Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары


Урологиялық науқастарды күту және қарау



бет36/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Урологиялық науқастарды күту және қарау
Науқасты күту қиындығы біріншіден бүйрекке операция жасағанда:
● зәр бірнеше салынған дренаж арқылы сыртқа шығуы,
● дренаждар қызметі (функцанальды) және сақтандырушы түрінде салынады.
● бүйрек операциясынан кейін бірінші сағатында және одан кейінгі күнде зәр шығару түтікшелердің жарасының таңғышының сулануын қатаң қадағалау,
● күнделікті зәрдің мөлшерін тексеріп, қадағалап отыру,
● жара таңғышы мен дренаждың айналасы құрғақ болын қадағалау.
Урологиялық науқастарды күту кезіндегі мейірбике міндеттері
● манипуляция кезінде асептиканы қатаң орындауы,
● дренаждың айналасындағы терісін күту,
● таңғышқа зәр типін суланбауын, 2-3 рет күнде жылы сумен жуып, құрғатып, индифференті май жағу.
● дренажды 4-5 рет күніге фурациллин ерітіндісімен шайып, сүрту,
● іріңдеудің, қанның жиналып, қатып қалуының алдын алу,
● науқасты мезгілімен ауыстыру зәрдің дұрыс жақсы шығуына байланысты,
● қуықтағы түтікті фурациллин мен 4-5 рет жуып – шаю.


Зәр шығару жолдарының аурулары
Простатит-Ер адамдағы қуық асты безінің қабынуы.Себебі: жыныс мүшесінде жиі кездесетін аурулар, әсіресе венерологиялық ауруда, түбіркүлезде шалдығады,үрпі арқылы урологиялық аспаптармен тексергенде, сүмбіленгенде қуық асты безіне жұқпа еніп қабынады.
Белгілері:зәр шығудың жиіленуі, зәр шығарда ауырсынуы,зәрдің тасшылап, не шықпай қалуы, тік ішек пен аралық аймағындағы ауырсынуы, дәретке барғанда ауырсынудың үдеуі, дене қызуы 38 ͦ С дейін көтерілуі.Үрпіден ірің, шығуы.
Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру, жылы мұйық қою, ауырсынуды басу, дене қызуын төмендету, тасымалдау, антибиотиктерді қолдану, емдік жылы клизма жасау, физиотерапиялық ем.


Қуық асты бездің аденомасы
Себебі:простатит, жыныстық инфекциялар
Белгілері:Теңгерілген кезеңі –кіші дәретке шақырым жиіленеді, зәрдің ағымы жіңішке немесе тамшылап шығады.
Субтеңгерілген кезең - кіші дәретке шақырым бір түнде 7-8 рет, қуықта зәр қалып қалады. Жалпы әлсіздік, ұйқы бұзылады, шөлдеу.
Теңгерілмеген кезең -Қуық ұлғайып кетеді, зәрді шығару үшін науқас қатты күшенуге мәжбұрлі болады. Тік ішек арқылы саусақпен зерттегенде, бездің тіні өте қатты, көлемі ұлғаяды.
Диагностика: анамнез, клиникалық белгілер, ЖЗА, УДЗ
Емі: жедел қуыққа катетер енгізіп зәрді шығару. Катетер кірмесе, онда қуық пункциясы. Цистостома салу. Ота жасау
Уролитиаз
Ол зәр жолындағы тас ауруы. Олар зат алмасудың бұзылысынан пайда болады. Зәр қышқылынан - ураттар, ат құлақ (шавель) қышқылы әктен – оксалаттар, кальций фосфатынан - фосфаттар, кальций карбонатынан - карбонаттар түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет