Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары


Тақырып№ 4.Кеуде торы және кеуде қуыс мүшелерінің жарақаттары мен аурулары



бет14/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Тақырып№ 4.Кеуде торы және кеуде қуыс мүшелерінің жарақаттары мен аурулары.
Мақсаты
Тақырыпты оқып, білудің нәтижесінде білім алушы: Кеуде торы және кеуде қуыс мүшелерінің хирургиялық аурулары мен жарақаттарының себептерін, клиникалық белгілерін, БМК және емдеу принциптерін білу керек.
Дәріс тезистері.
Өкпе қабығының эмпиемасы.
Себепкер болатын аурулар: өкпе іріңдігі, пневмония, экссудативтік плеврит, өкпе жарақаты, бронх ісіктері, пиопневмоторакс.
Қоздырғыштар: пневмококк, стафилококк, стрептококк.
Турлері: тотальды, сөмке тәріздес шектелген.
Клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, ентігу, акроцианоз, кеудеде ауырсыну сезімі, ауырған кеуде бөлігі тыныс алғанда сау жаққа қарағанда әлсіз.
Диагностика: аускультация – тыныс дыбысының әлсіреуі, өкпе үнінің дірілдеуі.Ірің абсцесстен жарылып ішке аққанда науқас естен тану мүмкін. ЖҚЗ – лейкоцитоз, лейкоцит формуласының солға қарай жылжуы, ЭТЖ –нің жоғарлауы, қан аздық.
Рентген зерттеуі –өкпе суреті көміскіленген, сары су жиналғанда –өкпе сүреті мүлдем көрінбейді. Пиопневмоторакста іріңнің үстінде ауа көрінеді. Ірің қуыста көп жиналса жүрек сау жаққа ығысады. Өқпе қабығының синустары көрінбейді.
Диагностикалық пункция.
Емі: Массивтік түрде антибиотикотерапия, инфузиялық терапия, дәрумендер, қабтың пункциясы, дренаж қою, дренаж арқылы антибиотиктерді енгізу.
Созылмалы эмпиемия салдарынан дәнекер ұлпалар пайда болса, онда өкпені босату мақсатымен хирургиялық ота жасалынып, дәнекер ұлпалар сылынып алып тасталынады. Торакопластика орындалады.
Өкпе іріңдігі (абсцесс).
Өкпе іріңдігі ол өкпеде пайда болған пиогенді қабықпен қоршалған іріңдік.
Себебі: жедел пневмония, өкпе ісігі, қан айналымның нашарлауы, эндогенді инфекция.
Клиникасы: дене қызуының көтерілуі, кеуденің ауруы, жөтел, қақырықта қан бөліктерінің пайда болуы, тамаққа тәбеттің төмендеуі, түнгі терлеу, әлсіздік. Қанда –лейкоцитоз, ЭТЖ –нің жоғарлауы.
Диагностика: рентген зерттеуі, ЖҚЗ.
Асқынуы –пиопневмоторакс, жыланкөздер.
Емі: Ауру басталған түрінде консервативтік ем жүргізіледі. К-т, б-е пенициллин тобындағы антибиотиктерді массивты түрде енгізеді.Кейде бронхоскоп арқылы іріңді сорып, құысқа антибиотик жіберіледі; улану синдромында –инфузиялық терапия, дәрумендер, от тегі ингаляциясы, постуральды дренаж. Консерватвті ем көмектеспеген жағдайда – хирургиялық ота –іріңлікті кесіп, іріңді ағызу, қуысын жуып дренаж қояды немесе пневмоэктомия..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет