Бақылау сұрақтары:
1. Тарымен улануы қалай өтеді?
2.Қарамықпен улану кезінде клиникалық белгілері?
3.Сарбасқураймен уланғандағы патогенезі қандай?
4.Кенедәнмен уланғандағы патанатомиялық өзерістер қандай?
5.Сүттегенмен уланған кезде әр малда қалай өтеді?
1 Негізгі әдебиеттер.
1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.
2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.
3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет.
7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.
3 Руководство по клинической токсикологии / под ред. Е.А.Биртанова - 2006
4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.
5 Основы токсикологии / Авт.: П.П.Кукин, Н.Л.Пономарев, К.Р.Таранцева и др. - 2008
№12 Дәріс
Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы
Тақырыбы Жабайы және мәдени алқа тұқымдастарды, басқада екпе өсімдіктерді мал азығы ретінде пайдаланғанда болатын токсикоздар
Жоспары:
1. Соланиннің токсикологиясы
2. Қызылша және басқа құрамында азоты бар өсімдіктер
Мал шаруашылығы саласында кейбір жағдайларда азық ретінде картоп, қарамықша, тары сияқты өсімдіктерді пайдалануға тура келіп, дұрыс дайындамаудан малдар улануы мүмкін. Осы себепті бұл жағдайда токсикоз ретінде қарастыруға болады.
Мысалы: Жүгеріні малға азық ретінде бергенде нитриллгликозидтердің, ал картоппен және жабайы алқа тұқымдастарымен азықтандыруға, олардың құрамындағы соланиннің жинақталуынан улану туады.
Картоптан улану
Вегетациялық белгілі бір фазасында көптеп ерекше зат - гликозид соланин бөледі. Оның ерекше болу себебі гликозидтікте, алкалоидтықта (соланидин) қасиет көрсете алады. Сондықтан ол гликоалколоидтарға жатады. Соланин картоптың (S.Tuberosum), қызанақтың (S.Lukopersicum), баклажанның (S melongena) және тағы басқа да алқа тұқымдастардың құрамында болады.
Соланиннің токсикологиясы. Соланинді 1820 жылы көрнекті ғалым Деффос ашқан. Соланин суық суда және эфирде ерімейді, спиртте және ыстық суда әлсіз ериді, ал 1-2% қышқылда жақсы ериді. Соланин күйдіргіш, ащы дәмді, кристальды түрде болады.
Соланиннің гликозид ретінде қайнату кезінде құрамы бұзылса, ал алколоид соланидин өзгеріссіз қалып, улану белгілерін тудырады. Соланин теріні қабындырып, құрғатады және тітіркендіріп әсер етеді. Соланиннің барлық әсері бүйректің зақымдануына (қатерлі нефрит), гастритке әкеп соқтырады. Сонымен қатар, тыныс алу мүшелері, жүрек-қан тамыр жүйесі зақымдалады.
Құсу процесі тән болғандықтан шошқалар соланиннен көп уланбайды. Қанға түскен солонин сапонин секілді әсер етіп, эритроциттерді гемолиздейді. Нәтижесінде несеп қызыл түстеніп кетеді.
Зертханалық тәжірибеде: қоянға 0,02 г вена арқылы енгізгенде уланса, аз мөлшерін (0,01) жылдам енгізсе өлімге ұшыратады. Ауыз арқылы енгізілген 0,06-0,12 г соланин қоянға өлтіре әсер етсе, итті 0,6 г жіті уландырады. 0,05 г мөлшерін венаға енгізсе, ит өлімге ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |