Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет3/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Абайдың-таксономиясы

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Бірінші тарау 
 
АБАЙ ІЛІМІН БІЛУДІҢ, ТҮСІНУДІҢ ЖƏНЕ 
ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ МЕН 
ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ 
 
Басым бағыттың атауы: «Мəңгілік Ел» ғылыми негіздері 
(XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі 
жəне қолданбалы зерттеулер). 
Мамандандырылған 
ғылыми 
бағыттың 
атауы:
6.3. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі, қолдан-
балы, пəнаралық зерттеулер. 6.3.6. Абайтану. Қазіргі қоғам-
дық-гуманитарлық білім жүйесіндегі Абайдың шығармашылық 
мұрасы. 
Зерттеу
мақсаты: 
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қол-
данудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктерін анықтау. 
Жобаның басталатын және аяқталатын күні, орын-
далу мерзімі: 
01.10.2020 ж. – 31.12.2022 ж. (27 ай). 
1. Зерттеудің жалпы сипаттамасы 
 
Өзектілігі мен жаңалығы: Қазақстанның қоғамдық жəне 
гуманитарлық ғылымдар саласында Абайдың өмірі, шығарма-
шылық өмірбаяны, шығармашылығының жалпы мəселелері жақсы 
зерттелгенімен, Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың 
ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері абайтану ғылымында 
немесе пəнаралық зерттеу саласында осы күнге дейін қарас-
тырылған емес. Қазақстан Республикасында Абайдың ілімі туралы 
бір шама ойлар қоры жинақталды.
Жоба жетекшісі 2015-2017 жылдары 3979/ГФ4 – «Абай 
(Ибраһим) Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пəнаралық 
зерттеу» жобасына жетекшілік жасап, пəнаралық зерттеу жұ-
мыстарын жүргізді. Зерттеу нəтижелері негізінде «Абайтану. 
Таңдамалы еңбектер» сериялық басылымы 50 том болып жарық 
көрді, абайтану ғылымы бойынша ғалымдардың талай буынының 
тəжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептер өндірген 



білімдерге негізделген дербес ғылыми-ақпараттық база жасалды. 
№AP0-8855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың 
ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» жобасын орындауда 
аталған база басты зерттеу негізі қызметін атқарды жəне жаңа 
дерек көздерімен толықты.
«Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми 
негіздері мен теориялық тетіктері» тақырыбы іргелі жəне пəн-
аралық сипатымен ерекшеленеді. Əлемде жəне Қазақстан 
Республикасында оның аналогы, баламасы жоқ. Абай ілімі – 
қазіргі қоғамдық-гуманитарлық білім жүйесіндегі аса іргелі, 
тек деңгейіндегі құбылыс. Тек деңгейіндегі құбылыс ретінде 
Абай ілімінің құрамдас бөлімдерін, негіздерін, кате-
горияларын анықтау, Абай ілімін білудің, түсінудің жəне 
қолданудың ғылыми негізі мен теориялық тетіктерін жасау – 
аса маңызды жəне өзекті, іргелі əрі пəнаралық ғылыми мəселе. 
Бұл бағытта арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу 
өтінім берушінің жобасында алғаш рет қолға алынып отыр.
Маңызы: Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қол-
данудың маңызы зор екенінде сөз жоқ. Қазақстан Респуб-
ликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай жəне 
ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: «Абайды тану – 
адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы жəне үнемі 
дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемел-
діктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған 
орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына 
айналуы қажет» [1,5], – деген сөзі қоғам дамуының қазіргі 
кезеңі үшін ауадай қажетті рухани құндылықты дəл танып, 
терең пайымдаудан туған сындарлы сөз əрі Қазақстанның 
ғылым мен білім жүйесінің алдына қойылған аса маңызды 
жəне зор міндет. Зерттеудің маңызы Республика Президен-
тінің ғылым мен білім жүйесінің алдына қойған осы міндетін 
іс жүзіне асыруға бағытталуында. Осы орайда мынадай 
болжам жасалады: 1) зерттеу нəтижелері абайтану саласында 
инновациялық білімнің өндірілуіне қол жеткізеді; 2) зерттеу 
барысында абайтану саласында қол жеткен инновациялық 
білім Абай ілімін білуге, түсінуге жəне қолдануға қажетті 
жағдайдың жасалуына негіз болады; 3) Абай ілімін білуге, 
түсінуге жəне қолдануға қажетті жағдайдың жасалуы 



Қазақстан Республикасының рухани жəне зияткерлік əлеуетінің 
дамуы мен артуына жаңа серпін береді. Абай ілімін, оның өзегіндегі 
əлеуметтік нормаларды білудің, түсінудің жəне қоғамдық өмірдің 
барлық салалары мен деңгейлерінде қолданудың ғылыми негіздері 
мен теориялық тетіктерін жасау Қазақстанның ғылымы мен білімі 
саласында бұрын-соңды болмаған жаңа, инновациялық білімнің 
өндірілуіне негіз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет