Тақырыбы Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алоидтар бар өсімдіктер. Жоспары



бет14/32
Дата15.05.2024
өлшемі73.47 Kb.
#501179
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Лекция(8-15) Токсикология

Шошқа. Бұл жануарлар сүттегеннен уланған кезде алғашында безгектегідей белгілер байқалып, масасызданады және ірі қарадағыдай гастроэнтерит белгілері байқалады.
Жылқы. Сүттігеннен уланғанда масасыздану тәбетінің төмендеуі және айқын гастроэнтерит байқалады. Уланғанда асқорыту жолдары зақымданады,гастроэнтериттің, көбіне геморагиялық түрі ұшырасады.
Балау. Жануарлардың сүттігенмен улануын сырт белгілеріне қарап айыру қиын, себебі мұндай белгілер этиологиясы басқа аурулар кезінде де көрінеді.
Емі. Жіті түрінде ең алдымен жүрек жұмысын қалпына келтіру керек, қарының ішіндегі азықты сыртқа шығарып. Кілегей қайнатпалар беру керек. Көп мөлшерде сүт, қою кофе және түймедақ шайын берсе, көмектесуі мүмкін. Азық қорыту жолдында геморагиялық зақымдаулар ауқымды болса, емдеу аз нәтиже береді.
Патанатомиялық өзгерістер. Ішектің кілегейлі қабығы ұзына бойлы катаральді қабынған қан ұюлар байқалады. Бауыры зақымдалады. Жүрек еті босаңсыған.
Алдын алу шаралары. Сүттігеннің кең таралғандығын және әр түрлігін ескере отырып, оған сәйкес агротехникалық шаралар жүргізу керек.
Ол жұмыстар жайылымдардағы арамшөптерді жоюға бағыталуы тиіс.
Кенедән. Кенедән дәндерінің уыттылығы олардың құрамындағы рицин токсоальбуминіне және рицинин алколойдына байланысты.
Улану белгілері. Кенедән тұқымымен улану өте жіті түрде өтеді.
Ірі қара малда алғашқыда іш өтумен байқалады. Нәжісінде қан араласуы мүмкін, дене қызуы көтеріледі. Тәбеті төмендейді, күйіс қайтаруы тоқтайды. Егер уақтылы ем жүргізілмесе гемморагиялық гастроэнтерит дамып мал өлімге ұшырауы мүмкін.
Қойларда кенедән тұқымын жегенде және өсімдіктің өзін жегенде уланған жағдайлар кездеседі.
Шошқаларда кене дән тұқымымен улану белгілері ірі қарадағыдай көрінеді, іш өтуі мен құсуы байқалады.
Балау. Улануды балау клиникалық көріністеріне, анамнез деректеріне және азықты зерттеу нәтижелеріне байланысты жүргізіледі. Кене дәннен уланғанда дене қызуы көтеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет