Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет69/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94
Абайдың-таксономиясы

 
 
 
 
 
 
 
 


226 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
«Абайдың таксономиясы: білу, түсіну, қолдану» – ұжымдық 
монография. Онда «Абай ілімін білудің, түсінудің жəне 
қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» (2020-
2022) жобасы аясында орындалған жұмыстардың басты 
нəтижелері көрініс тапқан. Зерттеу мақсаты мен міндеттерін іс 
жүзіне асырудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері 
пайымдалды: негіздері сəйкес теориялық зерттеулер жүргізілді: 
Абай ілімі жүйесіндегі концепциялар пайымдалды: а) 
құндылықтар концепциясы; ə) білім концепциясы; б) тыңдаушы 
концепциясы; в) орта шама концепциясы. 
Зерттеу барысында Абай ілімін білудің, түсінудің жəне 
қолданудың мағыналық-құрылымдық модельдерінің теориялық 
сипаттамасы жасалды. Мағыналық-құрылымдық модельдер 
теориясы негізделді. Мағыналық-құрылымдық модельдің 
ғылыми сипаттамасы берілді. Абай ілімі құрамдастарының 
мағыналық-құрылымдық моделінің үлгісі жасалды.
Абай ілімінің, оның құрамдастарының моделін жасауда Абай 
ілімінің мағыналық-құрылымдық жүйесі негізге алынды, 
Абайдың ілімінің негізін түзетін қағидалар мен қисындар жүйесі 
ескерілді. Бұл ұстаным Абай ілімінің мағыналық-құрылымдық 
моделінің Абайдың шығармашылық мұрасының, Абай ілімінің 
құрамдастарының жүйесіне сай жасалуына қол жеткізді.
Абай ілімінің мағыналық-құрылымдық моделінің жасалуы 
Абай ілімінің жүйесін теориялық тұрғыда дəйекті негіздеуге 
жəне толық көрсетуге мүмкіншілік берді. Жоба бойынша 
жасалған жұмыстардың басты нəтижесі ретінде Абай ілімінің 
мағыналық-құрылымдық моделі абайтану ғылымындағы ғылыми 
жəне практикалық маңызы үлкен елеулі жетістік ретінде 
қабылданды.
Зерттеу жұмыстарының келесі бір үлкен нəтижесі – Абай 
ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми-əдістемелік 
тетіктерінің жасалуы, олардың қызметін қамтамасыз ету 
амалдарының негізделуі, осы аталған ғылыми-əдістемелік 
тетіктердің жұмыс үдерісі кезеңдерінің логикалық жүйесінің 
анықталуы. Бұл орайда анықталған танымдық ойлау үдерісінің 


227 
иерархиялық жүйесі «Абай таксономиясы» деп аталды. Абай 
таксономиясы – зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұтас 
қамтитын, зерттеу нысандарымен, зерттеу нəтижелерімен 
сабақтас жəне байланысты өзекті құндылықтар желісі. Ол –
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдағы, Абай ілімін пəнаралық 
зерттеудегі елеулі жаңалық, жаңа өнім, айтарлықтай жетістік. 
Ғылыми зерттеу жобасын орындау барысында қол жеткен 
маңызды нəтижелердің бірі – Абай ілімін білудің, түсінудің жəне 
қолданудың ғылыми-ақпараттық базасының əдістемелік негізінің 
жасалуы. Он томдық «Абайтану антологиясы» басылымы, 
«жиырма томдық «Абай институтының еңбектері» сериялық 
басылымы, «Абай таксономиясы», Абай ілімін білудің, түсінудің 
жəне қолданудың мағыналық-құрылымдық модельдері, ғылыми-
əдістемелік тетіктері, Абайдың кісілік кодексі – аталған ғылыми-
ақпараттық ресурстар базасының əдістемелік негізін түзеді. 
Сонымен қатар осы қатарда «Абай Құнанбаевтың 
шығармашылық мұрасын пəнаралық зерттеу» (2015-2017) 
ғылыми жобасы аясында жарық көрген 50 томдық «Абайтану. 
Таңдамалы еңбектер» сериялық басылымы барын атап өткенді 
дұрыс көреміз. Осы негізде əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті «Əл-Фараби кітапханасы» сайтының ашық 
ақпараттық кеңістігінде «АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» 
интеллектуалдық е-ресурстар базасы ашылды. Ол – абайтану 
саласындағы ғылыми-ақпараттық құндылықтарды сақтаудың, 
байытудың, насихаттаудың, зерттеудің, тұтынушылардың 
пайдалануына ұсынудың, оқулықтар мен оқу құралдарын 
дайындаудың əлеуметтік маңызы зор ашық ақпараттар қоры.
«Абайтану антологиясы» интеллектуалдық е-ресурстар 
базасы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі, абайтану 
тарихындағы зор жетістік, үлкен құндылық. Оны тетігін тауып 
пайдалану елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, 
интеллектуалдық əлеуетінің артуына, қоғамдық санамыздың 
дамуына қызмет етеді.
«Абайтану антологиясы» интеллектуалдық е-ресурстар 
базасы Қазақстанның білім жəне ғылым жүйесі үшін, 
Қазақстанның азаматтары мен дүниежүзі қазақтары үшін игілікті 
болады деп күтіледі.


228 
Ғылыми зерттеу нəтижелері негізінде «Абай ілімі» оқу пəні 
өндіріске енгізілді. «Абай ілімі» жоғары білім беру бағдар-
ламаларының жалпы білім беретін пəндер циклындағы таңдау 
пəні ретінде 2021-2022 оқу жылында оқытыла бастады. Жалпы 
көлемі 5 кредит. 
Жоба бойынша орындалған жұмыстардың нəтижелері бұл 
бағытта жасалар жұмыстың жаңа арналары ашылып, жаңа 
бағыттары анықталғанын көрсетеді. Бұл орайдағы зерттеу 
жұмыстары зерттеушілер тобының еркімен жалғаса беретін 
болады. 
«Абайдың таксономиясы: білу, түсіну, қолдану» 
монографиялық зерттеу еңбегі əдебиеттанушы ғалымдар, жоғары 
мектеп оқытушылары, білім саласындағы зерттеушілер, 
магистранттар мен докторанттар үшін пайдалы болмақ. 
Монографияны жоғары оқу орындарында «Абайтану», «Абай 
ілімі» оқу пəндерін оқытуда, оқу құралдарын, дəрістер курсын 
дайындауда пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет