Тақырып Мемлекеттік басқару ұйымдастыру-экономикалық категория ретінде


Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайлары



бет11/12
Дата11.09.2022
өлшемі57.98 Kb.
#460548
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Лекция 1

1.3. Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайлары. Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін керекті анықталатын жағдайлар: экономикалық, әлеуметтік және құқықтық т.б.
Экономикалық жағдай – бұл бірінші кезекте тауарға ұсыныс және оларға сұраныс; сатып алушылардың сатып алатын тауар түрлері; сатып алуға жұмсалатын ақша құралдарының көлемі; еңбек ақы деңгейіне әсер ететін жұмыс орындары, жұмысшы күшінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі және олардың тауарды сатып алу мүмкіндігі.
Жалпы экономикалық жағдайға ақша ресурстарының болуы, оларды алудың ыңғайлы жолы, инвестицияланған капиталдың кіріс деңгейі, қарызға алынған құралдардың шамасы елеулі әсерлерін тигізеді.
Мұның барлығымен нарық инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар айналысады. Олардың көмегімен кәсіпкерлер іскерлік қарым-қатынастармен коммерциялық операцияларды жүргізеді. Оларға банктер (қаржылық қызмет көрсету), жабдықтаушылар (шикізатпен, материалмен жабдықтау бұйымдарымен, энергиямен, машина және қондырғылармен, құралдармен және т.б. қамтамасыз ету), көтерме және жеке сауда жасаушылар (тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін көрсету), мамандандырылған фирмалар мен мекемелер (құқықтық, бухгалтерлік, делдалдық қызмет көрсету), жұмысқа орналастыру агенттіктері (жұмысшы күшін таңдау қызметін көрсету), оқу орындары жұмысшы мен маман-қызметкерлерді дайындау), т.б. агенттіктер (жарнамалық, көлік, сақтандыру), байланыс құралдары мен ақпаратты жеткізу жатады.
Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда экономикалық жағдайларға әлеуметтік жағдайлардың жақын болуы қисынды болып табылады. Ең алдымен сатып алушылар әр уақытта өздеріне сай, көңілге қонымды тауарларды сатып алуға тырысатынын естен шығармау керек. Уақыт аралығы өткен сайын сұраныстың өзгеруі мүмкін. Оған әлеуметтік-мәдениеттік ортаға қатысты әртүрлі факторлар әсер етеді. Мұндай жағдай тұтынушылардың өмір салтына да ықпал жасай алады. Өз кезегінде өмір салты тұтынуға, тауарға деген сұранысқа қатысы бар екендігін білдіреді. Әлеуметтік жағдай жеке адамның жұмысқа деген ықыласына да әсерін тигізбей қоймайды. Ол өз кезегінде еңбекақы шамасына, еңбек жағдайына әсерін тигізеді.
Кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісіне қанағттана білуі керек. Ол өз қызметкерлерінің еңбек ісіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыспен қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату, оларды қайта дайындау, оқыту маңызды роль атқарады: атап айтқанда, кәсіпкерлік істі жүргізудің жаңа тәсілдерін оқытуды ұйымдастыру; жетілген мемлекеттерде жұмыскерлерді оқыту, стажировка жүргізу; кәсіпкерлік істі жүргізуді оқытатын оқытушыларды дайындау немесе жалдау; кеңес беру орталықтарының жүйесін жасау.
Кез келген кәсіпкерлік іс өз қызметін белгілі бір құқықтық нормалар бар ортада жүзеге асырады. Сондықтан белгілі бір құқықтық жағдайлардың болуы маңызды. Оған бірінші кезекте – кәсіпкерлік істі реттейтін, оның дамуына дұрыс жағдай жасайтын, заңдардың болуы. Атап айтқанда, кәсіпорындарды ашу және тіркеу рәсімінің (процедурасының) қарапайым түрде болуы; кәсіпкерді мемлекеттік бюрократизмнен қорғау; салық заңдылықтарының өндірістік кәсіпкерлік істі дамыту бағытында жетілдіру және Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің шетел мемлекеттерімен бірлесіп жұмыс істеуін дамыту. Бұның ішіндекіші кәсіпкерлікті қолдайтын орталықтарды ашу, статистикалық есеп беру формалары және санау тәсілдерін жетілдіру жатады. Кәсіпкерлік істің құқықтық кепілдігі болуының маңызы зор (мысалы: меншіктік құқық, міндеттемелер бойынша жауап беру және т.б.).
АҚШ-тың кәсіпкерлік іс ортасында бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан заңдар жүйесін мысал етіп көрсетуге болады.
Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің керектігін негіздей отырып, Ф.Котлер осы заңдардың пайда болуын үш негізгі себептің әсер етуімен түсіндіреді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет