Тақырып Азық қоректілігін бағалау



бет2/3
Дата11.09.2024
өлшемі26.96 Kb.
#503587
1   2   3
1,2 лекция каз

Әдебиеттер:


  1. Баканов В.Н., Менькин В.К: Кормление сельскохозяственных животных (учебник). Агропромиздат, 1989.

  2. Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных. – М: Колос, 1981.

  3. Дмитриченко А.П., Пшеничный Г.Д. Кормление сельскохозяйственных животных (учебник). – М: Колос, 1975.

  4. Попов И.С. Кормление сельскохозяйственных животных. Учебник. – М.: 1957.

  5. Петухова Г.А., Емелина Н.Т., Крылова В.С., Мартянов И.М., Антонова О.А. Практикум кормление сельскохозяйственных животных. – М: ВО. Агропромиздат,1990.

  6. Петухова Е.А., Бессербова Р.Ф., Халенова Л.Д., Антонова О.А. Зоотехнический анализ кормов. – М: ВО. Агропромиздат, 1989.

  7. Калашникова А.К., Клейманов А.К. и другие. Нормы и рационы кормлению сельскохозяйственных животных. – М: Агропромиздат, 1985.

  8. Егеубаев А.А.; Кусайнов К.К. и другие Кормление животных. І-ІІ часть. Учебное пособие. 1993.

  9. Омарқожаев Н.О. Малды құнарлы азықтандыру. Оқу құралы. Алматы. 1993 ж.

  10. Омарқожаұлы Н.О. Малды тиімді азықтандырудың ғылыми негіздері.Алматы-

  11. Онғарбаев Т.А., Аманжолов Қ.А. Мал азықтандырудың мөлшерімен рациондары. – Алматы, 2009.



Тақырып 2. Азықтар, азық туралы ұғым, оны жіктеу.




Дәрістің мақсаты: Азық құрамына, оның қоректілігіне әсер етуші факторлар. Азықтық дақылдар селекциясы мен оларды өсіру аймағының азықтық құрамына және қоректілігіне тигізетін әсері.


Дәріс жоспары:


    1. Азық құрамы

    2. Дәнді азықтар.

Азық құрамына, оның қоректілігіне әсер етуші факторлар. Азықтық дақылдар селекциясы мен оларды өсіру аймағының азықтық құрамына және қоректілігіне тигізетін әсері. Азық өндіру ісін химияландыру, агротехникалау, азық дайындау технологиясының азық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері. Негізгі азық топтары, оларды жіктеу. Азық сапасын шаруашылық және зоотехникалық тұрғыда бағалау әдістері. Азыққа қойылатын семлекеттік стандарттар. Химиялық құрамы,оның қоректілігі мен диетикалық қасиеті.


Малға үзбей көк балауса беру үшін пайдаланылатын дақылдар, табиғи көк азық және мәдени жайылымдық дақылдардың қоректілігі.
Еліміздің түрлі аймағында өсірілетін көк азық пен жайылымдарды тиімді пайдалану. Мал түрлері үшін көк азықты азықтандырар алдында даярлау, оның азықтандыру мөлшері (нормасы).
Азық сүрлеудің ғылыми негізі, жоғары сапалы сүрлем дайындауға қажет жағдайлар. Сүрлеу үшін қолданылатын негізгі сүрлемдік дақылдар. Аралас сүрлем. Сүрлемді азық ылғалдылығын азайту арқылы дайынау. Азықты химиялық жолмен консервілеу. Сүрлемнің қоректілігі мен сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттар. Сүрлем қоректілігіне, сақталуына және ордан алынғанда сапасына әсер ететін жағайлар.
Пішендеме дайындаудың ғылыми негізі. Әртүрлі азықтық дақылдардан дайындалған пішендеменің қоректілігі мен құрамы. Мал азықтандыруда пішендемені тиімді пайдалану жолдары. Пішендеменің сапасы мен қоректілігіне қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары, сақтау әдістерінің пішендеме сапасы мен қоректілігіне тигізетін әсері. Сүрлем пен пішендеменің сапасын бағалау тәсілдері. Малға беру мөлшері. Пішен Жоғары сапалы пішен дайындаудың ғылыми негізі. Көк азықты кептіру барысында пішеннің химиялық құрамы мен қоректілігіне биохимиялық үрдістердің тигізетін әсері. Түрлі технологиялық кестемен кептірілген көк азықтан дайындалған пішеннің құрамы мен қоректілігі. Витаминді пішен мен шөп ұнын дайындау.
Пішен сақтау тәсілдері, оның химиялық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері. Мемлекеттік стандарт бойынша пішен түрлері, кластары. Пішен сапасы мен қоректілігіне мемлекеттік стандарт талаптары. Пішен сапасын бағалау тәсілдері. Пішенді малға беру мөлшері. Азықтарды қолдан кептіруШөп ұны мен шөп кесіндісін дайындаудың ғылыми негізі. Көк шөпті кептіруге қойылатын талаптар. Химиялық құрамы мен қоректілігі. Шөп ұны мен шөп кесіндісін сақтау әдістері. Азықтың каротиндік құрамын тұрақтандыру
/брикеттеу, түйіршіктендіру, антиоксиданттар қосу, инертті газдарды араластыру/.
Қолдан кептірілген шөп ұны сапасына қойылатын Мемлекеттік стандарт талаптары. Шөп ұны, шөп кесіндісін малға беру мөлшері мен әдістері.
Сабан және басқа ірі азықтарАстық және бұршақ тұқымдас дақылдар сабаны, оның құрамы, қоректілігі. Сабан сапасына қойылатын МЕСТ талаптары. Сабанды сүрлем дайындауда пайдалану, жаз айларында ірі қараны сабанмен азықтандыру (топан, қабық, жүгері собығы, күнбағыс қалпақшасы т.б. ағаш бұтақтары).
Ірі азық қоректілік құндылығын және оның желінуін жоғарлату тәсілдері (механикалық, химиялық, биологиялық, гидротермиялық). Тиімді пайдалану және азықтандыру мөлшері.
Тамыр-түйнек жемістер мен бақша дақылдары. Тамыр-түйнекті жемістілер (қызылша, жартылай қантты және азықтық қызылша, брюква, сәбіз, турнепс, картоп және жепралмұрты т.б.), олардың химиялық құрамы және қоректілігі. ¦зақ сақтау әсерінен құрамындағы қоректік заттардың азаюы, оны алдын-алу жолдары. Тамыр -түйнек жемістерді малға беруге әзірлеу. Асқабақ, азықтық карбыз, қырыққабат. Тиімді пайдалану және азықтандыру мөлшері.Тамыр-түйнекті жемістілер мен бақша дақылдарына қойылатын мемлекеттік станрт талаптары.
Дәнді азықтар. Дәнді азықтардың мал азықтандырудағы маңызы. Бұршақ және астық тұқымдас дәндері, олардың химиялық құрамы және қоректілігі.
Дәнді азықтарды малға беруге әзірлеу (ұнтақтау, ашыту, ыстықпен өңдеу, булау, сығу, бөрттіру, жаншу т.б). Тазартылып және сортталғаннан қалған дән қалдықтарын пайдалану. Дәнді азықтар мен олардың қалдықтарын үнемдеу әдістері. МЕСТ бойынша қойылатын талаптар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет