Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет39/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Геморрой
Геморрой тік ішектің, төменгі бөлігінің көк тамырларының созылып кеңеюі. Геморрой деген сөз- «қан», «ағу» түсінігі Гиппократпен ұсынылған. Ауру ауыр жұмыспен шұғылданатын және арақ-шарап көп ішетін ер адамдарда жиі кездеседі.
Геморройдың түрлері:
Ішкі.
Сыртқы.
туа пайда болатын.
жүре пайда болатын (бірінші,екінші).
созылмалы.
жедел.
Аурудың клиникасы- алғашқыда көтен ішегінің қышынуы және толысу сезімі. Арақ ішкеннен және ванна қабылданғаннан кейін ол сезімдері күшейеді. Кейде күшеніп дәрет шығарғанда созылған қан тамыры қанайды, оның ағыны күшті. Геморройға қоса ішек жарылуы болса ауырсынуу сезімі күшті.
Геморройдың диагнозын анықтау - егер ауру дұрыс тексерілсе, қиын емес. Жедел геморрой көбінесе арақ ішкеннен, немесе ауыр жұмыстан, дәрет шығару қиындануынан кейін басталады. Геморрой түйіндері үлкейеді, қатаяды, ауырсынады, тромбозданады. Ісінген сыртқы түйіндердің арасында ішкі түйіндер қысылып некрозданады. Бұның салдарынан дене қызуы көтеріледі, іш кебуі одан әрі ауырланады - яғни геморройдың тромбофлебитті "қысылымы" басталады.
Емдеу тәсілдері. Геморройды емдеу: консервативті және оперативті болады. Емдеуді диетаны тағайындаудан бастайды. Ащы, тұзды, ішек қозуын күшейтетін тағамдар берілмейді. Іш кебуін басу үшін оны туғызбайтын тағамдар - айран, қара нан, ботқа, таңертен аш қарында 1 стақан суық су, қызылша, қара өрік беріледі. Қазылша мен қара өріктің суды жақсы соратындығынан дәретті жұмсартады.
Геморройды операциямен емдеу
Тік ішекке операция жасауда арнайы дайындықтар қажет. Ең алдымен науқасқа арнайы диета тағайындалады, операциядан бір күн бұрын майсана (кастор майы) ішкізіледі. Оның кешінде тазарту клизмасы екі рет (арасына 30- 40минут салып) орындалады. Операция жасалатын күні таңертен үшінші рет клизма орындалады да, тік ішекке газ шығаратын түтік енгізіледі.
Консервативті ем- диета, медикаменттер, ЛФК, курорт. Тағамдандыру- өсімдіктер, жемістер, ботқа. Қара нан, сірке су, қыша, маринадтар, консервалар, ысталған, тұзды тағамдар, пияз қабылдауға болмайды. Арақ ішуге тиым салынады. Вазелин немесе өсімдік майы қосылған клизма, душ, отыру ваннасы қолданылады. Қажет жағдайда қан ағуын тоқтату, ауырсынуды, қабынуды басатын дәрілер, балауыздар пайдаланылады. Физиотерапия - Дарсонваль, УВЧ, диатермия, ЛФК, гидропроцедуралар, пресакральды бөгеу орындалады.
Иньекциялы-склероздағыш тәсілдер қан ағуында, диабетпен ауыратындарда, қарт адамдарда қолданылады. Бұл үшін тромбовар, рикоцид, вистрин варикозды түйіншекке егіледі. Тік ішек немесе варикозды түйіншектің қабынғанында инъекциялы тәсілді қолдануға болмайды.
Операциямен емдеу.- консерватитвті еммен тоқтатылмаған қан ағуында, түйіншектер түсіп кеткенде, олардың шірігендігінде, жиі қабынуында орындалады.
ТІК ІШЕКТІҢ ЖАРЫЛУЫ (ТРЕЩИНА) - fissura аnі - өте жиі кездесетін ауру.
Ішектің қатты ауыратындығынан науқас жұмыс қабілетін жоғалтады. Жарықшалар ұзындығы 1-2см. аспайды. Олар терімен ішек арасында, көбінесе ішектің артқы қабырғасында орналасады. Жаңа пайда болған жарылуда оның жиектері жұмсақ, түсі қызғылт, одан қан ағады. Ескірген жарылуда оның жиектері қатты - мүйізденген, түбі сұрғылт, іріңдеген. Көбінесе жарықшалар геморройдың салдарынан пайда болады.
Ауруды анықтау қиын емес. Бұл үшін ауруды гинекологиялық креслоға жатқызып тексергенде көруге болады. Киын жағдайда ішекке саусақты енгізіп сфинктер жағдайын анықтайды.
Емдеу тәсілдері қонсервативті және оперативті болады. Консервативті ем - ауырумен қабынуды басатын майлы балауыздар.
Хирургиялық емдеу тәсілдері:
а) сфинктерді созуды 1829 ж. Рекамъе ұсынған. Жарықшалар жазылуына сфинктердің қатты тырысуы кедергі болады. Егер сфинктерды қолмен созып кеңейтсек оның парезінен жарықшаға тыныштық беріліп, оның жазылуына қажетті жағдай туады.
б) Жарылудың астына спирт қосылған новокаин егіледі (Аминев тәсілі).
в) Созылмалы жарылулар әртүрлі операциямен емделеді: жарықшаны тіліп алып жараны тігу (Брайцев, Аминев), жарылуды тіліп алуға қоса сфинктерді көлденеңінен тіліп кеңейту - сфинктеротомия
Тік ішектің шығуы
Тік ішектің шығуына іш қуысындағы қысымның өсуі, тік ішектің байламдарының босаңдығы себеп болады.
Көбінесе ер адамдарда байқалады. Бұл олардың анатомиялық ерекшеліктерімен және ауыр жұмысымен байланысты Тік ішек түсуінің түрлері:
1. Тек кілегейлі қапшықтың түсуі.
2. Ішектің барлық қабаттарының түсуі.
Консервативті тәсілдер көбінесе жас балаларда қолданылады:
1. Ішек түсуіне себеп ауруды емдеу (дизентерия, колит).
2. Сфинктерді күшейту — параректальды май қабатына спирт немесе басқа склероздендіретін дәріні егу.
3. Ішекті көтеріп тұратын обтураторлар
4. Физиотерапия (массаж, ванна).
Ересектерді мүмкіндігінше ерте операцияға алу қажет. Бұл ауыр өзгерістердің алдын алады. Операциядан бұрын ішек толық тазартылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет