Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу



бет22/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Реактивтер: 0,1 н. натрий гидроксиді, 1% фенолфталеин ерітіндісі, дистилденген су.


Сырдың титрлік қышқылдығын анықтау

Сыр немесе брынзаның үлгісін (5 г) өлшеп алып, оны фарфор ыдысқа салады да, температурасы 35-45 0С 50 мл дистилденген суды ақырындап құйып, мұқият езеді. Оған 3 тамшы 1% фенолфталеин ерітіндісін қосады, сосын 0,1 н сілті ерітіндісімен ашық қызғылт түс пайда болғанша титрлейді. Титрлеуге кеткен сілтінің мөлшерін 20 көбейтіп, сырдың қышқылдығын анықтайды.




Аспаптар мен реактивтер: 10 мл және 1 мл ерітінді құюға арналған құрал,
100 мл конусты колба,
AgNO(0,05 моль/дм³) - күміс азот қышқылы,
K2CrO4 (10%) - калий хром қышқылы,
NaOH (0,1моль/дм) немесе KOH,
фенолфталеин ерітіндісі (1%).


Сырдың құрамындағы тұзды анықтау.


Анықтау тәсілі:
Массасы 5 г сынаманы конусты колбаға салып, үстіне 100 мл дистильденген су құяды. Колбаны тығынмен жауып 40 мин тұндыруға немесе 10 мин сілку аппаратқа сілку үшін саламыз (для встряхивания ). Сұйықтықты фильтр арқылы сүзіп, ас тұзы мөлшерін анықтайды. Ол үшін 10 мл фильтратты конусты колбаға салып (100 см³) қышқылды лакмуспен немесе фенолфталейн арқылы тексереміз.
Егер құрамында қышқыл болса фильратқа калий гидрооксидімен бейтараптаймыз. Бұдан кейін фильтратқа 0,5 мл калий хром қышқылын құйып, күміс азот қышқылымен титрлейміз. Кірпішті-қызыл тұнба пайда болғанша.


Ас тұзының массалық үлесін мына формуламен анықтаймыз.


Х= (V * 0.0292 * KV2 *100)/ V1 m,


мұндағы:


V- күміс азот қышқылының мөлшері, титрлеуге кеткен 
0,0292- күміс азот қышқыл мөлшері, 
V2 - су мөлшері
V1 – сығындыны титрлеуге кеткен мөлшері
m – сынаманың массасы.
К – түзету коэффициенті
К- 0,97 – 1,01 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет