Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


 Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің құрылым-жүйесі



Pdf көрінісі
бет9/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
Абайдың-таксономиясы

2 Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің құрылым-жүйесі 
мен негіздерін пайымдау 
Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің құрылым жүйесі мен 
негіздерін пайымдау үш тақырыпша аясында жүзеге асырылды: а) 
Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздері туралы 
теориялық ойлар мен пікірлерді сараптау; в) Абай ілімінің 
құрамдас бөлімдері мен негіздерін анықтау; с) Абай ілімінің 
құрамдас бөлімдері мен негіздерінің құрылым-жүйесін негіздеу. 
Бөлім бойынша Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен 
негіздері туралы теориялық ойлар мен пікірлер сарапталды. 
Абай ілімінің үш құрамдас бөлімі мен үш негізі анықталды. 
Абай ілімінің өлшеу құралының жүйесі анықталды, ғылыми 
сипаттамасы жасалды. Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен не-
гіздерінің құрылым-жүйесі негізделді. 
а) Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздері. 
Абайтану ғылымында бір ізге түспеген, түрлі ойлардың ай-
тылуына негіз болып келе жатқан, түпкілікті шешілмеген 
мəселелердің бірі − Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен 
негіздері. Ілім ұғымын таңдап-талғап, ақыл таразысына салып 
жəне абайлап қолданған дұрыс. «Абайдың адамгершілік ілімі», 
«Абайдың толық адам ілімі», «Абайдың əділеттілік туралы ілімі» 
жəне басқа осы секілді атаулар қолданылып келеді. Ал Абай 
ілімінің құрамдас бөлімдері, негіздері туралы ойлар мен пікірлер 
осы күнге дейін жүйеленген емес.
в) Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздері. Зерттеуде 
Абай ілімінің құрамдас бөлімдері ақынның өз шығармаларында 
тұжырымдалған қағидалары негізінде жүйеленді жəне мынадай 
үш бөлімнен тұратыны дəйектелді: 1) ақыл; 2) қайрат; 3) жүрек. 
Абай ілімінің құрамдас үш бөлімінің əрқайсысына ғылыми 
сипаттама берілді. Абайтану ғылымында орныққан ғылыми 
қағидалар сарапталып, нəтижесінде Абай ілімінің мынадай үш 
негізі туралы тұжырым жасалды: 1) қазақ халқының əдебиеті мен 
мəдениеті; 2) шығыс халықтарының əдебиеті мен мəдениеті; 3) 
батыс халықтарының əдебиеті мен мəдениеті. Ақын іліміне негіз 
болған құндылықтар осындай арналар бойынша анықталып, 
бағаланды.


18 
с) Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздерінің 
құрылым-жүйесі. Көрсетілген ұғым атаулары жəне осы ұғым-
дардың Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздері жүйе-
сіндегі өзара қатынастары, байланыстары сараланды. Күрделі, 
бірбүтін құбылыстың құрамдастарын, олардың ұғымдық атау-
ларын таптастыру теориясы жүйесінде Абай ілімі туралы ұғымдар 
мен олардың атаулары арнайы қарастырылды, тиісті қоры-
тындылар жасалды. Абай ілімі ұғымы тек деңгейіндегі түсінікті 
білдіретіні дəлелденді. Осы жəне осы секілді басқа да шектес, 
шендес ұғымдар мен олар туралы теориялық ойларды, пікірлерді 
сараптай келіп, жоба орындаушылары «Абай ілімі» деген бір ғана 
атауды қабылдаудың ғылыми тұрғыда дəйектілігі туралы қағида 
негіздеді.
Зерттеу барысында Абай ілімінің құрамдас бөлімдері 
зерттеліп, анықталды жəне теориялық жағынан дəйектелген 
тұжырымдар жасалды. Абай ілімінің қайнар көздері, негіздері 
қарастырылып, жаңа ғылыми тұжырымдар тиянақталды. Абай 
ілімінің негіздері аясында Абай мен Əл-Фараби, Абай мен 
Махмұд Қашқари, Абай мен Жүсіп Баласағұн, Абай мен 
Мұхаммед Хайдар Дулати арасындағы рухани үндестік жайы 
пайымдалды, Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздері 
жəне ислам мəдениетінің құндылықтары сабақтас сараланды, 
ертедегі грек, қытай данышпандарының ілімдері де ескерілді. 
Абай ілімі мен Арситотель, Платон, Конфуций ілімдері ара-
сындағы үндес сарындарға назар аударылды.
Абай ілімінің бөлімдері мен негіздері құрамдастарының 
əрқайсысына ғылыми сипаттама берілді. Абай ілімінің құрамдас 
бөлімдері мен негіздерінің құрылым жүйесінің өрнегі жасалды 
жəне зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген «Абай ілімін 
білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми негіздері мен 
теориялық тетіктері» (2021) деп аталатын жинақта жарияланды. 
Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздерінің басты 
категориялары анықталды, олардың əрқайсысына ғылыми 
сипаттама берілді.
Орындалған жұмыс нəтижелерінің басты теориялық қағи-
далары əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абай 
ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырып өткізген «Əл-Фараби 
мен Абайдың рухани мұрасы: қазіргі өркениеттегі орны мен 


19 
маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн 
конференцияда сарапталды. Онда Қазақстан Республикасының 
Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай жəне ХХІ 
ғасырдағы Қазақстан» мақаласында Абай сөзінің, Абай 
мұрасының бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын 
шығармашылығынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс 
екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөлісе отырып, əлеуметтік 
маңызы зор, өзекті қағидалар жүйесін ұсынғанына назар 
аударылды. Президенттің: «Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз 
жəне бəсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың 
шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Абай мұрасы – біздің ұлт 
болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі 
құндылық» [1], − деген сияқты сындарлы сөздері мен орнықты 
ойларының жүйесі қоғамдық санамыздың, əдебиетіміз бен 
мəдениетіміздің, əлеуметтік өміріміздің жаңғыруына жаңа серпін 
бергені аталып өтті.
Ақын шығармашылығынан халқымыз қандай тағылым алуға 
тиіс екендігі жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абайдың 
шығармаларын мұқият оқуымыз керек», − деген қағидасының 
негізінде Абайдың шығармаларын, Абайдың ілімін білу, түсіну 
жəне қолдану туралы өмірлік маңызы зор өзекті ойлардың жүйесі 
бары туралы маңызды пікір түйілді. Абай ілімін оқу, білу, түсіну 
жəне қолдану бір-бірінен ажыратуға келмейтін, бір-бірінен 
ажыратуға болмайтын ұғымдар ретінде сипатталды. Бұлардың 
бірі болмаған жерде қалғандары да болмайтыны туралы терең ой 
ұсынылды.
Конференция барысында Абайдың рухани мұрасының, 
ілімінің қазіргі өркениеттегі орны мен маңызы туралы ғылыми, 
əлеуметтік маңызы бар жаңа ойлар, тұжырымдар талқыланды, 
ғылыми жəне əлеуметтік маңызы жоғары көптеген ойлар, 
тұжырымдар, ұсыныстар, бағалы мəліметтер жинақталды. Жоба 
орындаушыларының басты табысы конференция бағыты 
бойынша ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан 
ғылым мен білім қайраткерлерінің еларалық кеңістікте бас 
қосып, пікірлесуі болды. Конференция материалдары жеке жинақ 
болып жарық көрді. 
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми 
негіздері мен теориялық тетіктерін зерттеуде əл-Фараби мен 


20 
Абайдың рухани мұрасының қазіргі өркениеттегі орны мен 
маңызын пайымдау – қазіргі заманның, қазіргі қоғамның аса 
өзекті, көкейкесті ғылыми мəселелерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет