Таланттар



бет99/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   151
Таланттар

Екінші сынып
Сәлем, табиғат! Қайырлы таң, Күн! Ай неге әр түрлі? Ағаштар, гүлдер, шөптермен сырласу. Құстармен сөйлесуге бола ма? Тастар мен суларды сөйлетсек...
Қазақ – менің ата-тегім. Тектілік деген не? Абылай – Уәлихан – Шыңғыс – Шоқан.
Жануарлар әлемі. «Қызыл кітапқа» кімдер кіреді?
Жыл мезгілдері неге байланысты ауысады? Жыл мезгілдері барлық жерде бірдей ме? Жердің күнді айналуы. Тәулік, күн, түн.
Ғарыштан қарағанда жер қандай? Ғарыштағы планеталар. Олардың қазақша атаулары. Құйрықты жұлдыздар. Метеориттер. Ғарышкерлер. Жұлдыздар әр адамның өмірінде. Жұлдызың жансын! Жұлдыздың орналасуы арқылы бағыт пен уақытты анықтау.
Заман. Жыл аттары, ай аттары, апта аттарының шығу тарихы. Менің заманым. Бақытты бол, замандас!


Үшінші сынып
«Мен де бір кірпіш дүниеге...» Жер, Жұлдыз, Адам – үшкілі. Мүшел. Жыл қайыру. Мүшелдегі хайуанаттар аты.
Уақыт. Адамдар уақытты қалай айырған? Қазақтың уақыт атаулары: қас қағым сәт, етпісірім, биесауым, сүтпісірім т.б. Аспан сағаты. Күн сағаты. Құм сағаты. Жұлдыздар сағаты.
Аспан әлемін зерттеген Шығыс ғұламалары. Әбу Райхан Бируни, Ұлықбек обсерваториясы.
Күнтізбе. Шығыс күнтізбесі. Григориан күнтізбесі. Хижра жыл санауы. Кішкене Дионисий. Ай циклі.
Дүние – сыры мол жұмбақ. Жердің жаралуы: ғылым тілінде. Жаратылыс аңыздары. Ғарыш және оның ауа қабаттары. Өзге планетада тіршілік бар ма? БҰО – беймәлім ұшқыш объектілер.
Жер бетіндегі өзгерістер. Тоңдардың еруі. Жер сілкінісі.
Жер – тірі шар. Ішкі қабатында не бар? Таулар, қыраттар, ойпаттар, тегістіктер, сулы аңғарлар деген не? Ауада су айнала ма?
Әлемде талай қызық бар. Каникул – менің өз кереметім.


Төртінші сынып
Жүрегімде – Жұмыр жер. Жер – ғарыш – Адам. Адам қиялы қалай шарықтады. Ұлы саяхатшылар.
Қарлы өлкеге барған саяхатшылар.
Американы кім ашты? Колумб па? Америкадағы тайпалар мен біздің аталарымыз – түріктер арасындағы ұқсастық.
Жерде белбеу бар ма? Экватор. Меридиана. Мемлекеттер. Олар қандай құрлықтарға орналасқан?
Европа. Жер бедері. Жануарлары. Адамдары қандай? Байлығы.
Шығыс Табиғат әлемі. Жануарлары.
О, Африка! «Чунга-Чанга - ғажайып арал». Экватор. Халық. Жануарлар әлемі.
Хелло, Америка! Солтүстік Америка. Оңтүстік Америка. Жері қандай? Суық па, ыстық па? Адамдары. Жануарлар әлемі.
Таңғажайып Австралия! Онда кімдер тұрады? Кенгуру өлкесі.
Мұхиттар терең бе? Ең терең қазаншұңқыр. Балықтары. Інжу – маржандары. Өсімдік әлемі.
Әлемдегі 7 және 37 керемет.
Жердегі кереметтердің аспанмен байланысы. Жерге планеталардың әсері. Айдың адамға әсері.
Ғарышпен байланыстар. Біз және Болашақ!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет