Таланттар


ПІКІРЛЕСТЕР МЕН ҚАРСЫЛАСТАР



бет15/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   151
Таланттар

ПІКІРЛЕСТЕР МЕН ҚАРСЫЛАСТАР

Мұғалімді күнделікті толғандыратын сұрақтың бірі: Шәкірттер асыға күткендей сабақты қалай жасауға болады? Қорқа күтуден уайым туады, ол – көңілсіз сабақ. Бала алдағы сабақтың өзі үшін тәуір нәтижемен аяқталатынын сезінгенде ғана ықыласпен келмек. Ынтамен оқыған нәрсе көбірек ойда қалады. Осындай мақсатпен талқылау сабағының екі түрін ойластырдық:


1-түрі. Оған студенттер «Пікірлестер мен қарсыластар» деп ат қойды. Сабақта баяндамашыға қосыла тағы 6-8 адам дайындалады, пікірлестер мен қарсыластар болып екіге бөлінеді. Баяндамашы өз сөзін бітірген соң, жаппай сұрақ қойыла бастайды. Сұрақты екі жаққа да қатыссыз кісілер қояды. Оған әуелі баяндамашы мен оның пікірлестері жауап береді. Ал қарсыластары ойынан шықпаған жеріне қарсы пікір айтып, жауап күтеді. Бұл сабақтың аяғы қызу таласқа айналып кететін кездері болады.
2-түрі. Студенттер тобы екіге бөлінеді. Әрқайсысында 12-13-тен кісі бар топтардың жетекшісін белгілейміз. Бірінші жолы басқаларға ықпал ете алатындай ізденгіш бала болғаны тиімді. Бұдан былай әр топтың өз мұғалімі бар деп есептелінеді. Тақырып белгіленіп, қосымша әдебиеттер берілген соң, басқа балалардың көзінше, жетекшілерге мақсатын түсіндіру керек. Енді сабаққа дайындаудың әдіс-тәсілдері «мұғалімдердің» өз еркінде. Әрқайсысына жеке-жеке тапсырма бере ме, бірігіп дайындала ма, оны өзі біледі. Әйтеуір жеткілікті дайындық жасаса болды. Әр топ өз бетімен ізденеді. Сабақ болардан бір күн бұрын екі топ әрқайсысы өзінше бірігіп ақылдасады. Қарсы топ жауап бере алмайды-ау деген үш-төрт күрделі сұрақ дайындайды. Қарсыластарынан қандай сұрақ келетініне болжам жасап, ақылдасады. Дайындалмаған адам өз тобының жеңіске жетуіне үлес қоса алмайды.
Сабақ басталарда әр топ бір-біріне кедергі келтірмейтіндей бөлектеніп, қарама-қарсы отырады. Жетекшісі – ортада.
Сабақ басталды дейік. Ең алдымен бәріне: қарсы жақтың пікірімен келіспеуге, өзінше дәлелдеуге еркіндік берілетінін ескертемін. Бірақ қыз көзі – сыншы, осындайда жігіттердің ашушаңдығы, өзімшілдігі тез байқалып қалатыны болады, оған да сақ болған дұрыс; қыздардың үйінен күл шығарып жүріп ұрысатын көрші келіншектерге ұқсап кетпеуін өтінемін. Осыдан кейін сұрақ қоюға кірісе беруге болады.
Сұраққа ойлануға 5 минут беріледі. Дереу жазып алып, ақылдасуға кіріседі. Бір-бірімен сөйлесуге, орнынан тұрып барып, пікірлесуге болады. Ал сұрақты берген жақ босқа уақыт өткізбей, қарсыластарының жауабын қалай толықтыратынын ойланады. Сұрақ күрделі, қызық болса, екі жақ бір-бірден артық қоя да алмай, уақыт бітіп қалады.
Бір жолы Марал жағынан мынандай сұрақ болды: – «Құтаю білігі» кітабындағы ақын айтқан тәніңнің төрт белгісі туралы өлеңнің мағынасы не?

Тәніннің төрт белгісі бар арбасқан,


Шаттандырып, енді бірі зарлатқан.
Ширатар да, енді бірі бүлдірер,
Жылатар да, енді бірі күлдірер.

Тәннің төрт белгісі Гиппократ айтқан: қан, өт, сілекей, ірің. Көне шығыс медицинасында адамға әсер ететін төрт сұйық бар: қызыл, көк, ақ, сары. Сөйтіп, Жүсіп Баласағұни кітабының тағы бір маңызы, ежелгі медицинамен байланысы ашылды.


Қай топтың жеңіске жеткенін анықтау үшін:
1. Сұрақ-жауаптан алған бағалары (қосу-алумен белгілейміз);
2. Әр топтан қанша адамның пікір айтуға қатысқандығы;
3. Жетекшінің өз тобын ұйымдастыра алуы есептеледі.
Осы шарттар бойынша, қорытынды шығарылған соң, келесі сабаққа тақырып беріліп, жаңа жетекші белгіленеді. Кейде әр топтан сарапшылар бөлінеді.
Жыраулық поэзияға барған кезде өлең жаттау шарты қойылады. Әр топ өзінің «айтқыштарын» шығарып, неғұрлым көп жатқа білетінін дәлелдеуге тырысады. Өлең жаттауды былай үйрендік: Таңертең үйден шыққанда бір-екі шумақ өлеңді тілдей қағазға анықтап жазып, төс қалтаға салады. Оқуға жеткенше жаттап барады, қайтарда еске түсіреді. Ертеңіне тағы екі шумақты жаттап, кешегіні еске түсіреді. Қайтарда төрт шумақты қайталайды. Ұйықтар алдында тағы бір айтып қояды. Міне, осымен-ақ бір айда біраз өлең жаттап алғанымызды білмей қалдық. Құдайдың күні көп пе, өлең көп пе? Бұл - арнайы уақыт бөлмей-ақ жаттаудың ыңғайлы әдісі.
Осы сабақтың кезінде сырттан көрген адам, ұрысқандай екіге бөлініп алып дуылдасып жатқан, тіпті орнынан тұрып жүрген студентті көріп, соның бәріне назар аудармай отырған мұғалімді көріп, «осы да сабақ па?» – деуі мүмкін. Өзімше, сабақ. Кемшіліксіз нәрсе бар ма, дайындалмай келетін күндері де болады. Кейде «мұғалімдік» қызметін атқара алмайтындары да болады. Бірақ іш пысу болмайды. Бір мақсатқа жұмылған топтың тілектестігі ұялшақ баланы да пікір айтуға итермелейді. Мектептен жаңа шыққан баланы дәлелді сөйлеуге, пікірлесу мәдениетіне дағдыландырады. Кезекпе-кезек мұғалім ретінде болуы мамандығы үшін қажетті.
Ұжымдық шығармашылыққа арналған сабақтың қызықты болуы ұйымдастырушының сезімталдығына, түрлі жағдайдағы тапқырлығына, әділдігіне, кісілігіне байланысты.
Студенттер жыл аяғындағы ұсыныс-пікірінде: «Сабаққа дайындала алмаған күндерде де қалғым келмейді...», «Бір күні сабақтан қалсам, қандай жаңалық, керекті нәрсе айтылды екен?» – деп елегізимін», – деп жазыпты. Осы сөздер – көңілге медеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет