Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


АҚЫЛ,  ҚАЙРАТ, ЖҮРЕК, БІЛІМ, СЕНІМ, МАХАББАТ, ҒАДАУАТ



Pdf көрінісі
бет65/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94
Абайдың-таксономиясы

АҚЫЛ, 
ҚАЙРАТ, ЖҮРЕК, БІЛІМ, СЕНІМ, МАХАББАТ, ҒАДАУАТ, 
ӨМІР, АР, БЕС АСЫЛ МЕН БЕС ДҰШПАН, ҒЫЛЫМ, 
КӨҢІЛ, КІСІ, АДАМЗАТ, ЖАСТЫҚ, ДҮНИЕ, ЗАМАН, 
ƏДІЛЕТ, ШАФҚАТ, МЕН, МЕНІКІ, т.б. концептілердің 
бернелік сипаты күшейіп, түрлі реңкте, түрлі ыңғайда, түрлі 
контексте қолданылады. Осы аталған əрбір берне-концептінің 
құрылымдық-семантикалық мəн-мазмұны терең. Қазіргі 
гуманитарлық ғылымда осы концептілер байыппен, терең 
қарастырыла бастады. Мəселен, Абай шығармаларындағы 
осындай маңызды да салмақты ұғымдардың біразы əдебиетші-
ғалым Ж.Дəдебаевтың «Абайдың антропологизмі» зерттеуінде 
жан-жақты, жаңаша талданады. 
Абай тудырған көркем символ-бернелерге деген қызы-
ғушылық ешқашан толастаған емес, толастамайды да. Бұл Абай 
поэтикасының ерекшелігімен байланысты, оның үнемі дина-
микаға, шексіздікке, «рухани болмысқа» ұмтылатын поэтикалық 
рухының құпиясына байланысты. Абай шығармашылығының 
осындай белгілері символ-берненің өзіне де сəйкес келеді, 
символ көпмағыналы жəне шексіз. 
Символ көркем образдың идеясын толық ашуға қабілетті, 
себебі символдың мағыналық сыйымдылығы аса жоғары, қалың 
қабаттарға ие. Ол көркем шығарманың образдық қабаттарымен, 
яғни стилімен біте қайнасып кетеді. Символдарды қолдана 
отырып, суреткер заттарды нақты көрсетпейді, оларға тұспал 
жасайды, оқырманды белгісіз нəрсенің мəнін, құпия мағы-


203 
наларын табуға, тануға мəжбүрлейді, басқаша айтқанда, өз 
концепциясын, өз стилін символ арқылы жеткізеді. Сондықтан 
да символда жинақталған ойды зерделеу авторлық сана тудырған 
дара шығармашылық нəтижені тануға жол ашады. Символ-берне 
əдебиетте, көркем сөзде ғана емес, жалпы мəдениетте, 
руханиятта бекіп қалатын бернелер болғандықтан, ол көптеген 
мəдени-рухани ассоциацияларға ұласады. Сондықтан да Абай-
дың символ-бернелерін қазіргі рухани жаңғыру кезеңінде ұлттық 
кодымыз ретінде қабылдап қана қоймай, оны тану мен талдауға 
күш салуымыз керек. 
Сөзімізді қорыта келе, тағы да қазақ əдебиеттануының атасы 
А.Байтұрсынұлына жүгініп өтейік. «Əдебиет танытқышта» 
ғалым «Сөз өнері – адам санасының үш негізіне тіреледі. 1) 
Ақылға. 2) Қиялға. 3) Көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нəрселердің 
жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни 
ойдағы белгілі нəрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату
бейнелеп, суреттеп ойлау, көңіл ісі – түю, талғау» [1, 343], – деген 
еді. А.Байтұрсыновтың бұл пікірінде өнер атаулының ішінде сөз 
өнерінің болмыс-жаратылысы аса күрделі екені, көркемдік 
қызметінің маңызды екені тұжырымдалған деп білеміз. Себебі
сөз өнері, ғалым атап көрсеткендей, адам санасының үш бірдей 
негізін қамтиды, сөйтіп, көркемдік-шығармашылық іс-əрекеттің 
барлық түрлерін сөзбен бернелеп бере алатындай əмбебап-
тыққа ие болады деп қабылдаймыз. 
Сөз өнерінің табиғатын, оның негіздерін, қызметін танудағы 
соншалықты бағалы бұл тұжырымның белгілі дəрежеде біздің 
зерттеу нысанымыз – көркем бернелеу-символды танып-
түстеуге де қатысы бар сияқты. Себебі, символ – «ақыл ісі – 
аңдаудың», «қиял ісі – меңзеудің», «көңіл ісі – түю, талғаудың» 
бірлігінен келіп шығатын аса түйінді шығармашылық нəтиже 
екеніне көркем символдарды тану-зерделеу барысында көз 
жеткізуге болады. Абай өлеңдеріндегі «бейнелеу мен бернелеу» 
мысалдары осы тұжырымға нақты дəлел бола алады. Данышпан 
Абай тудырған əр берне мен бейнені пайымдап, ұғынып, зерделеген 
сайын біз Абаймен жақындаса түсеміз, ұғыныса түсеміз 


204 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет