Тақырып №1 Эпидемиологиялық зерттеу әдістері


Эпидемиялық процестің сандық белгілері



бет5/5
Дата04.03.2024
өлшемі26.96 Kb.
#494246
1   2   3   4   5
Тақырып 1. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері (копия)

Эпидемиялық процестің сандық белгілері;

  • Сырқаттанушылық деңгейі ( өлім-жітім, тасымалдаушылық):

  • Сырқаттанушылық даму динамикасы:

  • Жыл ішінде талауы ( маусымдық жоғарылауының қарқыны):

  • Инфекциялық ошақтық көрінісі ( пайда болған уақыты, ошақтардың саны, олардың даму мезгілдері, бір немесе көп науқасты болып бөлінуі).

Эпидемиялық процестің сапалық белгілері:

  • Аумақтар бойынша ( әлем, мемлекет деңгейі немесе жеке аймағы, республика, облыс, аудан):

  • Қала және ауыл тұрғындар арасында бойынша;

  • Әр түрлі жас топтары бойынша;

  • Жынысына қарай;

  • Әр түрлі кәсіптік топтар бойынша ( жұмыс орнында науқастардың саны, ұйымдастырылған балалар мекемелерінде);

  • Халықтың тұрмыстық, ұлттық және басқа топтары бойынша.

Сандық өзгерістер сапаға жеткізеді және керісінше сапалық өзгерістер сандық өзгеріске жеткізеді. Статистикалық мәліметтер ( сырқаттанушылық көрсеткіші, өлім-жітім) эпидемиологиялық талдаудың табиғи элементтері болып саналады. Эпидемиологиялық талдауды жасағанда статистика әдістерін кеңінен қолданылады, яғни экстенсивті және интенсивті көрсеткіштерді.
Эпидемиологиялық талдаудың мақсаты эпидемиялық процеске әсер ететін факторларды, оның таралу заңдылықтарын және індетке қарсы шаралардың тиімділігін анықтау. Эпидемиологиялық талдаудың қорытындысына қарай инфекциялық ауруларға қарсы шаралардың жоспары жасалады.
Эпидемиологиялық жағдайды талдауда эпидемиологтың жинаған әр түрлі материалдармен қатар санитарлық – эпидемиологиялық және басқа да мекемелердің мағлұматтары, ақпараттық негіз болады:

  • СЭҚБ есеп беру құжаттары;

  • Сырқаттанушылық және оны немесе шектеу туралы берілген хабарлар;

  • Ошақты эпидемиологиялық тексеру картасы;

  • Белгілі топтарды диспансерлік бақылау нәтижесі;

  • Қолданыстағы бұйрық пен нұсқаулардың орындалу туралы нәтижелер;

  • Зертханалық зерттеу нәтижесі ( науқас, топырақ, су, тағам);

  • Эпидемиологиялық мәні бар обьектілерді санитарлық тексеру мәліметтері ( су қоймалары, тамақтану орындары, тағам өндіру мекемелері, балалар мекемелері,аурухана, базарлар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет