Таланттар



бет101/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   151
Таланттар

Үшінші сынып
Әдемілік сыры – әдептілікте. Әдептің жақын достары: ақыл, білім, іздену.
Отбасындағы әдептілік. Сіз ата-анаңызды сыйлайсыз ба? Әлде қорқасыз ба? Қорқудан құтылуға бола ма?
Әңгіме – дүкен құру. Қандай жағдайда қандай әңгіме айтуға болады? Әдемі сөйлеу. Ойды түйіп ұстау. Қимыл-қозғалыс арқылы ажарландыру. Диалог.
«Сіз өте әдемісіз!» Шынында, солай ма? Бикештің дене бітіміне, өз жүрісіне, ибалылығына назар аудару.
Қазақ қызы. «Қыз өзін үкідей қызғануы керек». Ол қасиет менде бар ма? Бикешке нәзіктік керек. Ержүректілік пен өжеттік ше? Есті бикеш – ең сұлу бикеш.
Сегіз қырлы, бір сырлы мырза. Жігітке қажет қасиет – намыс.
Дөңгелек үстел басындағы сұхбат: асыл қасиеттерді қалай түсінемін. Сәнді киіну керек пе? Мектеп, оқу және сәнді киім. Ұлттық үлгі.
Адамдарды түсіне білу. Жағдайға қарау, жанын түсіну. Жанына батса, жәрдемдес; қуаныш болса, ортақтас.
«Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер».
Сыйлық. Ең бағалы сыйлық - өз қолыңмен жасалған бұйым, кітап, гүл.
Сіз ресторанға бардыңыз. Құрал-жабдықтарды пайдалану. Салфетканы пайдалану.
Мен қандай адаммын? Тест сұрақтарымен жұмыс. Олқылықтардың орнын толтыру.


Төртінші сынып
Мәдениеттілік неге қажет? Адам өмірінде мәдениеттіліктің орны.
Қазақ халқының әдеп әлемі. Ата мен бала. Ананың орны. Әкелер жолын сыйлау. Бала мәдениеті.
Еуропа – ертеректе. Ағылшындар мен немістер бойындағы тамаша қасиеттер.
Орыс мәдениеті. Өзіне тән ерекшеліктері.
Еліктеу. Қарапайым Мария мен Қыз Жібек. Пір тұту. Менің пірім... Бидегі Бикеш пен Мырза.
Туған күн. Қонақ шақыру және сый қабылдау.
Концерт залында күлкілі көрінбеу.
Менің серіктерім: «Өтінемін», «Ғафу етіңіз», «Қапа болмаңыз!»...
Сұхбат, әңгіме-дүкендегі орным. Қисынсыз қыстырма сөздерден арылу. Күнделікті киім және сәнді киім. Ұлттық киім. Оны қазіргі заманға үйлестіруге бола ма? Киім, сөмке, әшекей заттардың үйлесімі. Бикеш және Мырза. Сыртқы келбеті. Мінезін сынау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет