Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» ИНТЕЛ-



Pdf көрінісі
бет24/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94
Абайдың-таксономиясы

«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» ИНТЕЛ-
ЛЕКТУАЛДЫҚ Е-РЕСУРСТАР БАЗАСЫ Қазақстанның білім 
жəне ғылым жүйесі үшін, дүние жүзі қазақтары үшін қолжетімді, 
пайдалы болады деп күтіледі. 
Орындалған жұмыстардың нəтижесінде жоғары білім беру 
бағдарламаларының бірінші циклы бойынша «Абай ілімі» оқу 
пəні 2021-2022 оқу жылынан бастап өндіріске енгізілді.
«Абай ілімі» пəнінің мазмұны пəнаралық сипатымен маңызды. 
Пəн мазмұнын білім алушылардың толық меңгеруіне қажетті 
əдістемелік модельдер, дидактикалық құралдар жасалды. Олар 
бұған дейін қолданыста болған, бар дидактикалық құралдардан 
түбірімен өзгеше, жаңа жəне тиімді. Осы ретте арнайы атап 
өтетін тағы бір жетістік бар. Ол – Абайдың кісілік кодексі.
«Абайдың кісілік кодексі тұтынушылардың жас айырма-
шылықтарына, əлеуметтік мүмкіншіліктеріне қарай бірнеше 
форматта жасалды. Онда Абай негіздеген асыл қасиеттердің кісі 
болған, кісі болам деген адамзат баласы асық болатын бір тобы 
көрініс тапқан. «Абайдың кісілік кодексі» − кісілік кемелдік 
жолында жетілуді мақсат еткен үлкен-кіші, кəрі-жастың бəрі 
үшін маңызды рухани құндылық. 
«Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми 
негіздері мен теориялық тетіктері»
жобасы аясында орындалған 
жұмыстардың нəтижелері, «Абайтану антологиясы» интел-
лектуалдық е-ресурстар базасы Қазақстанның білім жəне ғылым 
жүйесі үшін, Қазақстан азаматтары мен дүниежүзі қазақтары үшін 
игілікті. 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде абай-
тану ғылымы саласында жасалған жəне тұтынушылардың пай-
далануына ашық ұсынылған интеллектуалдық е-ресурстар 
базасы Қазақстанның əдебиеті мен мəдениетінің, ғылымы мен 
білімінің дамуына, зияткерлік əлеуетінің артуына, қоғамдық 
санасының жаңғыруына қызмет етеді. 


48 
ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет