Тақырыпт ық жоспар


-сабақ. 4.16.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Қызметтік хат құру



бет21/27
Дата21.09.2023
өлшемі1.64 Mb.
#478193
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Мемлекеттік іс қағаздан ҚМЖ 2024 ке

24-сабақ.
4.16.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Қызметтік хат құру.
Қызметтік хат – бұл қандай да бір мәселе туралы мекемелермен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын құжат. Қызметтік хат – әр түрлі мазмұндағы үлкен тобының жиналған аты. Ол басқару құжаттарға жатады. Мазмұны және мақсаты бойынша келесі хаттарға бөлінеді: кепілдік беру, ақпараттық, жарнамалық, коммерциялық, сұрату хат, хабарлау хат, шақыру хат, жауап хат, өтініш хат, хабарлама хат, еске салу хат, ілеспе хат, бастама хат т.б. Мәтіні қарапайым жазылады, бір мәселеге ғана арналады және анық, нақты айтылады. Мәтіні екі бөліктен тұрады: 1) кіріспе; 2) негізгі. Кіріспеде себептері көрсетіледі, ал негізінде мақсаты айтылады (ұсыныс, бас тарту, өтініш, кепілдік беру т.б.). Хатты жақсы қабылдау үшін дөреке, үзілдікесілді сөздерден аулақ болған жөн. Сөздері: бұрынғыша, мүмкін, өтінемін, ұсыныс енгіземіз, түсіндіреміз, кәсіпорын өтініш жасайды, ұсынамыз деген сияқты болған дұрыс. Хатта көрсетілген фактілері объективті болу керек, хаттың жалпы тоны қалыпты (нейтральный) болуы тиіс. Бастапқы және қорытынды сөздер мен сөз тіркестері болып : «Байланысты », «Ерекше жағдайда», «мақсатында», «сәйкес», «айырбастау» деген тіркестер қолданылады. Адресатқа «Сіздің ұсынысыңызды мұқият қарап...», «Сіздің ескертпелеріңізді жан-жақты зерделеп...», шешімдер қабылдағанда: «есепке ала отырып», «назарға ала отырып», «басшылыққа ала отырып» және т.б. тіркестер қолданылады.Қызметтік хаттардың мақсаты іс-әрекетке кірісудің қажеттігін сендіру, көрсету, түсіндіру.
Қызметтік хаттар түрлері:
1.қызметтік – служебные
2.ілеспе – сопроводительные
3.хабарлама хат – письмо-извещение
4.жарнамалық хаттар – рекламное письмо
5.шақыру хат – письмо-приглашение
6.растау хат – письмо-подтверждение
7.ескертпе хат – письмо-напоминание
8.бастама хат – инициативное письмо
9.кепілдік беру хат – гарантийное письмо
10.коммерциялық хат – коммерческое письмо
11.жауап хат – письмо-ответ Бақылау сұрақтары:
1)Қызметтік хат деген қандай құжат?

  1. Ол қандай құжаттарға жатады?

  2. Мазмұны мен мақсаты бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Мәтіні қандай болуы тиіс?

  4. Қандай сөздерді пайдаланған жөн? Бақылау тапсырмалары:

1)Мына сөз тіркестерді аударыңыздар: қызметтік хаттар, кепілдік беру хат, бастама хат, жарнама хат, жауап хат.
2) Сөйлем құрыңыз: сөздер, біз, үміттеміз, қажетті шаралар, қолданып, нәтижесін, оның, хабарлайсыз, бізге, деген. 3) Шақыру хат жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет