Тақырып Кіріспе. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы



бет29/40
Дата14.05.2024
өлшемі0.8 Mb.
#501036
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
1-лекция

Экскурсия (лат. Excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық.
Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғыл. жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т.б. Экскурсиялар болады. Экскурсия оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда Экскурсия оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық және мектептен тыс Экскурсиялар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты спектлерді қарастырады.
Экскурсияларды топқа бөлу жаңа экскурсия дайындаған процесінде үлкен мағынасы бар. Экскурсияларды жүйелеу көптеген экскурсия саласының жұмысшыларының, зерттеушілерінің көп уақыт ішінде зерттеген. Бірінші бұл мәселе туралы өткен ғасырдың 20-жылдары көрсетілген. Экскурсия ісі дамыған сайын әр түрлі жүйелер ұсынылған. Бірақ 1970 жылдары ғана келесі жүйеге тоқталды:
1. Мазмұны бойынша;
2. Қатысушылардың құрамына, санына қарай;
3. Өткізген орнына қарай;
4. Жылжу тәсіліне қарай;
5. Экскурсияның ұзақтылығына қарай;
6. Өткізу түріне қарай.
1) Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 шағын топқа бөлінеді:
1. Шолу экскурсиялар. Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Бұндай экскурсиялар көпжоспарлы деп аталады. Оларда тарихи және қазіргі мәліметтер қолданылады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объектілерді – тарихи-мәдени ескерткіштер, ғимараттар ме нқұрылыстарды, табиғи объектілерді, кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы құрастырылады. Шолу экскурсияларда оқиғалар ірі жоспармен баяндалады. Ол қала, мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Шолу экскурсияның ерекшеліктері бар: кез келген қалада олар бір-бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады, қаланың тарихы, кәсіпорынның тарихы, сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардан тұрады.
2.Тақырыптық экскурсия. Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Тақырыптық экскурсия бірнеше топтарға бөлінеді:
1) Тарихи экскурсия – мазмұны бойынша бірнеше кіші топқа бөлінеді:
а) тарихи-өлкетану;
ә) археологиялық;
б) этнографиялық;
в) тарихи-өмірбаяндық;
г) тарихи мұражайларға бару;
ғ) тарихи шайқастар болған жерге бару.
2)Өндірістік экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:
а) тарихи өндірістік;
ә) экoномикалық өндірістік;
б) техникалық кәсіптік.
3) Өнерге байланысты экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:
а) тарихи-театралдық;
ә) тарихи-музыкалық;
б) халықтың қол өнері;
в) көрме залдарына экскурсия ұйымдастыру.
4) Әдебиет экскурсиялары келесі топтарға бөлінеді:
а) әдеби-өмірбаяндық;
ә) тарихи-әдебиеттік;
б) көркем-әдебиеттік.
2) Қатысушылар құрамына, санына қарай. Қатысушылардың құрамына байланысты келесі бөлімдерге бөлінеді:
1. Жеке;
2. Жергілікті халық үшін;
3. Шетелдік туристер үшін;
4. Ересек адамдар үшін;
5. Мектеп оқушыларына.
Әр топтың өз ерекшеліктерін ескере отырып, экскурсия мазмұнына жүргізілу техникасы мен тәсілінің ұзақтылығына өзгерістер енгізіледі. 3) Өткізген орнына қарай экскурсиялар келесі түрлерге бөлінеді: 1. Қалалық;
2. Қала маңы;
3. Өндірістік;
4. Мұражайлық;
5. Комплексті.
4) Жылжу тәсіліне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. Жаяу;
2. Әр түрлі транспортты қолдану арқылы жүргізу.
5) Экскурсияның ұзақтылығына қарай 1 академиялық сағаттан 1 тәулікке дейін болады. Қысқа мерзімді турлар (3-4 тәулікке дейін) демалыс күнгі маршруттар деп аталады және солардың барысында бірнеше экскурсиялар жүргізілуі мүмкін.
6) Өткізу түріне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. Экскурсия-серуендеу;
2. Экскурсия-лекция;
3. Экскурсия-музыкалдық;
4. Жарнама экскурсиясы.
Сонымен, дұрыс жүйеленген экскурсия экскурсоводтың клиенттермен жұмысын жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Заңдылықты пайдалана отырып дайындалған экскурсия нақты топтың сұраныстарын іске асыруға мүмкіндік береді

Экологиялық практикумды ұйымдастыру барысында табиғатта өткізілетін өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру:



  • пәнаралық байланысқа негізделген интегралды сабақтар;

  • жарыс және ойын формасындағы сабақтар: байқау, турнир, іскер немесе ролдік ойындар;

  • қарым-қатынастың көпшілік формаларын имитациялау сабақтары: пресс-конференция, аукцион, ауызша журнал т.б.;

  • мемлекеттің және ұйымдардың іс-әрекетін имитациялауға негізделген сабақтар: сот, парламенттегі дебаттар;

  • қоғамдық-мәдени шараларды имитациялаудың сабақтары: өткенге сырттай экскурсия, жорық, әдеби серуен;

  • сабақтан тыс дәстүрлі формаларды сабақ шеңберіне енгізу, көңілділер, тапқыштар клубы, «Не? Қайда? Қашан?», инсценировка.

  • сабақтың түрін таңдап алғанда тақырыптың мазмұнын, оқушылардың даярланғандық дәрежесін, материалдық базаны, мұғалімнің мүмкіншілігін, оқулықтардың, көмекші оқу құралдарын т.б. есепке алу керектігін тәжірибе көрсетті.

  • Көптеген қазақ мектептерінде жұмыстың топтық формасы бар сабақтарды, театрландырылған, ойын сабақтарын өткізуге жағдай жоқ. Өкінішке орай, біраз оқушылардың білім деңгейінің төмендігі іскер ойындар, шығармашылық, «сот» т.б. сабақтарды өткізуге қолбайлау болып отыр. Зерттеу, түпдеректі талдау, бинарлық /қосарланған/ сабақтарды өткізейін десе оқулық, қосымша оқу құралдары жетіспейді.

сабақтарға дидактикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық, ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б. талаптар қойылады. Кейбіреулерін көрсете кетелік:

  • оқушылардың қызығушылығын, ықыласын т.б. ескере отырып дәстүрлі емес сабақты өткізуге қажетті жағдайды қамтамасыз ету;

  • оқушының барлық аясын дамытуға себептендіру және белсендету жұмысын жүргізу;

  • дәстүрлі емес сабақта жедел кері байланысты, пәрменді қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;

  • педагогикалық әдепті сақтау, оқушылармен қарым-қатынасты, бірге іс-әрекет жасауды жоғары дәрежеде жүргізу;

  • оқушылардың дамуында жаңа сапалы өзгерістерді жүзеге асыруды стимулдау.

Өзіндік сабақтарды талдағанда жалпы сұрақтармен бірге мына сұрақтарға жауап алудың қажеті бар сияқты:

  • сабақты даярлауға оқушылардың қатысуы, белсенділігі;

  • қолданылатын жадығаттың қызығушылық, еліктеушілік әдеттен тыс дәрежесі;

  • оқушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдаудың тәсілдері, жолдары қандай болды;

  • сабақ барысында оқушыларды толықтыруға, түзетуге, рецензиялауға т.б. қаншалықты қатыстырылғандығы.

Осы орайда төмендегі мәселелер ескерілуі тиіс:

  • оқу мазмұнының танымдық бағытталғандығы;

  • сабақтың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарының дұрыс қойылуы;

  • сабақтың мақсатына, мазмұнына сәйкесті түрін, құрылымын, оқыту әдістерін талдау;

  • оқытудың мұғалім мен оқушылардың диалектикалық өзара байланысы екені туралы ұғымды білдіретіндігі;

  • білімді меңгеру үрдісінің құрылымын, яғни қабылдау, түсіну, ұғыну, жинақтау, бекіту, қолдануды жүзеге асыру;

  • проблемалық оқытуды сабақта іске асыру жағдайлары;

  • сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың фронтальды, топтық және жеке жұмысына қатынасы;

  • сабақта оқыту мен тәрбиелеу ұстанымдарының орындалуы.

Мұғалімнің жұмысының маңызды кезеңі – сабақтарды даярлау мен өткізу. Әдіскер ғалым Ю.Л.Львова сабаққа даярлануға байланысты мынадай әдістемелік ұсыныстар береді:
1. Сабаққа күні бұрын даярлану (оны өткізуден 2-3 күн бұрын) пәннің логикалық құрылымындағы тақырыптың алатын орнын анықтап, алдыңғы және кейінгі тақырыптармен байланыстырып, сол арқылы оның танымдық мәнділігін анықтау.
2. Осы тақырып бойынша мұғалімнен немесе әдіскерлерден кеңес алу.
3. Тақырып бойынша оқулық жадығатын талдап, университетте оқыған пәндердің сай келетін бөлімдерін, барлық қосымша жадығаттарды зерттеу (әдістемелік басылымдар, журнал мақалаларын қарау т.б.).
4. Сабақ – ізденімпаздық үрдіс нәтижесі. Әдістемелік құралдардың жағдайын сыни көзбен қарап, жаттандылықтан аулақ болу.
5. Сабақтың мақсатын анықтап, нақтылау қажет (білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық, оның жан-жақты шешілуін қамтамасыз ету).
6. Оқу жадығатының мазмұнын тиянақты ойластыру. Оның мақсатын, міндеттерін оқушылардың оқу мүмкіндіктерімен сәйкестендіру.
7. Конспект-жоспар құрып, сабақтың түрін, құрылымын ойластыру. Оның әр бөлімінің тезисін жасау.
8. Сабақты оқу үрдісінің дидактикалық ұстанымдарына сай, дамытушылық, іс-әрекеттік ыңғай теорияларына сүйене отырып жүргізу.
9. Сабақтың әр бөліміне нақты дидактикалық міндетті қою, оны шешуге арнаулы уақыт бөлу, оқушы іс-әрекетінің түрін ойластыру.
10. Сабақта қолданылатын оқыту әдістерінің жүйесін ойластыру:
а) оқушының танымдық қызығушылығын, парыз, жауапкершілік сезімін арттыру, оқудың әлеуметтік мәнін көрсету;
ә) оқушы іс-әрекетінің барысын, нәтижесін тексеру;
б) оқушы іс-әрекетінің барысы мен нәтижесін тексеруде өзін-өзі тексеруін қамту.
11. Фронтальдық, топтық және жекелік танымдық қызметті ұйымдастырудың тиімді арақатынасын анықтау.
12. Көрнекі құралдарды, дидактикалық жадығаттарды даярлап алу.
13. ҚМЖ құрастырып жасағаннан кейін пән мұғалімдері мен әдіскерлерден кеңес алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет