Тақырыбы Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алоидтар бар өсімдіктер. Жоспары


Жануарлардың буынаяқтылар уынан улануы



бет27/32
Дата15.05.2024
өлшемі73.47 Kb.
#501179
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Лекция(8-15) Токсикология

3.Жануарлардың буынаяқтылар уынан улануы
Бұлардың қатарына өрмекшілер жатады. Олардың ең улысы – қарақұр болып табылады.
Қарақұрттың уы жыланның уына қарағанда 10-15 есе улы. Өрмекшінің уы суда ериді, реакциясы сілтілі, 100% спиртте немесе эфирде бұзылады.
Көбіне: жылқылар, түйелер, қояндар сезімтал.
Ірі малдарды қарақұрт шаққан кезде, қарақұрт уына қарсы сарысуды бұлшық етке дереу егу керек(30-40мл).
Өрмекшілердің қауіптісі – тарантул. 3,5см. Түсі – сарғыш-бурыл.
Сарышаян ұзындығы 10см. Жарты жыл бойы азықсыз өмір сүре алады. Уы құйрығында болады. Шаққан жері ауырсынады, домбығады, 20-30мин кейін жазылады. Әдетте 1-2 күннен кейін көрінген белгілер жойылып, малдың жағдай жақсарып кетеді.

  1. Жануарлардың балық уынан улануы

Балықтардағы токсикологиялық маңыздысы – теңіз алабұғасы, таутан, тетродон, мойва және т.б.
Күміс түстес хек, мантай, медуза және басқа балықтардың ағзасында азықтағы темірді өзінің бойына сіңіріп алатын қасиеті бар заттар болады.
Құндыздар анемияға ұшырайды. Басқа малдарда бұл балықтар өнімдерімен ұзақ уақыт азықтандыру темірдің жетіспеушілігіне әкеп соқтырады, оның салдарынан ас қорытудың бұзылуы, арықтауы, бойдың өспей қалуы тәрізді белгілер білінеді.
Емдеу және алдын алу мақсатында жас малдарға тері астына 1-2мл феррогиоксин және ферроглюксин енгізеді.
Сардина, шабақ, нәлім, мойва және т.б. балықтардың түрлерінің құрамында фермент тиаминаза бар.
Ол В витаминінің құрамын бұзады. Көп мөлшерде осы балықтармен азықтандырған жағдайда авитаминоз пайда болады. Бұл малдың арықтауына, бұлшық етінің әлсіреуіне, жүйке жүйесінің қозуымен сипатталады.
Бақылау сұрақтары:

1. Балық уымен улану кезіндегі алдын алу шаралары?


2. Балықтардағы токсикологиялық маңыздысы?
3. Буынаяқтылар уынан улануына қай жануарлар сезімтал келеді?
4. Жануарлардың бал ара уынан улануы кезіндегі патогенезі қандай?
5. Жануар тектес улы заттармен улануы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет