Тақырып №1 Эпидемиологиялық зерттеу әдістері



бет3/5
Дата04.03.2024
өлшемі26.96 Kb.
#494246
1   2   3   4   5
Тақырып 1. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері (копия)

Эпидемиялық процестің көрінісін болжау.
Ошақты эпидемиологиялық тексеру барлық инфекциялық ауруларға бірдей әдістемелікті қолдану арқылы атқарылады. Оған кіретіндер: аурудан және оны білетін адамдардан сұрау ( эпидемиологиялық анамнез жинау ), ошақты қарап тексеру ,диагноз қоюға және санитарлық гигиеналық зерттеуге керек материалдарды жинап , арнайы зертханаларға жеткізу, диагноз қоюға көмектесетін құжаттарды зерттеу. Ошақты эпидемиологиялық тексеру мен қадағалаудың мақсаты ошақтың шекарасын анықтау, яғни инфекцияның таралу шеңберін белгілеу, індетке қарсы шараларды ұйымдастыру.
Эпидемиологиялық тексеру барысында жиналған мағлұматтар ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін анықтауға және оны құрту әрекеттері туралы қорытынды жасауға негіз болады. Инфекциялық аурулардың әрбір топтарының өзіне тән ерекшеліктері болады , сондықтан эпидемиологиялық тексеру жұмысы осы ерекшеліктерді ескере отырып атқарылады.
Ошақты эпидемиологиялық тексеру жұмысының кұрал ретінде антропонозды инфекцияларда: №328/у есеп үлгісі - " Инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы ", №329/у есеп үлгісі- " Зоонозды аурулар ошағын эпидемиологиялық, эпизоотологиялық тексеру картасы " пайдаланылады.
Аумақты санитарлы - эпидемиологиялық барлау мен сараптау эпидемиологиялық тексерудің бір бөлігі және ерекше әдісі болып саналады. Эпидемиологиялық барлау мен сараптау әдісінің мақсаты- аумақта аурудың пайда болу мүмкіндігін дәлелдейтін мағлұматтарды жинау және эпидемиологиялық жағдайды асқындырмау шараларына байланысты арнайы әрекеттермен ұйымдастыру жұмыстарын атқару.
Зертханалық , энтомологиялық , паразитологиялық және басқа жұмыстарды атқарудың басты мақсаты - аурудың этиологиясын , эпидемиялық процестің жағдайы мен пайда болу себептерін анықтау.
2. Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер. Аналитикалық эпидемиологиялық зерттеудің мақсаты- эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау барысында инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралу туралы диагностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.
Болжауды тұжырымдау және тексеру эпидемологтың қызметіндегі ең жауапты кезең. Бастапқы болжауды тексеру барысында жаңа болжау пайда болу мүмкін, оны тағы да тексеру қажет. Эпидемиологиялық болжау әр уақытта эпидемиялық процестің белгілі бір заңдылықтарына негізделеді. Оның көріністерін тексеру барысында эпидемологтың болжауының дұрыс болып шығуы мүмкін. 
3.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет