Тақырыптық-күнтізбелік жоспар



бет7/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#125410
1   2   3   4   5   6   7   8

Түсінік хат
«Физика» оқу пәні Қазақстан Республикасы орта жалпы білім берудің Базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Сонымен бірге «Жаратылыстану» білім аясының инвариантты бөлігінде физика мектептің негізгі және жоғары сатысында міндетті түрде оқылатын пән ретінде көрсетілген.

Мектептің жоғары сатысында (10 – 11 сыныптар) оқытудың бағдарына қарай физиканы жаратылыстану – математикалық және қоғамдық – гуманитарлық бағыттар бойынша оқыту көзделеді.

Жаратылыстану – математикалық бағытындағы сыныптарға (10 – 11 сыныптар) арналған физика курсының ұсынылып отырған бағдарламасы физика пәнінің жалпы мақсаттарын және оқушылардың қабілеттілігінен, қызығушылығынан және кәсіптік мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайындалды. Физиканы 10 – 11 – сыныптарда оқытудың арнайы мақсаттары мынаған саяды: оқушы бойында техниканың әр түрлі салаларының, химиялық және биологиялық құбылыстар мен процестердің негізінде физика және оның заңдары жататындығы туралы білімдерді, құрастыра білу және кәсіби маңызды тәжірибелік біліктіліктерді қалыптастыру.

Курс негізінде нақты және оған барабар әлемді зерделеукезінде қарастырылатын физикалық модельдер жатыр. Модельдердің қолдану аясын қарастыру курстың маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Курстың мазмұнын негізгі физикалық идеялар, принциптер және болжамдар құрайды. Білімді іргелі физикалық теориялар төңірегінде топтастыру басты орын алады.

Қазіргі заманғы ғылыми дүниетаным тұрғысынан бағдарлама физикалық теориялардың негізін – Ньютон механикасы мен релятивтік механиканы, молекулалық – кинетикалық теория мен термодинамиканы, электродинамика мен электрондық теорияны, толқындық, геометриялық және кванттық оптиканы, кванттық механиканы, атом, атом ядросы, элементар бөлшектер физикасын зерделеуді ескереді.

Физиканың теориялық мәнділігі мен практикалық бағытталуы көп жағдайда зерттеушілік сипатта болып келетін лабораториялық жұмыстар жүйесінде де көрініс тауып отыр. Дәстүрлі жұмыстармен қатар импульстің сақталу заңын зерделеу, бір валентті ионның зарядын өлшеу сияқты соны жұмыстар ұсынылған.

Астрономиялық материал жеке бөлім ретінде де, кейбір физикалық тақырыптарды кеңейте қарастыру ретінде де беріліп отыр.

Жаратылыстану – математикалық бағыттағы сыныптарда физиканы зерделеуге бөлінуі тиіс оқу уақыты принципті мәселе болып табылады. Физика – математикалық және жаратылыстану бағытындағы мектептер (сыныптар) өздерінің жұмыстық оқу жоспарларын құру кезінде әрбір сыныпта физиканы оқыту үшін аптасына 5 және 4 сағат бөлінуін ескеруі қажет.

Бағдарламаның молекулалық физика, электродинамика, кванттық физика бөлімдеріндегі оқу материалының мазмұны материалды баяндаудың әр түрлі деңгейін ескеретін блоктар түрінде беріліп отыр.

Мұғалім «Физика» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында анықталған «Оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатып талаптарды » басшылыққа ала отырып, әрбір блоктан ең маңызды деген материалды таңдап алуына болады. Мұнда ол сыныптың дайындық деңгейіне байланысты әрі курсты зерделеу қисынына нұсқан келтірмейтіндей етіп, әрбір тараудан түйінді мәселелерді қалдырып, оған басқа маңызды қосымша материалды іріктеп енгізе алады. Ал пайдаланылатын әр түрлі оқу жоспарлары жалпы білім беретін мектептер үшін бекітілген міндетті деңгейден төмен болмайтындай оқыту деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.





Өтілетін тараулардың тақырыптары

Сағат саны

Мемлекеттік білім стандарты






Электродинамика



20

-электромагниттік тербеліс, электромагниттік толқын; айнымалы ток, еркін және еріксіз тербелістер, тербелмелі контур, резонанс сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынысын түсінуі;

-заттың сыну көрсетікішін, жарық толқынының ұзындығын өлшей алуы;

-еркін және еріксіз тербелістер кезіндегі тербелмелі контурдағы энергияның өзгеруі мен түрленуін сипаттай алуы;

-тербелмелі контурдағы еркін тербелістердің өшуі, жарық интерференциясы сияқты бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін түсіндіре алуы;

-электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын атай алуы;

-толқындардың интерференциясы кезінде тербеліс амплитудалары әр түрлі аймақтардың пайда болатындығын білуі;

-толқын ұзындығының оның жиілігімен және жылдамдығымен, тербеліс периодының циклдік жиілікпен байланысын өрнектейтін формулалар бойынша шамаларды есептей білуі;

-салыстырмалылық принципі және жарық жылдамдығының инварианттылығы, кеңістік пен уақыттың салыстырмалылығы, абсолют уақыт және абсолют кеңістік туралы түсініктері болуы тиіс.







Оптика


12

-жарықтың шағылу, сыну, бір түзудің бойымен таралуын физикалық тұрғыдан түсіндіре білу;

-нәрсенің жазық айнадағы, линзадағы кескінін салуы;

-мына оптикалық жүйелердің: жазық айна, фотоаппарат, проекциялық аппарат, микроскоп, телескоп, «көз-көзілдірік» жүйесінің біреуінің жұмыс принципін түсіндіре білу.





Салыстырмалылық теориясының элементтері

4

-салыстырмалылық теориясының принциптері, жарық жылдамдығының инварианттылығы, кеңістік пен уақыттың салыстырмалылығы туралы ұғымдарды түсіндіре білу.





Кванттық физика


30

-радиоактивтік сәулелену, жартылай ыдырау периоды, сәулеленудің эквиваленттік дозасы; ядролық бөліну және термоядролық синтез реакциялары; элементар бөлшек (фотон, электрон, протон, нейтрон); атомның Резерфорд – Бор бойынша моделі және ядроның нуклондық моделі сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;

-қандай да бір ядролық реакция мысалында масса мен энергияның, массалық санның сақталу заңдарының орындалатындығын көрсете алуы;

-атомдардың сәуле шығару және жұту құбылыстарын, фотоэффектіні, альфа-бөлшектердің шашырауы туралы Резерфорд тәжірибесін, ауыр ядролардың бөлінуі кезіндегі энергияның бөлініп шығуын түсіндіре білуі;

-кванттық түсінік негізінде сутегі атомының шығару және жұтылу сызықтық спектрлерінің пайда болуын түсіндіре алуы;

-газдың химиялық құрамын оның спектрі бойынша анықтай алуы;

-ядролық реакциялардың өнімдерін электр заряды мен массалық заңның сақталу заңдары негізінде анықтай алуы;

-өзара әрекеттесетін бөлшектердің және реакция өнімдерінің белгілі массалары бойынша қарапайым ядролық реакциялардың энергетикалық шағымдылығын есептей білуі;

-нақты мысалдар арқылы ядролық энергетиканың экологиялық проблемеларын түсіндіре алуы тиіс.






Әлем

12

-Күн мен планеталардың өлшемдері мен массаларын, Күннен планеталарға дейінгі қашықтық туралы мәліметтерді пайдаланып, Күн жүйесінің сұлбасын сипаттай алуы;

-Жер тобындағы планеталардың, алып планеталардың және Күн жүйесінің кіші денелерінің айрықша белгілерін білуі;

-Күн жүйесінің пайда болуы, Ғаламның құрылымы мен эволюциясы, жұлдызаралық заттың физикалық күйі жайындағы қазіргі заманғы түсініктерді игеруі;

-жұлдыздардың негізгі физикалық сипаттамаларын (Күнмен салыстырғанда) білуі;

-аспаннан Темірқазықты тауып және сол бойынша бақылау орнының жуық географиялық ендігін анықтауды, сондай-ақ Үлкен және Кіші Жетіқарақшыны, жергілікті жерде жақсы көрінетін екі-үш шоқжұлдызды таба алуы;

Күн жүйесіндегі ғарыштық ұшулар кезіндегі бүкіләлемдің тартылыс күшінің рөлін нақты мысалдар арқылы көрнекі түрде көрсете алуы тиіс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет