Токсикалық мәні бар барлық гликозидтер 4 топқа бөлінеді:
1.Құрамында азоты бар агликондардан тұратын,ыдыраған кезде өте улы синиль қышқылын түзетін гликозидтер (нитрил немесе циангликозидтер ).Оларға :ақ жүгері ( сорго), миядән( манник) ,зығыр (лен )жоңышқа (клевер).
2.Құрамында азот және күкірті бар агликондардан тұратын гликозидтер.Оларға :қыша (горчица) ,сарыбасқурай (гулявник) , шомыр( редка).
3.Құрамында азотсыз агликондар бар,жүрекке әсер ететін гликозидтер.Оларға оймақгүл( наперстянка), меруертгүл( ландыш) ,жалынгүл (горицвет).
4.Құрамында гемолитикалық және көбік түзгіш қасиеті бар,стероидты және үштерпененойдты сапонигендер тұратын агликондардан бар сапонин –гликозидтер (сапониндер).
Гликозидтердің уытты қасиеті құрамындағы агликондарға байланысты.Өсімдіктер табиғатында гликозидтердің мөлшері алкалоидтармен салыстырғанда өте көп.Өзінің құрылымы жағынан гликозидтер қалқанша безін зақымдайтындар,тітіркендіргіш майлар (сапониндер )жүрекке және қан тамырларына әсер ететіндер болып бөлінеді.
ТАПСЫРМА :Қалқанша безін зақымдайтын гликозидтер .
Стероидты гликозидтер.
Сапониндер.
Нитрилгликозидтер.Өзінің ыдырауы кезінде гидролизденіп,нәтиежесінде синил қышқылын түзетіндер гликозидтер.Цианоагенді гликозидтер деген атпен белгілі.
Сау қалыпты дамып келе жатқан өсімдіктерде бос синил қышқылы өте аз болады.Өйткені ол өсімдік құрамындағеы өзіне сәйке келетін ферменттер әсерінен жойылып тұрады.Ал жағымсыз жағдайларда өскен өсімдіктердің құрамында бос синил қышқылдарының мөлшері көптеп кездеседі.Ірі қара мао цианогенді гликозидтердің мөлшері көптеп кезлеседі.Іра қара мал цианогенді гликозидтердің әсеріне өте сезімтал келеді,нәтиежесінде олардың улануы басқа жануарлармен салыстырғанда жиі кездеседі.
Синил қышқылы цитохромоксидаза ферментінің жұмысын тежеп,ұлпалық тыныс алуды бұзады.
Цианогенді өсімдіктерге жабайы және мәдени өсімдіктер жатады.Біріншісіне-миядән манник,Glyceria aquatic бухарник (holcus) және тағы басқалары ,ал екіншісіне –ақжүгері( сорго ),сиыр жоңышқа (вика ),зығыр( лен ), асбұршақ (фасоль ) ,суданшөбі (суданка )жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |