Алдын алу шаралары. Мақта күнжарасын азыққа қолданар алдында арнайы нұсқауларға сүйену керек. Мақта күнжарасын, шротын азық ретінде абайлап қолданған жөн. Малға көп бергенде организмде ақ зат көбейіп, зат ламасу үрдістерінің бұзылуына алып келеді. Мақта күнжарасы жалпы райионның 5-15% - ын ғана құрағаны жөн және құрамындағы госсиполдың мөлшері төмен болуы керек (0,05-0,07%). Оның деңгейінің ауытқып кетуі улану тудырады. Мақта күнжарасын рационға, кальций мен натрий тұздарының А және В дәрумендерінің мөлшері аз азықтармен бірге бергенде өте абай болу керек.
Зығыр күнжарасынан улану
Зығыр дәндерінде гликозид-линимарин болады. Линимарин қаыпты жағдайда өздігінен уытты әсер етпейді. Бірақ та күнжара құрамындағы су және линаза ферментінің қатынасуы мен синиль қышқылы пайда болып, уытты әсер көрсетеді.
Этиологиясы. Дымқыл, ылғалды зығыр күнжарасымен азықтандырғанда улану белгілері байқалады. Оның құрамындағы синиль қышқылының мөлшері 1кг - да 108 ден 650мг дейін болады. Малға қауіптісі 1кг/ 200мг – нан астамы. Егерде ас қорыту жолында декстраза және мальтоза ферменттері көп болса онда қауіпті емес.
Клиникасы. Жіті трінде жүйке жүйесі зақымданады, тынышсызданады, әлсіздік, теңселу, сіреспелер, ентігу байқалады, жүрек қызметі әлсірейді. Сондай-ақ, ас қорыту жүйесі жұмысы бұзылады, сілекей көп бөлінеді, құсады, коликтер, іш кебеді, өтеді. Улану шошқалар үшін өте қауіпті. Олар құлайды, бірнеше минут ішінде өледі.
Емі. Шұыл түрде ем қолданған жөн. Венаға натрий тиосульфатын (5-10%) 1-2мл/кг егеді, ол қандағы синиль қышқылын зиянсыз розанды қосылыстарға ауыстырады. Венаға метиленді көк енсе, ол тыныс алуды қалпына келтіреді, 0,5-1% азот қышқылды натрийді 1мл/кг венаға егуге болады. Ірі қара малға 25-30% глюкоза антитоксикалық және қуаттандырғыш зат ретінде әсер етеді. Сондай-ақ, оларды біріктіріп қолдануға болады. Мысалы: 10 мл 20% азот қышқылды натрийді венаға сала отырып инені суырмай іле шала 40-50мл 20% - ды натрий тиосульфатын қолдануға болады. Ас қорыту жолындағы синиль қышқылын уытты әсерін жою үшін ішке 3% күкірт қышқылды темір 5% - ды көмірқышқылы натрий ерітіндісін ішкізген жақсы нәтижелер береді (300-500мл).
Достарыңызбен бөлісу: |