2 - уыттану (токсикалық) кезеңі. Ол 24-72 сагат арасында пайда болады. (бұл кезде жайылған перитонит, түгел іш перденің зақымдануы).
Белгілері:
• жалпы жағдайы өте ауыр болуы,• тамыр соғуы 120-ға дейін жылдамдауы,
•дене қызуы 39°С, қарт адамдарда бүл қайшы тәрізді •болуы (дене қызуының тамыр соғу ретінен қалуы).
Объективті тексергенде:•қан қысымының төмендеуі, •іштің шамалы кебуі,
• Шеткин-Блюмберг белгісі оң,• ішектің айқын салдануы,
• ішті түртіп көргенде, онда сұйық пайда болғанын анықтауы,
• нәжіс пен желдің шықпауы,• қанында - лейкоцитоз,• ЭТЖ-ның жоғарлауы.
3-соңғы (терминальді) кезеңі. Ол 72 сағаттан асқанда пайда болады.
Белгілері:
жағдайының өте ауыр болуы,• есінен тануы,масаттануы (эйфория),• кушсіздік (адинамия),ықылық атуы, нэжіс иісті құсу, терісі сұрланған, дене қызуы жоғарлайды. Объективті тексергенде:
Гиппократ беті,жабысқақ суық тер басқан, тамыр соғуы 130/140, ҚҚ төмендеген,тыныс алуы жиі, іші біршама кепкен, Шеткин-Блюмберг белгісі оң,
Іш перкуссиясында - тимпаникалық дыбыс естіледі, тыңдаған кезде «мәйіт тыныштығы» - дыбыс жоқ. Алғашқы көмек пен емі:
тыныштық орнату, мұзды мұйық қою, тасымалдау, аурсынуды басатын дәрілерді беруге болмайды.
Емі: хирургиялық ем,• антибактериалды ем, іш қуысын жабық түрде жуу (лаваж),• перитониальды диализ .
Барлық жағдайда есеңгіреу индексін анықтай білу керек. Қалыпты жағдайда ол 0,5 ке тең.
Шектелген перитонит (іш қуысының іріңдігі)
Іш қуысындагы жергілікті қабынуды - шектелген перитонит дейді. Орналасуы: көк ет астында, Дуглас қуысында.
Белгілері:жергілікті ауырсынуы, бұлшық етінің аурсыну жерде қатайуы,
Дуглас қуысындағы іріңдікте: дәретке отырғанда ауырсынудың үдеуі.
дене қызуы,• лейкоцитоз. Алғашқы көмек пен емі:
1. тыныштандыру,2. мұзды мұйық қою.
3. тасымалдау.4. хирургиялық ем.
Жедел іш жүрмеуі.
«Ішек түйнектері» деген ұғым жиналмалы мағынаны білдіреді, себебі түйнек ішектің кез келген бөлімінде, 12-кі елі ішектен бастап, тік ішекке дейінгі аралықта пайда болады. Жіктелуі:
шығу тегіне қарай:а) туа біткен,б) жүре пайда болған
механизіміне карай: 1. механикалық іш жүрмеуі:
а) бітелген (обтурациялық),б) қысылған (странгуляциялық), 2.динамикалық (қозғалыс-тербелістің бұзылуынан) іш жүрмеуі: а) қысылудан (спазмдық), б)салданудан. 3. клиникалық бағытына карай: жартылай, толық, жедел, жеделдеу, кайталанушы (рецидивті). Туа біткен түйнектер: өңештің, асказаннын, ішектің ақаулары.
Достарыңызбен бөлісу: |