42
дүниетанымында бұл бөліктер екі еселенген қалыпта да жүйе-
ленген. Дүниенің кеңдігінің басқа өлшемі жоқ. Осы өлшемдер
дүниенің шексіздігінің халық танымындағы
шартты шегі болып
табылады. Абайдың таксономиясындағы əр деңгейдің төрткіл
жəне оның еселенген пішіні үлгісінде де осындай кеңдік,
толықтық, кемелдік мағынасы бар. Оның үстіне төрткілдің өзі
үшкілдің еселенуі нəтижесінде құралады, екі үшкілден тұрады.
Абайдың таксономиясын пішіндеу үшін алынған үлгінің өзі
Абай ілімінің жүйесіндегі
қисындар мен қағидалардың, Абай
ілімінің мағыналық-құрылымдық моделінің жүйесіне негізделді.
Абай таксономиясындағы танымдық үдеріс деңгейлерінің
əрқайсысы осындай кеңдік, толықтық,
кемелдік сияқты сипат-
тарымен ерекшеленеді.
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне
қолданудың ғылыми-
əдістемелік тетіктерінің басқа да үлгілері бар. Солардың не-
гізінде Абай ілімін білудің, түсінудің, қолданудың дидакти-
калық құралдары жасалды. Ол құралдар бүгінде əл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу бағдарламалары
аясында Абай ілімі пəнін оқыту барысында сынақтан өтуде.
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми-
əдістемелік тетіктерін жасау олардың қызметін қамтамасыз
ететін орта мен амалдарды анықтаумен бірлікте іске асырылды.
Абай ілімін, Абай шығармашылығын оқыту ісінде осы жəне
басқа тетіктерді əдістемелік тұрғыдан тиімді пайдалану білім
алушылардың таным деңгейлерінің артуына,
алған білімдерін
нақты үлгілер бойынша есте сақтауына жəне қолдануына негіз
болады.
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми-
əдістемелік тетіктері туралы
ойларды қорытуда білім беру
ісіндегі танымдық ойлау деңгейлерінің иерархиясына, Абайдың
таксономиясына сүйене отырып, тағы бір ірі мəселеге, нақты
айтқанда, танымдық үдерістерді жүзеге асыруға қажетті ойлау
амалдарына арнайы назар аударылды. Танымдық үдерістерді
жүзеге асыру амалдары ретінде біз талдау,
жинақтау, бағалау
амалдарын негізге алдық.
43
Абай таксономиясындағы танымдық үдерістерді
жүзеге асыруға қажетті ойлау амалдары:
Достарыңызбен бөлісу: