Гсндердің дифференциалды белсенділігі
Зерттеушілер Жакоб және Мононың жұдырыстарында клетка белгілі бір заттарды жасап шығарып кана қоймайды, сонымен бірге кажет болса ол заттарды жасап шығаруды токтата алады деп көрсеткен. Мұндай реттеу үш типті гендер - құрылымдық гендер, ген-операторлар және генреттеушілер арасындағьг өзара әрекеттесу аркылы іске асырылады екен.
Озара эрекеттесу құбылысын зерттегенде негізгі эсер гендері, яғни белгінің немесе касиеттің дамуын белгілейтін гендер ашыдцы. Негізгі геннің әсерін күшейтетін немесе әлсірететін, ягаи белгінің көрінуін күшейтіп немесе элсірететін гендер табылды. Олар модификатор гендер деп аталды.
Құрылымдық геннің белгілі бір ферментгі ендіру қабілеті бар. Бұл ферментгі синтездеу керек уақытында не тоқтатылып, не қайта басталуы тиіс. Мұндай реттеуді ген-операторлар немесе реттеуші-геңдер іске асырады. Ген-оператор ген-реттеушінің бұйрыгы бойынша құрылымдық геннің активтігін қосып немесе токтатып отырады. Ген-репрессордың негізгі екі касиеті бар:
1. Олар ДНҚ-ның ген-операторлар орналасқан белгілі бір учаскелерін анықтауы тиіс.
2. Индукторлардың молекулалары танып-біле алатындай учаскелері болуы тиіс.
Ген-реттеунің (TP) бақылауымен синтезделген репрессордың (Р) молекуласы хромосомадағы оператор учаскесін (0) тауып, оны тұйықтайды. Осыдан кейін кұрылымдық гендер (КГ) жұмыс істеуін токтатады.
Клеткаға лактозаның молекулалары және олардың ыдырау өнімдері енгеңде, лактоза иңдукторларға айналады да репрессорды тауьш, оған қосылады. Нәтижесінде репрессор Р ген-операторды босатады және құрылымдық гендердің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Аралықтұкым қуалау зандылықгарын, көптеген гүлдерді: есінекті, тунсұлуды, хош иісті бұршақтьщ кейбір сортгарьгя (күлтелері қызьш АА және ақ аа түсті) будандастырғанда байқауға болады. Будандардың бірінші ұрпағы біркелкі, бірақкүлтелері алкызыл түсті бодды. Екінші ұрпақ фенотип және генотип бойынша 1:2:1 катынасымен ажырады, яғни өсімдіктердің бір бөлігі қызыл күптелі (АА), екі бөлігі қызғылт күлтелі (Ла) және бір бөлігі ақ күлтелі (аа) болады.
Генетика ғылымы жаңа дамып келе жатқан кезде бір ген бір белгінің іске асуьша эсер етеді деп есептелетін. Жарты ғасырдан кейін белгі неғұрлым кұрделі болтан сайын, оны бакылайтын гендер саны соғярлым көп болатындырына даусыз әледдемелер альшды. Сірә, бірнеше ген бір касиетті (көздің тұсі, шаштың түсі және т. б.) аныктайтын болса, онда олар өзара әрекетгесуі тиіс. Геңдердің өзара әрекеттесуінің бірінші мьюаддарыньщ бір тауыктардың жаңғақ тәрізді айдарының тұқым қуалауы болды. Айдардың бұл түрі екі доминанты ген (А, В) берілген жеке организмде эзара әрекеттесетін болса ғана дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |