Таланттар


БІРІНШІ САБАҚ БӘРІНЕН ҚИЫН



бет12/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   151
Таланттар

БІРІНШІ САБАҚ БӘРІНЕН ҚИЫН

Әр жылдағы жаңа курс – өзінше бір жұмбақ. Былтырғы жылы бір-бірімізге жан айнамызды ашқан Раушан, Сәуле, Бақыттардың орнында таныс емес бір топ бала отыр. Алғаш жұмысқа кіріскен жылдары жаңа курсты жатырқайтын әдетім бар-ды. Менің бар қызығым бұрынғы балаларда кеткендей, аудиторияға кіргім келмей, өз-өзімнен өкпелеп жүретінмін.


Енді уақыт шіркін өз есеп шотының тастарын қағып, 1 санын көбейткен сайын біздің өмірімізге де бір-бірден жыл қосылуда. Жастықтың алып ұшпа сезіміне ақыл серік бола бастағандай. Биылғы курстың ішінде қазақшаға судай ағып тұрған неміс қызы бар екен. Бұрын оқып кеткен өзіміздің Володяның қарындасы көрінеді. Мұның өзі – үй ішіндегі ұсақ-түйек әңгімеден жоғары тұруды тілейтін жауапты орта. -
Бірінші сабақ шексіз аспанға қарай ұшқалы тұрған ғарыш кемесінің «старт» алу сәтіне ұқсас. Ән айтқалы отырған адамның домбыраның құлақ күйін дұрыс табуымен бірдей. Құлақ күйін даусына лайық таппаған әнші мақсатына жете алмайды.
Бірінші сабақ – студент үшін де барлау сабағы. Сабақтың мақсатын бағдарлайды, мұғалімді де сынайды. Мұғалімдері туралы олардың ішінде еркін «пікір алмасу» жүріп жататыны белгілі, одан қашып құтыла алмайсың.
Осы алғашқы сабақта-ақ қиындығымен қорқытып, ұзыннан-ұзақ кітаптар тізімін беріп, студенттің жігерін құм қылып жіберуге болады. Бұл мұғалім тарапынан көп ізденсін деген ниетпен айтылады. Тізімнің жартысы бәрібір оқылмай қалатынын біліп тұрсақ та, «түйе сұрасаң, бие береді» деген аздаған «қулық» бар. Бірақ адам мүмкіндігінің шегі бар ғой. Әр сабақтан үйіп-төгіп тапсырма алған студент оны орындауға кіріспей жатып-ақ жүрегі шайлықпай ма? Өйткені адамның жан дүниесінің талап-тілегі ескерілмеген.
Балалық кезді еске алайықшы: «Бір аптадан кейін қалаға барасың!» – деген ауыл баласы үшін жақсы хабардың құлағына тиюі мұң екен, оның қуанышында шек болмайды. Жол жүрген қуанышын былай қойғанда, балмұздағын айтсайшы! Осы бір апта баланың өміріндегі ең бір қымбат кездері болып есте қалады. Сабақты қандай ықыласпен оқиды десеңші!
Не болмаса, әскердегі ұлы келе жатқанын естіген ата-ананың көңіл-күйін елестетейік. Әншейіндегі ыңқыл-сыңқыл қайда кеткен? Жер баспай, ұшып жүргендей, істің бәрі орын-орнына келе қалатынын қайтерсің. Қысқасы, алдағы күнінен жақсы нәтиже күткен адамның қиын жұмысты тез атқарып тастайтынын өз өмірінде әркім-ақ сезінген болар. Олай болса, студентті де адамдық табиғаты тілеп тұрған жақсы үмітке жетектетудің мәні бар. Алдағы сабағының мақсатын, аумағын, оған өз күшінің қай шамада жетер-жетпесін түсіндіргенде ғана одан нәтиже күтуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет