197
Гипермәтінді тапсырмалардың тиімділігі: бір-бірімен байланыса өрілген тапсырмалар орындау
кезінде көп қиындық келтірмейді. Егер әр түрлі тапсырмалар кезінде
әр қилы оқу материалдарын
зерделеу керек болса, кешенді тапсырмалар бір ғана тақырып аясында құрастырылып,
бір ғана
тақырыпты қамтыған оқу деректемелері ғана қарастырылады. Қашықтан оқыту жүйесі арқылы сабақ
беруде білім алушылар негізінен өз бетімен жұмыс істейді. Сондықтан электронды пошта арқылы
жіберілген іс қағаздарына қатысты тапсырмалар мен жаттығуларды орындау білім алушыны өз бетімен
жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділік дағдыларын қолдана білуге машықтандырады.
Мақсаты: білім алушылардың көру және есту
қабілеттерін байқай отырып, олардың сауатты жаза
білуіне назар аудару.
Тиімділігі: сөздерді сөз тіркестері мен сөйлемдерде қолдана білуге дағдыландырады. Көру арқылы
іштей қайталау кезінде және есту арқылы білім алушының сөздерді есте сақтау қабілеті жетіледі.
І жаттығу. Бірнеше сауалдарға жауап жазыңыз:
1.
Белгілі бір тұлғаның өкілеттілігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенін растайтын іс қағаздарының
түрі қалай аталады? Ол не үшін қолданылады?
2.
Бұл қандай құжаттың типтік үлгісі?
Мақсаты: көре отырып, қандай құжат үлгісі екенін есте сақтау.
Құжат құрылымын таба отырып,
ойландыруға жетелеу.
Тиімділігі: құжаттың құрылымын толық білуге ынталандырады. Оны сауатты толтыра білуге
машықтандырады.
ІІ жаттығу Берілген сөздерді, сөз тіркестерін
аудиокассетадан мұқият тыңдап, есте сақтаңыздар.
Сөздер мен сөз тіркестерінің қай құжат үлгісіне жататынын анықтаңыздар: Дауыс беру, қатысқандар,
басқа
жұмысқа байланысты, қабылдау, күн тәртібінде,
келісілген мерзімде, ауысу, кезекті демалыс,
босату.
Достарыңызбен бөлісу: