27-сабақ. 4.19.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Түсініктеме (түсінік хат) құру.
Түсініктеме – негізгі құжаттың жекелеген ережелерін түсіндіретін немесе қандайда бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат.
Мазмұны бойынша түсініктеме екіге бөлінеді. Бірінші топқа негізгі құжатқа (жоспарға, есепке) ілесіп жүретін және негізгі құжаттың жекелеген ережелерін түсіндіретін құжаттар кіреді. Олар кәсіпорындардың жалпы бланкілерінде ресімделеді. Екінші топқа қандайда бір оқиғалар, қалыптасқан жағдайлар, жекелеген қызметкерлердің әрекеттері мен тәртібіне байланысты түсіндірме жазбалар кіреді. Мұндай жазбалардың мәтіні дәлелді, қысқа болуы керек. Түсініктеме – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір келеңсіз жағдайға байланысты түсінік берілетін құжат. Басшы талап еткен кезде, келеңсіз жағдайға ұшыраған адам түсінік беру үшін жазады.
Деректемелері: мекеменің атауы, мекеме басшысының лауазымы, атыжөні, тегі, құжаттың атауы, мәтін, мазмұнының тезисі, мәтін мазмұны, түсінік берушінің қызметі, қолы, аты-жөні, тегі, мерзімі.
Бақылау сұрақтары:
1)Түсініктеме (түсінік хат) қандай құжат?
Мазмұны бойынша түсініктемелер неше түрге бөлінеді?
Түсініктемені қандай адам жазады және кімнің атына жазады?
Түсініктеменің деректемелері қандай?
Түсініктеменің мәтіні қандай болуы тиіс. Бақылау тапсырмалары:
1)Келесі сөздерді, сөз тіркестерді аударыңыз: объяснительная записка, объясняет, основной документ, сопровождает, текст должен быть понятным и кратким, должность, дата.
2) Берілген сөздерден сөйлем құрыңыз: ауырып, кеше, болғандықтан, дәрігердің қабылдауында, болмадым, сабақта. 3) Түсініктеме жазыңыз (сабақта болмаған туралы).
28-сабақ. 4.20.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Баяндау хат.
Баяндау хат – кәсіпорын басшысына арналған қандай да бір мәселені, фактіні жан-жақты қамтып баяндаған құжат. Ол ұсыныстардан, тұжырымдардан, жұмыстың орындалуы туралы мәліметтерден тұратын құжат. Баяндау хат басшыны қандай да бір фактілер, оқиғалар туралы хабардар ету қажеттілігі туындағанда немесе басшының нұсқауымен және осы мәселе бойынша құрастырушының ұсынысы болуы мүмкін. Мақсаты – басшының белгілі бір шешім қабылдауына себеп болу.
Баяндау хаттың мазмұнын ашатын тақырыбы болады. Құжаттың осы түрін ресімдеу адресатқа байланысты. Баяндау хат ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Баяндау хаттың күні оған қол қойылған күн болып есептеледі. Кәсіпорын қызметінің негізгі қызметі бойынша баяндау хаттар 5 жыл сақталады. Баяндау хат ішкі болған жағдайда қолмен жазылады. Кімге, кімнен жазылғаны, мекеменің атауы, жазылған орны, тақырыбы, мәтіні, мерзімі көрсетіледі. Жоғары жаққа жіберілсе, онда компьютермен басылып, мекеме басшысы қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |