Тақырыбы Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алоидтар бар өсімдіктер. Жоспары



бет24/32
Дата15.05.2024
өлшемі73.47 Kb.
#501179
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Лекция(8-15) Токсикология

Клавицепспалитоксикоз. Ірі қарада үркектік пайда болады, басын шайқай береді, атаксия, тремор, парездер қалыптасады. Созылмалы түрінде зат алмасу бұзылып, арықтайды, өсімталдық төмендейді.
Емдеу. Сіреспеге қарсы заттар береді.
Фузариотоксикоз.Fusarium туысына жататын улы саңырауқұлақтардан зақымдалған азықты малға бергенде туындайтын улану.
Улану кезіндегі белгілер. Қанның морфологиялық құрамы өзгереді, лейкопения дамиды. Зақымданған азықты ұзақ уақыт беру жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер етіп, қан айналымында өзгерістер туындайды.
Клин.белгілері. Ірі қара мен жылқыда алғашқы белгілер орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Уланудың алғашқы кезінде мал мазасызданады, тері сезімталдығы және рефлекстер жоғалады немесе төмендейді, дененің алдыңғы бөлігінде бұлшық еттер дірілі байқалады.
Пат.өзгерістер. Жылқылардың еріндері домбығып, жарылған. Кілегейлі қабықтарды некроз, ойық жаралар, қанда лейкопения, лимфоцитоз байқалады. Бауыр тығызданып, қызыл түстенген, көлемі ұлғайған, шекарасы анық емес.
Емі. Сепсистік процесті алдын алу мақсатында бұлшықетке пенициллин , стрептомицин, бициллин енгізеді.
Стахиоботритоксикоз- саңырауқұлағымен зақымданған азықтар туындатады. Бұл ақ сапрофит- шабылған ірі ақық, яғни, өлі өсімдіктер целлюлозасын талқандаушы dematraceue тұқымдастығына жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Микотоксикоздардың әсері қандай?
2.Мукаротоксикоз кезінде организімдегі патанатомиялық өзгерістер қандай?
3.Эрготизмді қалай түсінесін?
4.Удың бастамасына жататындар?
5. Пенициллиотоксикоз кезінде клиникалық белгілері қандай?


1 Негізгі әдебиеттер.
1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.
2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.
3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет