Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет158/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   181
1 2019

«Бес жолды ұйқас». Бастапқы 1-2-ші жол бір-бірімен, 3-4-ші жол бір-бірімен өзара ұйқасады да, 
соңғы жолда ұйқас болмайды, ой қорытындысы жасалады. «Бес жол ұйқас» өлең құрастырудың 
қарапайым бағдаржолы төмендегідей: 
1-
ші жол 
Баяғыда (...........) болыпты 
2-
ші жол 
Заттың ерекше белгісі 


214 
3-
ші жол 
Әрекет етуі, қызметі 
4-
ші жол 
Қасиеті немесе жаман жағы 
5-
ші жол 
Ой қорытындысы 
 
«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін» 
Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, 
«ауыл, кітап, доп» деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің 
сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, 
тақтаға жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. 
Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз 
дәптерлеріне жазуларына болады. 
Бастауыш сыныпта компьютерлік оқыту құралдарын тиімді қолдануға болады. Жалпы компьютерлік 
бағдарламалар арқылы оқытуда жаттығулардың мынадай түрлері жиі қолданады:
1. 
Тек жауабын таңдап белгілеуге құрылған жаттығулар. 
2. 
Жауабын тауып, орнына жазуға арналған жаттығулар. 
3. 
Мәтінді редакциялауға бағытталған жаттығулар. Мәтінмен жұмысты компьютер арқылы 
орындаудың өзіндік артықшылығы бар: Ол 1-ден, оқушыға мәтін құрастыруға түрткі болады; 2-ден, 
қатені компьютермен редакциялауда уақыт үнемделеді және бала қызығушылығы артады. Мәтінді 
редакциялауды компьютермен жүргізу өте тиімді, себебі, оқушының кез келген сұраққа, тапсырмаға 
берген жауабы тез арада өңделіп, нәтижесі электронды түрде басылып шығады. Оқу үрдісінің 
дидактикалық мүмкіншіліктері де кең ашылады. Бастауыш сынып оқушыларына компьютер арқылы 
мәтінмен жұмыс істеуге көмектесетін құрал «Мәтіндік редактор» («Текстовой редактор») деп аталатын 
бағдарламаны қолдануға болады.
Бұл бағдарламаның артықшылығы бала құрастырған мәтінін компьютерге енгізеді. Мәселен, мәтіннің 
алғашқы нұсқасын көшіріп қайта жазудан босатады; мәтінді кез-келген бағытта (құрылымдық, 
мағыналық, т.б.) редакциялауға болады; қателер із-түссіз жоғалады, нәтижесінде жазушы (бала) 
өзгертулер енгізу арқылы мәтіннің қаншалықты жақсарғанын көріп отырады; оқушының мәтінді 
құрастыру үрдісінде тілдік материалдардың кез-келгенін тексеріп, орнына қойып, байқап көруге 
мүмкіндігі шектеусіз болады; жазған шығармасына бірнеше рет «қайта оралу» арқылы мәтінді бірнеше 
рет жөндеуге мүмкін болады; оқушы құрастырған мәтінін компьютер «есіне» (память) сақтап қойып, кез-
келген уақытта алып, оқи алады; мәтінді оқушы қанша дана етіп шығарғысы келсе, сонша басып шығара 
алады [6]. 
Жазба жұмыстарын дайындауда жазылым жаттығуларын үш топқа: танымдық талдау (аналитикалық) 
жаттығулары; түзету, өңдеу (редакциялық) жаттығулары; шығармашылық ізденіс (продуктивтік) 
жаттығулары деп бөліп, жаттығулар кешенін төмендегідей жұмыстар арқылы жүргізуді ұсынады [7]: 
1-
кесте – Жазылым әрекетін қалыптастыруға арналған жаттығулар түрлері 
Қорыта келе, жазылым әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың айтылым, тыңдалым, оқылым 
дағдылары бірге қалыптасып, функционалды сауаттылықтың негізі қаланып, білім алуға ынталы жеке 
тұлғаның дамуына мүмкіндік жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет