Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары


Тақырып№9. Зәр шығару жолдарының хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет33/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Тақырып№9. Зәр шығару жолдарының хирургиялық аурулары мен жарақаттары
Зәр шығару жолдарының аурулары
Мақсаты
Тақырыпты оқып, білудің нәтижесінде білім алушы: Бүйрек ауруларын ,жарақаттарын зерттей білуді.Бүйрек пен қуықтың жарақаты, БМК. Бүйректің ісігі.Циститтің белгісін анықтауды. Тас аурулары себебі ,белгісі, БМК, емдеу принциптерін.Бүйректің шаншуының себебін, белгісін анықтауды.Қуық асты безінің аденомасы –белгісі, себебі. Бүйрек ауруларының зерттеулеріне қатынауды.Бүйрек тас ауруының белгісін анықтауды.Бүйрек шаншуының белгісін анықтауды.Қуық алды безінің аденомасын.Диагноз қоюды. БМК, емдеуді білу керек.
Дәріс тезистері.
Зәр шығару жүйесінің хирургиялық аурулары
Урологиялық аурулардың белгілері:
1.Ауырсынуы:
● бүйректің аурулары несеп ағар және бүйрек жанындағы тіндерінде, көбіне бел аймағында, сүйектің омыртқалы бұрышында, бір не екі жанында, ауырсыну сезімдері тез арада жедел күйінде өтеді.
● бүйрек шаншып ауырады,
● басқа жерлерде үдеме белгісі байқалады.
● бүйректің шаншып ұстама түрінде ауру тез арада басталып 1 сағатқа немесе бірнеше күндерге созылу, ауырсыну бел аймағының жоғарғы ішкі бөлігіне, шат аралығына, сыртқы жыныс мүшелерге беріледі,
● кей кезде іштің ісінуі, құсу, жүрек айну,
● зәр шығарғанда ауырсыну сезімі,
● науқас жайсыз, қобалжып, жатқан орнында не еденде аунап қоярға жер таппайды,
науқас ауыратын жерлерін, - белін, үлкен саусақпен, қабырға астын қалған саусағымен басып тұрады. Бүйректің шаншуы бүйректен зәр шығару бұзылысынан болады.
2 . Зәр шығудың бұзылуы ( дизурия)
Екі түрі болады:
● зәр шығудың жиіленуі - поллакиурия күніне 4-5 рет, түнде 1 рет,
● зәр шығудың қиындауы – странгурия.

Поллакиурия


Себептері:
* физиологиялық - сұйықтықты көп ішкенде,
* эмоциялық күш түскенде,
* урологиялық емес ауруларда ( қант және қант диабеті емес ауыруы)
* фимоз және парафимоздың ісіктері мен аталық жыныс безінің жарасында,
* эпидидимитте – қызару мен ұмасының ісінуінде,
* орхитте - түсінің бозаруы немесе іріңді қабынуында,
* аталық без бен оның қосалқы безінің турберкулезінде,
* уманың жартысы ісінгенде, гематома мен ісіктерінде,
* аталық бездің шырышты қабатының сулы ісігенде,
Бүйректі сипап көру үшін - науқасты жатқызып, қырына қаратып , екі қолмен (бимануальды) сипап басу арқылы жүргізеді. Бұл кезде науқас іштің бұлшық етін босатып, бір қалыпты тыныс алуы керек.
Сипап көру кезінде - оң бүйрекке сол қолын, сол бүйрекке оң қолын бел аймағына, 12 – қабырға тұсына қояды, ал оң не сол қолын кіндік айналасында ішін басып көреді.
Белдің сыртқы бөлігіндегі бұлшық етті тоқылдату әдісімен жүргізгенде ауырсыну сезімі болса, онда бүйрек тостағаншасы не бүйрек ауруы бар екендігін білдіреді, онда Пастернацский белгісі оң деп саналады.
Странгурия
Бұл зәр шығудың қиындауы. Қуықтың механикалық бітелуінен зәрді қиналып шығаруы. Ол тас немесе ісіктер мен зәр шығару жолдарының аурулары, оның сыртынан қысқан кезінде пайда болады.Зәрдің шықпай қалуының себебі – қуық асты безінің аденомасында , қуыққа қан құйылып толғанда, зәр шығару түтікшесінің тонуссыздығында кездеседі.
Жедел зәрдің тоқтауы кезінде қатты ауырсыну сезімі болады, сол кезде жедел көмек көрсету қажет (катетер салу).
Зәрді ұстай алмау - қуық қабығында болады. Бұл кезде зәрдің бүйректен бөлінуі жылдамдап, ал одан шығуы тезделеді де, оны қуықтан реттеп шығаруын ұстай алмайд
Энурез
Зәрдің ұсталмауы – түнді зәрді еріксіз, өз бетімен ұстай алмауды – энурез дейді. Энурез кезінде - зәрдің бөлінуі дұрыс, бірақ оның құрамында керекті элементтері жоқ болғандықтан, зәрді еріксіз түнде зәр шығару актісіне оны жіберіп қояды.
Зәрдің өзгеруі: сандық және сапалық болып бөлінеді.
Сандық өзгеруге:
* полиурия, олигурия, анурия жатады.
Сапалық – өзгеруі:
* әртүрлі болады. ол зәрдің тығыздығына,реакциясына, түсіне, ашықтығына, құрамындағы ақ уызына байланысты.
Несеп зәр шығару жолдарынан әртүрлі патологиялық шығындар шығады. Олар ірің және үрпінің қабыну кезіндегі заттар. Сұйықтықтың бөлінуі - қалыпты не көп мөлшерде болады.
Зәр шығатын түтік арқылы - екі түрлі сұйықтық шығады:
простаторея – (қуық асты безінің сөлі)
сперматорея – (шәуіттің жыныс қатынаснан тыс бөлінуі).
Шәуіттің өзгеруі – өте ауыр белгі , бұл бедеуліктің себебі.
Олар:
олигоспермия – (шәуіттің аз мөлшерде шығуы),
аспермия – (шәуеттің мүлдем жоқ болуы),
некроспермия – (шәуетте – сперматозоидтың болуы), бірақ, өз қызметінің атқара алмауы.
Қарау: сипап және түртіп тексеру. Науқасты жалпы диагностикалық тексеруден бастайды:қарау, сипау, түрту, тыңдау (өте сирек қолданылады), зәрді тексеру.
Бүйрек іш перденің артында орналасқан, оны ішек иірімдері жауып тұрады, сондықтан тықылдатып көргенде тимпанит дыбысы, ал ісік пайда болса үнсіз дыбыс шығады.
Лабораториялық тексеру әдістері:
Қанның анализі (лейкоцитоз, лейкоциттің формуланың солға жылжуы, ЭТЖ – ның жоғарлауы),
Бүйрек қызметін көрсететін анализдер (қалыпты жағдайда: азот 20-40 мг %, мочевина 20-40 мг %, креатинин 0.6-2 мг%).
Қандағы азоттық зат алмасуы бүйректің қызметін көрсетеді.
Цистоскопия – қуықтың шырышты қабатын, несеп ағардың қызметін индиго кармин сынағы арқылы анықтайды.
Хромоцистоскопия әр бүйректің қызметін индиго кармин сынағы арқылы анықтайды, ол үшін науқасқа 2-5 мл 0.4 % индиго кармин ерітіндісін көктамырға енгізіп тексереді.
Операциялық цистоскоп көмегі мен арнайы инструменттерді енгізу арқылы, қуықтан биопсия алынады.
Рентгенологиялық тексеру:
ол үшін ауруларға - 2-3 күн бұрын диета тағайындайды.
газды сусын (қара нан, сүт) берілмейді.
карболенді күніне 1-4 рет береді.
таң ертең және кешке тазалау клизмасы жасалады.
Контрасттық заттармен сынақ жүргізгенде, урологиялық бөлімнің рентген кабинетінде міндетті түрде реанимацияға керекті жағдайды дайындау керек.
Ультра дыбысты тексеру (УДТ) ағзалардағы патологиялық өзгерістерді анықтайды. Компьютерлік томография арқылы бүкіл мүшелерді тексеруге болады. Зәр шығару жолдарының қабынулары
Бүйректің спецификалық және спецификалық емес іріңді қабынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет