Тақырыбы Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алоидтар бар өсімдіктер. Жоспары



бет22/32
Дата15.05.2024
өлшемі73.47 Kb.
#501179
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Лекция(8-15) Токсикология

Дендротоксикоздар. Жіті және жәтәлеу түрде өтетін ауру. Көбінесе жылқы, шошқа, қой және құстар уланады. Дендрохин саңырауқұлақтары бидайдың , қара бидайдың , сұлының және арпаның сабанының ішінде өмір сүріп, улылық қасиет көрсетеді. Бөлінетін токсиндер химиялық заттарға және жоғарғы температураға өте төзімді.
Клиникасы. Улану ауыр түрде өтеді. Қанның формалық элементтерінің сонының көбейюі байқалады. Шошқада әрі көбейеді.
Патологиялық өзгеріс. Ішекте каторальды қабыну , өкпе кінген, өт қабы өтке толған парехиматозды мүшелердің дистрофиялық өзгерісі.
Балау. Анамез, клиникалық белгілері, патологиялық өзгерістері, тексеру, қарау.
Емдеу. Асқорту жолын тазалау , іш өткізгіштік дәрілер. Кофейн бензоат натрийді глюкозамен қосып, венаға егеді.
Клавицептоксикоз – клавицепс туысы саңырауқұлақтарынан малдардың улануы. Бұл туысына күйісті малдар, жылқы және шошқа аса сезімтал келеді.
Саңырауқұлақ мәдени және астық тұқымдас өсімдіктер дәндерімен бірге ішке түсіп (микоз), токсин бөлуі (микотоксикоз)
Микотоксикоздар 2-ге бөлінеді:

  1. Эрготизм

  2. Клавицепспаспалитоксикоз

Қастауыштан улану – эрготизм (спорынья)
Астық тұқымдастардың дәндерінде пайда болатын қастауыш алкалойдтарынан улануды – эрготизм дейді. Жауын-шашын жылдары мәдени өсімдіктердің , арпа, сұлы дәндерінде, диірмен қалдықтары қастауыштан ластанады. Малдар үшін қауіптісі саңырауқұлақтың құрамында болатын уы – склероцин.
Уытты бастамасы – эрготоалкалойдтар: эртоксин, эрготамин, эргозин. Олар бірыңғай салалы бұлшықетке әсер етеді. Қарашықты тарылтады, қан тамырларын тарылтып, ұлпалардың қоректенуін бүлдіреді (цианоз, некроз), симптоматикалық жүйке жүйесін тежейді. Сезімтал мал: үймжануарлары- шошқа , ірі қара , құстар.
Клиникалық белгілері: Улану жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрінде асқорыту жолы қызметі бұзылады, сілекей ағады, шаншу, сіреспе байқалады. Созылмалы түрі – құрғақ гангрена түрінде бөлініп, құстардың айдарымен сырғалығы, ірі қара малдың желінінің ұштары, құйрығы, кейде тұяқтары, шошқалардың тұмсығы, бас терілері шіріп, түсіп қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет