үсті-басы ақ қырау, түсі суық қыстың басқан жері сықырлап
келіп қалуы, əлек салуы – мезгілдің кеңістіктегі бет алысын,
жүріс-тұрысын, сын-сипатын поэтикалық бейнелеудің теңдессіз
көркем үлгісі. Кеңістік əлемінде мезгілдің сын-сипатының
мейлінше толық, күрделі болмыспен жарасуы ақынның «Жаз»
өлеңінде жан-жақты көрініс тапты. «Жаз» өлеңі мезгілдің
кеңістіктегі мереке-мейрамы секілді болып шыққан. Өлең
жүйесіндегі мезгіл шегінде де, мекен болмысында да кездейсоқ,
болмыс аясынан тыс, оқыстан шыға келетін оқшау көріністер
жоққа тəн. Ондағы əр сурет, əр құбылыс, əрбір қимыл-қозғалыс
мезгіл мен мекеннің табиғи жарасымы қалпында көрінеді.
Ақынның жыл мезгілдері туралы өлеңдерінде мезгіл мен
мекен құрамдастарының қатары қалыңдап, сипаттары дара-
ланып, күрделеніп тұтасады жəне өзара тоғысып, бедерлене,
айшықтала түседі, болмыс-бітімі барынша толық, анық ашылады.
Сонымен қатар онда əлеуметтік ортаның ерекшеліктері де көрініс
табады. Осының бəрі өлеңнің көркемдік əлемінің көрікті, эсте-
тикалық əсерінің күшті болып шығуын қамтамасыз етеді.
Ақынның мезгіл сипатын кеңістікте көре білуі мен суреттей
білуі – поэтикалық шеберліктің мінсіз көрінісі. Мезгілдің
кеңістіктегі алуан түрлі сұлу жарасымын дəл тауып, əсем
бейнелеудің мұндай классикалық үлгісі – нағыз классик ақынның
асқан ақындық ойлауының жемісі.
Абай өлеңдеріндегі хронотоп белгілерінен ақынның көркем-
дік ойлау ерекшеліктері, көркемдік əдісі көрінеді. Яғни, Абай
поэзиясының поэтикасынан кеңістік-уақыт семантикасын
ажыратуға болады: хронотоп – дала, хронотоп – ауыл, хронотоп
– тау, хронотоп – қыр, хронотоп – өзен, хронотоп – қора,
хронотоп – сай, хронотоп – көл т.б. Осылардан-ақ, қазақтың
тұрмыс-тіршілігін, Абай өлеңдерінің мотивін байқаймыз.
Табиғат лирикасына арналған ақынның келесі «Қыс»
өлеңінде табиғат мезгілін суреттейді. Бұл өлеңде 1888 жылы
жазылған. Қыс суреті жанды адам бейнесінде суреттеледі. Өлеңді
оқып отырып, ақ киім киген, ақ сақалы бар, денелі, түсі сұсты
адамды елестетеміз. Оның қаталдығынан «Алты қанат ақ орда үй
шайқалды» (іші кең, сырты үлкен еңселі үй) деп сипаттайды. Бұл
өлеңнен қазақ өмірінде қыс мезгілінің ауыр болып келетінін,
«Кəрі құдаң – қыс келіп, əлек салған, «беті-қолы домбығып үсік
221
шалған», «бет қарауға шыдамай теріс айналып», «шидем мен тон
қабаттап киген малшы», «қар тепкенге қажымас қайран жылқы»,
«қыспен бірге тұмсығын салған қасқыр» деп қыс қиындығын
айтады. Ақын аяздың қаһарына шыдап, азық етер малды
қасқырдан сақтап қалу керектігіне назар аудартады. Сондай-ақ,
бұл өлеңнің астарынан қыс мезгілінің ерекшелігін ғана емес,
əлеуметтік ортаның жағдайын біле отырып, «қыс» болып келген
феодалдық қоғамдағы үстем тап өкілінің бейнесін де көре
аламыз. Сипатталған пейзаждың арқасында келесі өлеңде көрсе-
тілген уақытты анықтаймыз. Қыстан кейін келетін «Көктем» мез-
гілі Абайдың «Жазғытұры» өлеңінде көркемдікпен сипатталады.
Бұл өлеңінде жаз мезгіліндегі көшпелі қазақ ауылының
тұрмысы бейнеленген. Жазда қоныстанатын жайлаудың көркем
бейнесі суреттеледі. Үйрек ұшып, қаз қонған көлді, қалың жасыл
шөп, айнала толған бəйшешек гүл, қасында күркіреп жатқан
өзеннің бойына орналасқан ауылды тізбектеп береді. Өлеңдегі
хронотоп құрамдастары: жайлау. Жайлау – жазғы қоныс.
Қазақтар өмір сүруге қолайлы, мал бағуға ыңғайлы, суы мол,
шөбі шүйгін жерді таңдағандығын Абайдың осы өлеңінен де
байқауға болады.
Жайлауға жаңадан көшіп келген жұрттың киіз үй тігу,
байлардың бұрқылдаған самаурыннан шай, сапырып қымыз ішіп
отырған сəттері, кедей баласының тамақ сұрауы, мал соңында
жүрген жалшы-жылқышылардың бейнесі, əлеуметтік теңсіздік
көріністері.
Профессор А.Темірболат Абай поэзиясындағы хронотопты
тарихи, психологиялық, биологиялық деп бөлуді дұрыс көреді.
«В стихотворении четко прослеживаются социальный, культу-
рноисторический, психологический, биологический хронотопы.
На уровне первого раскрываются особенности бытия различных
слоев общества: баев; табунщиков; батраков» [11, 25].
Бұл өлең табиғат лирикасына жатқанымен оқырман көшпелі
өмірмен, халықтың салты, тұрмыс-тіршілігімен де таныс бола
алады. Бұл өлеңдегі хронотоп қазақ қоғамындағы қайшы-
лықтарды түсінуге көмектеседі. Абайдың табиғатты суреттеп
жазған өлеңдерінің көркемдік деңгейі биік, ал əлеуметтік мəні
терең, мазмұны бай.
222
Абайдың табиғат көрінісін бейнелейтін тағы бір өлеңі
«Желсіз түнде жарық ай» деп аталады. Өлеңдегі хронотоп: желсіз
түн, ауылдың жаны, сай, өзен, жер, тау, жол. Аталған хронотоп-
тар қыз бен жігіт сезімінің куəсі түрінде беріледі. Сүйгенімен
жолығуға ауыл сыртына асыққан екі жастың махаббат сезімін
түнгі табиғаттың əдемі көрінісімен ұштастыра суреттейді. Автор
қыз бен жігіттің кездесетін орнына назар аудартады. Өлеңнің
көркемдік уақыты – желсіз түн. Түн мен ай махаббаттың символы
іспеттес. Демек, Абайдың поэтикалық тіліндегі контекстті ескере
отырып, кеңістік пен уақыт категорияларының семантикасы мен
қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға болады.
Қазақ өміріндегі құс салып аң аулау өнері – саятшылық деп
аталады. Аңға салатын құсты баптаушыны «құсбегі» деп атайды.
Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі саятшылық
туралы жазылған.
Қар жауғаннан кейінгі күн саятшылар үшін аң аулауға
қолайлы. Бұны «Қансонар» деп атайды. Себебі, жаңа жауған
қардан кейін жортқан аңның ізі анық байқалады. Абай осы өлеңде
саятшылықтың қызықты сəттерін табиғат көріністерімен
көмкеріп сипаттайды. Саятшылық арқылы, қазақ халқы мекен
еткен жердің қысы туралы, аңшылықтың сыры туралы ақпарат
береді. Өлеңде қансонарда бүркіттерін алып, аңға шыққан
саятшылар түлкіге кезігіп, бүркіттің томағасын тартады.
Томағасы алынған бүркіт жан жағына қаранып, қиядағыны
шалады. Түлкі мен бүркіттің арпалысы, екеуінің іс-əрекеттері
ақынның ұлттық ойлау ерекшеліктеріне сай бейнеленеді.
Бұл өлеңдегі хронотоп құрамдастары: қансонар, тау басында,
көк (аспан), жер, аспан. Осы сөздер арқылы оқырман
саятшылықтың мезгілін, уақытын айқындай алады.
Абай Құнанбайұлының өлеңдеріндегі хронотоп жүйесіне
үңілсек, ақын дəуір шындығымен бірге, өзінің көркемдік əлемін
ашып көрсетеді. Əлеуметтік теңсіздіктің салдарынан қара
халықтың өз еңбегінен табыс көрмей, азап көретінін, тұрмыс-
тіршілігінің нашарлап кеткенін ашына жазғанын байқаймыз.
Абай поэзиясында кеңістік пен уақыт нақты көрінеді,
өлеңдерінде жиі айтылатын жол, тау, ауыл, өзен т.б. хронотоптар
шартты түрде символикалық мəнімен дараланады, өйткені өлең
мəтініндегі барлық кеңістіктік-уақыттық бағдарлар жеке
223
адамның да, ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының да өмір жолының
шартты бейнесін жасайды. Əр туындысында кеңістік пен уақыт
категорияларын белгілеп, кейіпкерлерінің, жалпы сөз етіп отыр-
ған халықтың орналасқан шартты мекенін көрсетеді. Осы кеңіс-
тікті өзгертуге ғылым мен білімге ұмтылып, жаңа өмірді
қалыптастыруды армандайды. Негізінен Абай шығармаларын-
дағы уақыт категориясы белгілі бір нəрсені өзгерту мақсатына
қызмет етеді. Мəселен, халықты рухани жетілдіру, қоршаған
ортаны өзгерте отырып, көшпелі өмірден отырықшылыққа
ауысу. Байқап отырғанымыздай, кеңістік пен уақыт бейнелері
Абай Құнанбайұлының поэтикалық əлемінің маңызды бөлігі
болып табылады. Құрылымдық-тақырыптық модельдері оның
поэзиясында күрделі диалектикалық бірлікті құрап (тарихи,
мəдени, мифологиялық), көп қатпарлы синтез ретінде қалыптас-
қан. Тодоров В.Н. уақыт туралы, уақыттың кеңістікпен байланы-
сы туралы ойларында кеңістікті қабылдауда біз уақыт элемент-
терін айтатынымыз, уақытты қабылдағанда кеңістік элементтерін
табатынымызды аңғартады [12, 529-542]. Уақыт пен кеңістік
элементтері Абай поэзиясының астары деуге болады.
Ақын өлеңдерінің көркемдік əлемінің хронотопиялық
ұйымдастырылуын талдау оның философиялық көзқарастарын,
автордың тарихи оқиғаларға көзқарасын жəне оның поэтикалық
жүйесінің өзіндік ерекшелігін түсінуді кеңейтуге мүмкіндік
береді.
Əдебиетте кеңістік пен уақыт мəселесі туралы көптеген
зерттеулер бар. Мақаламызда азаматтық парыз, қоғамның
мақсат-мүддесі, ар-ождан, ой-арман туралы ақынның тебіренісі,
философиялық толғаныстарын талдай отырып, поэзиядағы уақыт
пен кеңістік ұғымының маңыздылығы анықталды.
Абай Құнанбайұлы лирикасындағы уақыт пен кеңістікті
талдай отырып, оның инварианттарының ерекшеліктерін
байқаймыз. Ақын лирикасындағы маңызды хронотоптар – бұл
даланың, жайлаудың, өзен-көлдердің, ауылдың іші, сырты, маңы
мекеншақ семантикасын жүзеге асыратын элементтер.
Зерттеу барысында алынған тұжырымдарды жоғары оқу
орындарындағы филология факультеттерінде жүргізілетін
«Абайтану» курсын оқытуда қолдануға болады. Ақын шығар-
224
маларын жан-жақты зерттеп-зерделеу, гуманитарлық ғылымда
өзекті болары анық.
Отандық əдебиеттануда поэзиялық шығармалардағы уақыт
пен кеңістік мəселелері тереңірек қарастырылуы дұрыс болмақ.
Хронотоп категориясын белгілі бір жолмен жіктеу, сонымен
қатар ақындар қолданған заңдылықтар туралы зерттеулерге
ерекше назар аударылуы қажет. Қазіргі кезде əдебиеттануда
туындыны кеңістік-уақыт аспектісі тұрғысында зерттеуге деген
қызығушылықты арттыру үшін, кешенді де іргелі зерттеу
еңбектерін жарыққа шығару керек.
Қазақ əдебиетінің даму үрдістерін, жанрлық-стильдік толысу
жолдарын ғана емес, əдебиеттанушылардың нақты дəуірдегі
тарихи жағдайда өрбіген құбылыстардың көрінісін нарративтік
тұрғыдан жіті бақылауы, хронотоп категориясының поэтикалық,
көркемдік-эстетикалық мəніне лайықты назар аударуы орынды.
Ақын өлеңдерінің тірегі көркем уақыт пен кеңістікті айқын-
дап, түп тамырын көркем шындық құрайды. Тілдік бірліктер сол
көркем шындықты таныммен таразылап, сөзбен əрлеп тұрған.
Сондықтан да ақын шығармашылығы əрқашан өзекті, құнды.
Уақыт пен кеңістік поэзияда ақынның дүниетанымын, көркемдік
əлемін байқатып қана қоймай, ақын өмір сүрген дəуірдің
бейнесін көрсетіп береді, сол кезеңдегі оқиғалар мен тарихи
сəттердің маңызын көрсетеді. Хронотоп арқылы келер ұрпаққа
ақын өмір сүрген дəуірдің барлық қыры мен сыры мұра болып
қалып отырады. Абай Құнанбаевтың шығармалары адамзаттық
мəселелерді қамтуымен құнды, маңызды. Қазіргі таңда ақын
шығармашылығын қайта жаңғыртып, жаңа қырынан талдау
заман талабы екені белгілі. Жас ұрпақтың санасына сіңдіріп,
бойына қалыптастыру үшін əлі де тер төгіп, ақын шығармаларын
талдап, түсіндіру əр адамның əсіресе ғалымдарымыздың парызы
деп білемін. Кез келген шығарма ұлттық болымыстың нышаны
əрі ұлттық мұраны сақтаушы, бар əлемге жəне келер ұрпаққа
жеткізуші екендігі белгілі. Сондықтан да əдеби туындылар хабар
алу мен танымның төте жолы əрі рухани шығармашылық алмасу
болып табылады. Осы себептенде ақын шығармалары негізінде
рухани жəне материалдық мұраларымыз эстетикалық тұрғыда
көрініс ала отырып өз оқырманын тəрбиелеп қана қоймай,
ұлтымыздың рухани тұғырын əлемдік кеңістікте биіктетіп отыр.
225
Достарыңызбен бөлісу: |