Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат
Дәріс тезистері. Тік ішек ауруларының жіктелуі: 1. Даму ауытқулы- атрезиялар.
2. Зақымдалулар(ішпердесі ішінде және одан тысқары. 3. Бөгде заттар. 4. Қабыну-аурулары: Жедел басталатындар- проктит, парапроктит. Созылмалы- спецификалық, спецификалық емес.
5. Тік ішектің түсуі. 6. Геморрой: сыртқы, ішкі, бірінші, екінші.
7. Тік ішектің кілейгейлі қабатының жарылуы.
8. Басқа аурулары- тік ішектің қышымасы, құйымшақ ауырсынуы.
9. Ісіктер:
қатерлі (рак, саркома),
қатерсіз- липома, фиброма, миома, дермоидты киста, тератома, ангиома, полиптер, түкті ісіктер.
Парапроктит – тік ішек айналасындағы майлы шелдің қабынуы. Инфекцияның қоздырғыш микробтары / стафило, стрепто, энтерококктар, ішек таяқшасы т.б./, көбінесе аралас инфекция. Кіретін жолдары, жарық, жара, терінің аурулары.
Түрлері:
тері асты;
созылмалы – тік ішектің айналасындағы жылан көз /свищ/.
Клиникасы – парапроктиттің түріне байланысты болады. Көбіне тік ішектің айналасындағы тері қызарып, ауру сезімі үлкен дәретке отырғанда қатты болады. Қолмен ұстағанда қатты түйіршек білінеді, температурасы көтеріледі. Саусақпен тік ішектің бойын қарағанда инфилтрат /ісік/ байқалады.
Жамбас пен тік ішек түрінде қабыну процесі жамбастың түріне жайылады, сепсис жағдайына айналады.
Тік ішектің айналасындағы майлы шелдер іріңдеп, шаттың айналасында қатты ауру сезімі, өте жоғары температура, дірілдеу-тоңу болады.
Емдеу жолдары: Басында антибиотиктер беріледі, жылы сулы отыратын ванна қолданылады. Іріңдеген түрінде кесіп іріңді шығару керек. Кескенде тік ішектің сфинктерін жарақаттамас үшін жартылай дөңгелетіп кеседі. Емді іріңді инфекцияны емдегендей бағытпен жүргізеді.