Тақырып 5 Цестодоздар. Тениидоздар Цестодалар және цестодоздар Цестодалар


Шынжыр құрттар бірнеше текке бөлінеді



бет4/4
Дата01.12.2023
өлшемі18.36 Kb.
#485108
1   2   3   4
паразит 5

Шынжыр құрттар бірнеше текке бөлінеді.
Тенияталар –Taeniata – тегі бiр ғана тенииде (Taeniidae) тұқымдасынан тұрады. Сколекстерi қарулы немесе қарусыз. Ересек құрттар адам мен ет қоректiлердiң iшегiнде тiршiлiк етедi, ал ларвоцисталары (цистицерк, ценур, эхинококк, альвеококктар) – сүтқоректiлердiң дене мүшелерi мен ағзаларын мекеңдейдi.

Аноплоцефалята - Anoplocephalata – тегі аноплоцефалиде (Anoploсehalidae) және авителлиниде (Avitellinidae) тұқымдастарына жіктеледі. Сколекстерi қарусыз. Құрттардың ересек сатысы тұяқты малдар мен кемiргiштердiң паразиттері, ал ларвоцисталары (цистицеркоид) – буынаяқтыларда дамиды.
Гименолепидаталар – Hymenolepidata – тегі екi тұқымдастыққа бөлiнедi.
Олар: дипилидиелер (Dipilidiidae) мен гименолепидидилер (Нymenolepidata). Солекстерi қарулы. Ақтық иелерi – құс пен сүтқоректiлер, аралық иелерi әртүрлi омыртқасыздар. Ларвоцисталары – цистицеркоид;
Давенеаталар - Davaineata – тегіне жататын құрттардың да ветеринариялық маңызы зор. Олардың да сколекстерi қарулы. Ақтық иелері – әр түрлі құстар, ал аралық иелері – ұлулар немесе буынаяқтылар. Ларвоцисталары – цистицеркоид.
Баулы құрттардың (Pseudophillidea) құрылымы бөлекше келеді. Олардың сколексiнде сорғыштары және ілмекшелері болмайды, олардың орнына екi (немесе төрт) саңлаулары (ботриялар) бар. Жыныс мүшелерi өзiнiң құрылымы жағынан шынжыр құрттарға қарағанда, сорғыштарға жақынырақ келедi. Сорғыш құрттар сияқты, олардың жатыры жабық емес ашық, сондықтан қоршаған ортаға құрттың жұмыртқалары шығады. Баулы құрт жұмыртқаларының бiр ұшында, трематодалар жұмыртқалары сияқты қақпақшасы бар. Балаңқұрттары екі түрлі. Процеркоид – денесi ұзындау, алдыңғы жағында бiлiне бастаған саңлауы, ал артында шар тәрiздi қосалқысы бар. Аралық иелерi шаянтәрiздiлер немесе ескекаяқтылар. Плероцеркоид – ұзындығы 1 мм-ге жетедi, ботрийлерi айқындалған, қосымша иелерi-әртүрлi балықтар.
Лентецтердiң өсiп-өну циклі бес кезеңнен өтеді: 1) құрт жұмыртқасының судағы эмбриогенездік дамуы; 2) суда еркiн жүретін корацидийлік сатысы; 3) аралық иелері – ескек аяқтылар денесiнде дамыған процеркоид сатысы, 4) балық денесінде дамыған плероцеркоид сатысы; 5) ақтық иелері асқорыту жолдарында дамыған ересек сатысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет