Таланттар



бет112/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151
Таланттар

ИМАНДЫЛЫҚ ӘҢГІМЕЛЕРІ


Иман бар жерде – ұят бар.


АХМЕТ ЯСАУИ

– Балам, Түркістан – Қазақстандағы ең көне қаланың бірі. Онда Ахмет Ясауи бабаның кесенесі бар. Кесененің ішіне Абылай хан да жерленген.


Данабек әкесінің әңгімесін бөліп жіберді:
– Әке, Абылай ханды неге ол жерге жерлеген?
– Абылай – хан елімізді сақтау үшін жанын салған ер. Бүкіл қазақ елі сыйлайтын кісіні әдейі Ахмет Ясауи бабаның жанына апарып жерлейтін болған.
– Ал, Ахмет Ясауи кім?
– Ахмет Ясауи – имандылық нұрын шашқан. Оның өзі де иманды адам. Жалпы жұртты да имандылыққа үгіттеген. Алла жолындағы кісі.
– Алла жолындағы кісі – қандай кісі?
– Алланың тыйғанынан тыйылады. Алдамайды, ұрламайды, өтірік айтпайды, таза болады. Көп тамақ жемейді. Көп дүние жимайды. Көп білім жияды. Кітап жазады.
Ахмет Ясауи баба ораза кезінде жер астына түсіп отырады екен. Нан-сумен қанағат етіп, кітап жазған. Тіпті даланы да көрмеген. Тек таза ауа жұту үшін түнде ғана далаға шығады екен.
– О, қалай шыдайды, ә! – дейді Данабек.
Әкесі:
– Адам өз мақсатын орындау үшін шыдамды болуы керек, –деді.
ҚҰРМА

– Балам, Ахмет Ясауи баба кішкентай кезінде-ақ шыдамды болған. Кітапты оқыса, жарты жолдан тастай салмайды. Оқығанын жаттап алады.


Жеті жасқа келгенде, мектепке бара жатса, алдынан Арыстан баба шығады. Ол білімпаз кісі екен. Ахмет Ясауидің басынан сипайды. Арыстан баба айтады:
– Мен сені ұзақ күттім. Осыдан жеті жүз жыл бұрын Мұхаммед пайғамбар бір құрма беріп еді. Былай тапсырып еді:
«Бізден талай жыл өтер. Алыстағы Түркістан елінде адамгершілігі мол бір бала дүниеге келер. Мына бір түйір құрманы сақтап, балаға берерсің!» – деді.
Сөйтіп, Арыстан баба тілінің астына салып алған ұртындағы құрманы алып, Ахмет Ясауиге береді. Ясауи Мұхаммед пайғамбардың ісін жалғастырады. Адамдарға имандылықты насихаттайды.
– Әке, Мұхаммед пайғамбар не істеген? – деді Данабек.
– Мұхаммед пайғамбар – исламның атасы. Оны ислам дініндегі мұсылмандардың бәрі құрмет тұтады.
– Ал, мен мұсылманмын ба?
– Әрине, мұсылмансың. Әкең мұсылман болса, сен де мұсылман боласың.
Данабек мұрнын тартып қойды. Әкесінен тағы сұрады:
– Мұсылман болғанда не айту керек?
– Лә илаһа илла алла! – деу керек. Данабек бұл сөзді бірнеше рет қайталады. Әкесі:
Тамақ ішкенде, қолды тазалап жуып: Бісміллә! – деп алу керек.
Данабек:
– Бісміллә! – деп, үстел үстіндегі ыдыста тұрған кәмпиттің біреуін суырып алды.
Айбегім күліп жіберді:
– Ой, қуын қарашы, кәмпитті алады. Әуелі дастарқандағы нанды үзіп алу керек. Міне, былай:
– Бісміллә!
Айбегім нанның шетінен үзіп, аузына салды. Әкесі мен анасы Айбегімге риза болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет