Жабдықтар мен ыдыстар: Петри чашка, колбалар, бюретка, штатив, пробиркалар, шыны таяқша, өлшеу цилиндр
Реактивтер: 0,2 % розолалы қышқылды спирт ерітіндісі, 75 %-ті этил спирті, ванади қышқылы.
Алкогольді сынау
Құрғақ таза Петри чашкаға 2 мл зерттелетін сүтті құйып, 75%-тті этил спиртін араластырып отыра қосады. 2 минуттан соң сүттің консистенциясы өзгеруін тексереді. Егер сүтте коагуляция процесі болмаса, сүтті ағызу кезінде чашканың түбінде ақуықалдығы байқалмаса, онда сүт стерилдеуге жарамды. Сынау кезінде анықтаудың сапасын жоғарылату үшін чашканы қара фонға қойған дұрыс. Алкогольды сынаудың нәтижесін белгілеуге мынадай белгілер қабылданған: ақуыз іртіктері бар +; ақуыз іртіктері жоқ -;
Сүттің жасандылығын анықтау. Сүтке суды, көк сүтті және сарысуды қосқанда сүттің майлылығын кемітіп немесе оның тығыздығын өзгертеді. Сүтке 10 процент су құйғанда сүттің тығыздығы 30 лактоденсиметрге төмендейтіні анықталған.
Сүттегі соданы анықтау. Шыны түтікке 3 мл сүт және осындай мөлшерде 3 мл 0,2 процентті розолалы қышқылды спирт ерітіндісін (96 процентті спирттегі) құяды. Сүт соданың қосындысынсыз қызғылт сары түске, ал құрамында сода болса қызыл күрең түске боялады.
Сүттегі сутегінің асқын тотығын анықтау. Шыны түтікке 2 мл сүт және 5 тамшы ванади қышқылын (100 мл 20 процентті күкірт қышқылына 1 г ванади қышқылы) құяды. Сутегінің асқын тотығы бар болса сүт қызыл түске айналады.
Сүттегі формалинді анықтау. Шыны түтікке 2-3 мл күкірт қышқылы мен азоттың қосындысын (тығыздығы 1,30, 100 мл күкірт қышқылына бір тамшы азоттан) және осындай мөлшерде 2-3 мл сүт құяды. Соңғысын еппен, бөліп-бөліп құю қажет. 1-2 минуттен кейін сүт пен реактивтің түйіскен жерінде күлгін түсті немесе қоңыр көк дөңгелектер байқалса, онда сүтте формалиннің бар екендігін білеміз. Сүтте формалин жоқ болған жағдайда дөңгелектер әлсіз сарғылт қоңыр түске боялады.
Сүттегі пенициллинді анықтау. Пенициллиннің бар екендігін бұрын пенициллин жұқпағандығы анықталған сүтке және күдікті деген өнімдерге таза культура қышқылын бір деңгейде және бір мөлшерде өткізе отырып, қышқылдың өсу жылдамдығымен анықтайды.
Қорытынды. Зерттеу соңында нәтиже бойынша қорытынды жасау керек және бақылау сұрақтарына жауап берген дұрыс. Барлық жұмыс нәтижелерін дәптерге енгізу керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Сүттің титрлеу қышқылдығын анықтау?
2. Сүттің майлылығын анықтау?
3. Сүттегі сутегінің асқын тотығын анықтау?
4. Сүттегі соданы анықтау?
Достарыңызбен бөлісу: |