ТАЛДАУ, ЖИНАҚТАУ, БАҒАЛАУ Абай таксономиясыныңиерархиялық
құрамдастарымен тең дəрежеде үйлесе алмайды. Абай
таксономиясының иерархиясында бұл үшеуіне орын жоқ. Бірақ
бұл үшеуінің қызметі басқа тұрғыда маңызды:
ТАЛДАУ, ЖИНАҚТАУ, БАҒАЛАУ Абай таксономиясы жүйесіндегі əр
деңгейдің үдерісін қамтамасыз ететін ойлау амалдары қызметін
атқарады.
ТАЛДАУ, ЖИНАҚТАУ, БАҒАЛАУ танымдық ойлау
деңгейлерінің иерархиялық жүйесінің құрамдастары емес.
ТАЛДАУ, ЖИНАҚТАУ, БАҒАЛАУ – танымдық ойлау
амалдары. Абай таксономиясындағы иерархиялық деңгейлердің
қайсысы да талдау, жинақтау, бағалау сияқты ойлау амалдары
арқылы жүзеге асады.
Ойлау амалдары жəне ойлау деңгейлері – бұлар өзара бір
иерархиялық жүйе құрамдастары бола алмайды. Абайдың
иерархиялық жүйесіндегі білу үдерісі үшін талдау, жинақтау,
бағалау қандай қажетті ойлау амалы болса, қалған үдерістер үшін
де олардың қызметі сондай маңызды. Білім беру ісіндегі
танымдық ойлаудың иерархиялық деңгейлерінің бəрі де талдау,
жинақтау, бағалау сияқты ойлау амалдарының қызметі арқылы
жүзеге асады.
Отандық білім беру ісінде Абай таксономиясын білмей, Блум
таксономиясын бас иіп қабыл алу теориялық, дидактикалық
қателікке жол ашты. Мұны ақылға салып, тиісті қорытынды
жасау, соған сəйкес тиісті шешім қабылдау − Қазақстан білім
беру ісіндегі өзекті міндет.
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми-
əдістемелік тетіктерінің басқа да үлгілері бар. Солардың негі-
зінде Абай ілімін білудің, түсінудің, қолданудың дидактикалық
құралдары жасалды. Ол құралдар бүгінде əл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің оқу бағдарламалары аясында Абай
ілімі пəнін оқыту барысында сынақтан өтуде.
8 Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың