Тақырыбы Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алоидтар бар өсімдіктер. Жоспары



бет18/32
Дата15.05.2024
өлшемі73.47 Kb.
#501179
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Лекция(8-15) Токсикология

Клиникалық белгілері. Соланиннен улану жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Бұл азық құрамындағы гликоалколоидқа және жануарлардың сезімталдығына байланысты өтеді.
Жіті түрде жүйке жүйесінің зақымдалу белгісі білінсе, жітілеу түрде жүйкелік-гастриттік белгілерімен сипатталады. Созылмалы түрде-гастритке ұшырайды және тері зақымдалады.
Ірі қара мал. Құрамында соланині бар өсімдікті жегенде бірнеше сағаттан соң улану белгілері біліне бастайды. Малдар салданып, өлімге ұшырайды. Жүйке жүйесі зақымдалады. Қатты уланғанда сілекей ағады, құсады, іші өтеді және тері сезімталдығы төмендейді.
Жіті уланғанда ас қорыту жолы қабынып, 2-3 күнде өлімге ұшырайды. Ірі қара терісінің әр жерінде эгзема (бөртпе) пайда болады. Тұяқтары жарылып, жүре алмай ауырсынады, жалқаяқ ағады. Улану белгілері аусыл ауруына ұқсас.
Ірі қара көп мөлшерде ботва мен (өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі) азықтандырса атония, бауырдың зақымдануы, жүйкелік өзгерістер, кальций алмасуының бұзылуы, тері экземасы, сондай ақ ііш тастау байқалады. Барданы көп бергенде терінің ойық жарасы (язвасы), гангрена, іріңді артрит, стоматит, асқазан қызметінің бұзылуы, дене қызуының көтерілуі, арықтау мен сепсиске әкеп соқтырады.
Ұсақ малдар. Солонинге қойлар төзімді. Анемияға, уремияға, қошқарда ен қабы (препуцияның) қабынуына әкеп соқтырады. Ешкілер соланинге өте сезімтал келеді.
Шошқа. Солонинмен улану шошқаларда жиі кездеседі. Гастрит, жүйкелік зақымдану, іші өтеді. Салдану нәтижесінде 2-3 күннен кейін өледі немесе жазылып кетеді.
Жылқыда. Басқа жануарлармен салыстырғанда едәуір сирек байқалады. Уланудың жүйкелік- гастриттік белгілері едәуір жиі кездеседі. Нәжісі сұйық, түсі қоңыр-қызыл, құрамында кілегейлі масса болады. Кейде шаншу байқалады. Бүйрек қабынғанда зәр құрамында белок көбейеді. Сірлі қабықтары қызарып қанталайды.
Балау. Анамнез, клиникалық белгілерін талдау. Ірі ара уланса аусыл, шошқада обаға ұқсас келеді.
Болжам. Жануарлардың басым көпшілігі соланиннен уланғанда жазылып кетеді. Тек ірі қараның улануының экзантематозды формасы ғана сепсиске айналып кететіндіктен қауіпті. Гастриттік түрде өткенде уланудың ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Емі.негізгі ветеринариялық іс-шаралар: вератрин 0,02-0,03г спиртке қосып тері астына. Гастрит кезінде іш өткізгіштер (кастор майы) және тұтқыр заттар (танин) қолданылады. Ішке 20-30 % гликоза ертіндісін (500-100 мл) енгізу керек. Глюкоза ертіндісін бір рет енгізудің өзі салдануды, тырысуды қалыпқа келтіреді. Ішке антисептикалық заттар тағайындайды. (ихтиол, креолин т.б). кофеин, камфора қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет