Тақырып №1 Эпидемиологиялық зерттеу әдістері



бет1/5
Дата04.03.2024
өлшемі26.96 Kb.
#494246
  1   2   3   4   5
Тақырып 1. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері (копия)


Тақырып №1
Эпидемиологиялық зерттеу әдістері.
Эпидемиялық процесс күрделі құбылыс болғандықтан, оны зерттеу үшін кешенді әдістер қолданылады. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері медицинаның басқа да салаларында көп жағдайларда пайдаланылады. Мысалы: бақылау, тексеру,тарихи-жағрияпиялық сипаттау мен салыстыру,эксперимент,статистикалық және қисынды талдау т.б.
Эпидемиологиялық зерттеуде қазіргі ғылыми- техникалық жетістіктерде пайдаланылатын көптеген әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы. Мысалы, компьютерлік технологияны пайдаланып, эпидемиялық процестің математикалық үлгілерін және оған болжау жасауды, оның көріністерін қадағалауды және әртүрлі компьютерлік бағдарламалар жасауды; нәзік және өте дәл биохимиялық ,иммуногенетикалық әдістерді пайдаланып, қоздырғыштың жан-жақты қасиеттерін, субмолекулярлық құрылымын зерттеуді , гендік инженерлік технологияны пайдаланып , жаңа иммундық егулер жасауды, т.б. жүзеге асыруға болады.
Эпидемиологияға шектес ғылымдардың әдістемелік құралдарын толық , уақытында , керек орнында пайдалану бұрыннан келе жатқан әдет , олар микробиологиялық , энтмологиялық , иммунологиялық , т.б. әдістер. Сонымен, эпидемиологиялық мақсатқа қолданылған әдістер осы пәнге тән бағытқа ие болады және осы пәнді зерттеуде ерекше орын алады.
Эпидемиялық процестің өзіне тән қасиеті болғандықтан , тек инфекциялық аурулар эпидемиологиясына тиісті әдіс: инфекциялық аурулар ошағын бақылау мен тексеру кезінде жиналған мәліметтерді эпидемиологиялық талдау мен құрастыру және мәліметтерді жан -жақты математикалық, статистикалық әдістермен тексеріп дәлелдеу.
Эпидемиологиялық әдіс - эпидемиялық процестің себеп - салдары байланысын анықтауда пайдаланылатын әдістемелік тәсілдер мен амалдар жиынтығы.
Эпидемиологиялық әдіс - инфекциялық аурулардың пайда болу себептерін , берілу механизмдерін анықтау және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда қолданылатын әдістің жиынтығы. 
1.Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау. Инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру әдісі ең алғашқы және маңызды болып саналады. Бұл әдіс ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін , инфекция қоздырғышының көзін , берілу факторлары мен жолдарын , сонымен қатар жұқтыру қауіп - қатеріне ұшыраған адамдарды анықтау үшін пайдаланылады.
Эпидемиологиялық тексеру эпидемиялық ошақты тежеу және біржола құрту мақсатында індетке қарсы керек шаралардың мөлшері мен бағытын анықтау үшін атқарылады. Ол эпидемиологиялық диагноз қоюмен тәмәмдалады.
Ошақты тексеру мен қадағалау эпидемиологиялық әдістің өзіндік бөлігі болып саналады. Бұл эпидемиолог маманның ең басты және маңызды жұмыстарының бірі. Ошақты эпидемиологиялық тексерудің нәтижесі осы ошақты құрту барысында атрқарылтын әрекеттер туралы шешім қабылдаудың негізі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет