себепті, аудандық тарихи-өлкетану музейіне өз жәдігерін аманаттап, оның тарихын тереңнен түсіндіріп өтті. Қарапайым қалыбынан таңбаған зейнеткер «Маған берілген ауданның «Құрметті азаматы» атағы бұл еңбектеріме емес, ауданның экологиясын сақтауға қосқан үлесім үшін берілді деп білемін» – дейді деген жазба барлығының өз қолымызда екендігін тағы бір дәлелдегендей.
Шын мәнінде туған еліміздің эколгиялық ақуалы қандай екенін көпшілік біле білмейміз.Неге десеңіз,экологиялық ақпаратты игеру үшін экологиялық білім қажет.
Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердің барлық болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы.
Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ-дың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі, адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам- табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет