Таланттар



бет52/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   151
Таланттар

ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ


Байқасақ қазақтықтың өзінде бар,
Дүниенің генийлігі, пайғамбары.
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)

Дана Қорқыттан – данышпан Абай және одан берідегі ірі ойшылдың бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жоғарыдағы сөздері қазақтың өзіндік ұлттық болмысын даралайды. Көршілес ұлттардың аралас-құраластығында жұтылып кетпей, қайталанбас қасиетін сақтап қалуы, сөйтіп, ғасырдан-ғасырға жалғасудың шарты бұл. Өзіне-өзі менсінбей қарайтын халықтан сорлы жоқ шығар.


Кеңес тұсында айырылып қалған халықтық тәрбиені қайтадан дұрыс жолға қою арқылы енді өсіп келе жатқан ұрпағымызды өз ұлтына деген мактаныш сезімінде, басқа ұлттарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеуге мүмкіңдік алмақпыз. Ол үшін төңкеріске дейінгі мектеп тәжірибесіне зер салған жөн сияқты. Бұрынғы мектептің үш класының өзі балаға тұрмыстық білім берген, өмірдің қажетті мәселелеріне бейімдеген. Тұрмыстық білімнің қажеттілігін есте ұстай отырып, тіл-әдебиетті айтпағанда, есеп сабағының өзін салт-дәстүрмен, үй шаруасымен байланыстырып оқытуға болмас па еді?
Сондай-ақ бұрынғы мектептерде әдеп, әсемдік сабағы болған екен. Әдеп сабағын бірінші кластан бастап, онда үй ішілік, жора-жолдастық, ағайын-тумалық дегендей қарым-қатынас мәдениетіне үйретуге болар еді. Жоғарғы класта: қыз-жігіттің сый-құрметі, ата-енені сыйлау, бала тәрбиесі туралы өмірге қажетті мәселелерді қамтиды. Әсемдік әлемінде сөйлеу мәдениеті, адамның сырт келбеті, өзін ұстау мәдениетіне мән беріледі.
Халықтық тәрбие, біздің ойымызша, этнографиямен шектелмеуі керек. Халық даналығы баланың жан дүниесіне мән береді. Еркіндігін орынсыз шектемеуді, баланы жасытпауды есте ұстайды. Бабалардың осы салтынан ұлтымыздың өр мінезді азаматын тәрбиелеуді үйренеміз. Бұрынғы қазақтың елін, жерін сүюі, ерлігі жапондықтар мен американдықтардан бір де кем емес еді ғой. Соның сыры неде? Мұны да зерттеп білу керек-ақ. Бесік жырынан бастап, шешендік сөз, тыйым сөз, түс жору, атқа мінау, қыз айттыру салт-дәстүріне дейінгі халықтық тәрбиесінің берері мол.
Халықтық тәрбиенің бір бұлағы – шешендік сөздерде.
Мысалы, Қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ пен қалмақ келіссөзіндегі Қазақты сипаттауын естіген адамды өз халкына деген мақтаныш сезімі билеуі сөзсіз: '
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаган елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз.
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз – қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң, біз – көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!»
Қазақ халқының қарым-қатынас мәдениет аса жоғары болған. Туысқан-бауыр, ата мен бала, құда-жекжаттың, қыз-жігіттің, қайын мен жеңгенің бір-біріне деген сый-құрметі – қазақ баласының ұғымына кішкентайдан сіңірілетін өзінше бір мектеп. Оны сол ортада өспеген адамның біліп, түсінуі қиын. Бұл жөнінен де қазақтың шешендік сөздері акылшы бола алады. Майқы бидің мына сөзіне зер салайық:

Адам бақсаң, атаң бақ,


Көз жұмар сапар аттанып,
Сөз білген атаң ата-ақ.
Айтқаны қалар жатталып.
Қонаққа аспа жауырын,
Таңдап бергей тәуірін.
Бипаз сөйле кеткенде,
Сипап жібер сауырын.
Жілік жесең біреуден,
Сақта оған жамбасты.
Басыңа іс түскенде,
Жамбастан ол танбас-ты,
Болмаса егер албасты.
Немесе:
Таздан жарғақбас туар,
Кедейден малбақпас туар.
Соқырдан көрмес туар,
Сараңнан бермес туар.

Балаға: өз атаң, нағашы атаң, кіндік атаң, өкіл атаң, сүндет атаң, пір атаң, қайын атаң, – деп жеті атасын үйретіп, «Жеті атасын білген жеті рудың қамын жейді» деген қазақтың халыктық тәрбиесінің кеңпейілділігіне, адамгершілігіне тәнті боласың.


«Тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман, ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы.
Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті. Үлкен шаңырақтың қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті. Әйел төрт түрлі болады: Оның бірі – ниеті қураған әйел, екіншісі –ынсапсыз әйел, үшіншісі – үйдің құты болған әйел, төртіншісі – кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы – осы.
Отбасының құты болған әйел даладан бір қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап, аттандырып салады. Бұлар Айша мен Фатимадан бата алған әйелдер. Мұндай әйелдер мыңдап өссе де, көп емес.
Қазақ кісілігінің түп тәрбиесі мен тұтас мектебі мақал-мәтелдерде жинақталғанын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Айтыс» поэмасында дәлелдеп береді. Өз халқы туралы соншалық сүйіспеншілікпен жазғандығы үшін де ақынның бұл поэмасы жасырын ұсталып келген.
Қарашы, міне, қандай пікірлер бар:

1-«3аманың түлік болса, тазы боп шал».


2-«Қылышты сұғып байқа өз саныңа,
Өз саның ауырмаса, біреуге сал».
3-«Аспен ат, біреу таспен атса сені».
4-«Мың сіз-бізден бір шыж-мыж артық», – деді.
5-«Өз етігің тар болса дуниенің,
Кеңдігінен көрмессің дәнеңені».
6-«Торғай артық жердегі – қолыңдағы,
Ұшып жүрген тырнадан әуедегі».
7-«Отқа жақ алтын ерің атқа тисе»,
8-«Енбек қыл да, міндет қыл» деген еді.
9-«Талаптан, нұр жауады талапты ерге»,
10-«Көрпеңе шақта аяқты, соза берме».
11-«Басқа тұрсын атың мен астыңдағы,
Қойныңдағы қатынға сенбе, сенбе!»
Күллі дін, бар философ айтқандары,
Осы он бірдің астында түгел бәрі.
Екінші, үшіншіден дәмлі сөзді.
Айтқан жоқ Енжіл менен Құран-дағы.
Төртінші, бесінші де Марксіңнен,
Өмірді ұғынуда кеткен әрі.

Жетпіс жыл бұрын жазылған ақын ойларының бүгінгі күнге қабыспай тұрған жерлері де табылар, бәлкім, бірақ жалпы алғанда, оқушысын ойландырары сөзсіз.


Халық тәрбиесінің тағы бір бастауы – тыйым сөздерде. «Табу» (тыйым) деген үғымды батыс ғылымына енгізген ХVІІІ ғасырдағы ағылшынның теңіз саяхатшысы – Д. Кук. Полинезияның тұрғылықты халқының тіршілігін бақылай отырып, тыйым салынған нәрселердің қай зат, адам, қай сөзге қатысты екенін анықтап, мағынасын зерттеген.
Қазақтың тыйым сөздерінде де халықтық тәрбиенің негізі жинақталған. Мысалы, «Әйел адам ер кісінің жолын кесіп өтпейді», – дейді. Сол арқылы, ер азаматқа отбасының, елінің жауапкершілігін міндеттеп, әйелге азаматын құрметтеуді тапсырады. «Молаға қарай қолыңды шошайтпа», «Бас ұстасаң, әкең өледі», «Төрге қарап жүреңнен отырма, ырысың кетеді» дегендер – жоғарғы күшпен сескенту арқылы еске сақтауға мәжбүр ететін сыпайылық мәдениет. Тыйым сөздердің біразы қыз баланың инабаттылық, ізеттілігін еске салады: «Адамға қарап керілме», «Жатқан кісінің үстінен аттама», «Сыпырғыны жоғары көтерме», «Дастарқаннан аттама», «Жер таянба» т.б. Кейбір тыйым сөздер кенеттен кездесетін қорқудан сақтандырады: «Суға қарай жүгірме», «Түнде суға барма», «Түнде далаға кір жайма».
Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі ең үлкен кемшіліктің біреуі рухани жасықтық болуға тиіс. Рухани жасықтықтың қарама-қарсысы, яғни қазақтың нағыз мінезін жыраулық поэзиядан көре аламыз. Жыраулық поэзия еркін, рухы жоғары ой-санадан туған. Оның жалғасы – айтыстағы ерлік, өзін-өзі асқақтата жырлау. Тоныкөктің, Қазтуғанның өзін мадақтауы мақтаншақтық, ұсақ мінез емес. Халқының тәуелсіздігіне, еркіндігіне арқа сүйеген өр мінезден, іріліктен туған. Бодандық, кедейшілік қазақтың өр мінезін жасытты. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Ерден еркек қалды, көлеңкеңнен үркек қалды». Жалшылық жан дүниесі қалыптасты.
XV-ХVІ ғасырдағы қазақтың асқақ рухы Қазтуғанның «Мадақ жырында» және Еділ жөніндегі толғауында айқын көрінген. Мысалы:

Бұдырайған екі шекелі,


Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті.
Айдаса қойдың көсемі,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені.
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы.
* * *
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы.
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасынан өтіп бұзып дінді ашқан,
Сүйінішұлы Қазтуған!

Халықтық тәрбиенің тағы бір қайнар көзі – орта ғасырда өмір сүрген бабаларымыз жазған әдеби, ғылыми, педагогикалық кітаптарда. «Құтаю білігі», «Гүлстан», «Қабұснама» кітаптарының бетін ашқан әрбір адам бұған тәнті болмақ. ХІ ғасырда жазылған «Қабұснамада» мынадай ұлағатты сездер бар:


«Сені жан-ділімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кім де кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды... сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды».
«Егер де сенің көңіліңде қайғың немесе қуанышың болса, оны сол қайғы мен қуанышқа серік болатын адамға ғана айтуыңа болады. Қайғылы жанға қуанышыңды айтпа. Үмітсіздіктен сақтан, жақсылықтан үмітіңді үзбе, үміт есігін аша біл».
Енді VІІІ ғасырда жазылған Орхон ескерткішіндегі мына жолдардың тәрбиелік мәніне назар аударалық: «Інілі-ағалының дауласқандығынан, бекті-халқының жауласқандығынан түркі халқы елдігін жойды».
Сондай-ақ халықтық тәрбиенің ғылыми тілде жинақталған түрі Мағжан «Педагогикасында» деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет